• Мәдениет
  • 01 Шілде, 2011

Мерекелер шеруі

d185d0b0d0bdd188d0b0d182d18bd180«Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» Астана күніне орай бірнеше мәдени шаралардың болатыны анық. Соның ішінде шілденің 3 – 6-сы аралығында «Хан-Шатыр» СОСО алаңында өтетін «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениетінің фестивалі ерекше қызығушылыққа ие. Астананың 10 жылдығына орай ұйымдастырылған аталмыш фестиваль көпшілік тарапынан қызығушылық туғызып, мереке күндері барша қала тұрғындарының назарын аудартқан еді. Сондықтан аталмыш шараны ұйымдастырушылар бұл фестивальді жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Фестиваль көшпелілер өркениетінің ерекшеліктерін, қала мен дала мәдениеті, кешегі мен бүгінгі қарама-қайшылықтар бірлігін үйлестіруге бағытталған. Бүгінде өз ұлтының өткен тарихын білмейтіндер аз емес. Ал өткен тарихсыз ертеңіміз болуы мүмкін емес. Сондықтан фестивальдің басты мақсаты – көшпенділер тұрмыс-тіршілігін кеңінен көрсету және қазақ халқының терең мәдениетін құрметтеуге шақыру болып табылады. Фестивальде қазақы киіз үйлер тігіліп, алаң ауыл-ауылға бөлінеді. Киіз үйлердің іші көшпенділердің тұрмыстық заттарымен көмкеріледі. Зергерлік, қолданбалы өнер туындылары назарға қойылады және саятшылық пен аңшылық өнердің нышандары да қалыс қалмақ емес. Алаңға жиналған әр адам шын мәнінде өзін көшпенділердің ұрпағы ретінде сезінетін болады. Үш күн, үш түн бойы хан шатыры тәрізді пішінде құрылған сахнада этникалық музыка мен күй кештері өтеді. Сондай-ақ жиналған дүйім жұрт қолданбалы өнер жәрмеңкесін тамашалай алады. Онда еліміздегі айтулы шеберлердің қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, кәдесыйлар мен басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар қойылады. «Опералия – 2011» Осы жылдың 29 маусымы мен 4 шілде аралығы Астанада VI халықаралық «Опералия – 2011» музыкалық фестивалі өтеді. Жоғарғы классика өнерінің «Опералия» фестивалі 2005 жылдан бастап өткізіліп келеді. Аталмыш халықаралық музыкалық фестивальді жыл сайын ҚР Мәдениет министрлігі Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырып келеді. «Опералия» фестивалінің арқасында астана тұрғындары мен қала қонақтары әр жылы Ла Скала, Метрополитен Опера, Вена операсы, Ресейдің үлкен театры, Ковент Гарден корольдік театры, Париждік Гранд Опера, Мариин театры сынды әлемнің үздік театрларындағы балеттің көрнекті солистері мен танымал опера әншілерінің өнерімен танысуға мүмкіндік алды. Аталмыш фестивальге қазіргі заманның көрнекті музыканттары Дмитрий Хворостовский, Роберто Аланья, Фломенко Антонио Гадес театрының әртістері және басқалар қатысқан болатын. «Опералия» музыкалық фестивалі — бұл музыкалық-театральды тұсаукесер рәсімі. Бұлай дейтін себебіміз, 2006 жылы Пуччинидің «Уайым» операсының қойылымы, Л.Минкустың «Дон Кихот» балеті елімізде алғаш сахналанса, 2007 жылы Джузеппе Вердидің «Аида» операсы, Л.Минкустың «Баядерка» балеті астаналық көрермендерімен алғаш қауышты, 2008 жылы Дж. Вердидің «Отелло» операсы, Л.Гертельдің «Түкке тұрғысыз сақтық» балеті қойылды, 2010 жылы А.Серкебаевтың музыкасына құрылған «Астана» мюзиклі көрсетілді. «Опералия» фестивалі жыл өткен сайын көрермендер тарапынан үлкен сұранысқа ие. Фестиваль биыл да тұма өнердің таланттарының басын біріктірмек! 2011 жылы шілденің 2-сі күні «Қазақстан» ОКЗ «Әлемдік балет жұлдыздары» гала-концерті өтеді. Концертке Еуропа театр­ларының көрнекті солистері мен отандық әртістер қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ 3 шілде күні «Қазақстан» ОКЗ «Әлемдік опера жұлдыздарының» гала-концерті өтеді. Концертке итальяндық әнші Сальваторе Личитра (тенор), Амарили Ницца (сопрано) мен қазақстандық опера әншілері қатыспақ. Ал 2011 жылы 4 шілде күні ПМО-да скрипкашы Арман Мырзағалиевтің (АҚШ) қатысуымен Скрипка музыкасының кеші өтеді. С.Қадырбек

2836 рет

көрсетілді

39

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8765

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7061

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4805

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4191

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4153

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4114

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3844

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3844

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы