• Ақпарат
  • 07 Шілде, 2011

Желдің күшеюі – жаз айларына тән құбылыс

Кейінгі кездері Алматы қаласының күн райы күрт бұзылып, қала халқын біраз әбігерге салғаны анық. Жаңбыр аралас бұршақ жауып, кейін қатты жел тұрып, ағаштар құлап, үйдің шатырлары ұшып, айтарлықтай шығын әкелгені де анық. Алматының ауа райының бұлайша ауытқуы неден екенін білмек мақсатта қалалық гидрометерологиялық орталыққа хабарласқан едік.«Таулы аймақта орналасқандықтан Алматыға жауын-шашынның мөлшері көп түсетіні түсінікті, ал қатты желдің тұруына не себеп» екенін сұрағанымызда аталған орталықтың маманы, жетекші инженер Гүлнұр Мусралинова бізге былай жауап берді: – Қазіргі ауа райының құбылысы – жаз мезгіліне тән үдерістер. Бұл кезеңде қысқа мерзімді жауын-шашындардың жиі болуы, жел жылдамдығының жоғарылауы – табиғи құбылыс. Көктемде және маусым айларында Алматы қаласында жауын-шашынның ең жоғары мөлшері байқалады. Нөсерлі жауын-шашындар сәуір айы мен шілде айы аралығына тән. Ол кездегі орташа нөсерлі жауынды күндер 6-8 күнді құрайды, кей кездері 16-19 күнге дейін жетеді. Нөсерлі жауын-шашындар күндізгі уақытта, әсіресе, түстен кейінгі уақытта ғана найзағаймен аралас болады. Сондықтан бақыланған нөсерлі қысқа мерзімді жауындар осы жаз мезгіліне тән болып саналады. Ал Алматы қаласындағы желдің жылдамдығы орташа айлық және жылдық мөлшері 1-ден 2 м/с аралығында болады. Негізгі желдің жылдамдығының күшеюі жаз айларында бақыланады. Жаздық желдің жылдамдығының жоғарылауы циклондардың күшеюіне, рельефке және таулы алқапты айналымына байланысты орын алады. Қатты желдер (15 м/с-тан жоғары) сирек бақыланады, орташа алғанда жылда 15 күн, жазда жыл са­йын 2-3 күн қатты желдер түстен кейінгі уақытта дауылды сипатта болады. Мысалы, Алматы қаласында және Кіші Алматы сайында 15 м/с жоғары жел жылдамдығының өсуі байқалған жайттар бар. – Сонда соңғы уақыттағы желдің күшеюі қалыпты құбылыс па? – 17 мамыр және 27 маусым аралығындағы Алматы қаласының ауа райы – жаз мезгіліне тән жағдай. Бұл құбылыс циклонның өтуіне байланысты болып отыр. Жоғары температура фонында циклонның дамуы және өтуі қарқын алады. Лезде қалада ауа температурасы төмендеп және атмосфералық ауа қысымында айтарлықтай айырмашылық болды. Осы жағдай әсерінен лезде ауа температурасы төмендеді, ауа қысымы көтерілді. Ауа температурасы мен қысымындағы айырмашылықтар найзағайдың күшеюіне әкелді және жел жылдамдығы өсіп, жауын қарқындылығы күшейді. Бұлттылықтың жоғарғы қабаттарында кристалды су тамшылары пайда болып, жер бетіне бұршақ болып түсті. Міне, осындай синоптикалық процестердің болуына байланысты ауа райы бірқалыпты болмайды. –Кей ақпарат көздері мұндай ауа райы алдағы аптада қайталануы мүмкін деген ақпарат таратуда. Бұл қаншалықты рас? – Алдағы аптада ауа райы өзгеріссіз. Жауын-шашынсыз өтеді деп болжануда. Ауа температурасы 30-370С аралығында болмақ. Жел жылдамдығы – 0-5 м/с, облыста 9-14 м/с аралығында болады деп болжап отырмыз. Д.ІЗТІЛЕУ

3435 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9134

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7272

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5012

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4396

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4360

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4321

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4055

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4048

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы