• Мәдениет
  • 13 Шілде, 2011

Суретшілер насихатталмай жүр...

d0b0d0bbd0bcd0b0d181-1Алмас Мұстафаев, «Ғаламарт» халықаралық шығармашыл қазақ жастары орталығының жетекшісі:

– Суретшілердің қоғамдағы рөлі туралы не айтасыз? Қазіргі кезде мемлекет та­рапынан қолдау бар ма? – Шынын айту керек, мемлекет тарапынан қолдау өте аз. Бар-жоғы жас суретшілерге арналған бағдарламалар ғана. Жыл сайын «Орбат» фестивалі болып тұрады. Сонымен қатар Суретшілер одағы, Қазақстан жастар одағы бар. Бірақ оларда қаржы жоқ. Жоғары жақтан «суретші» деген қауымға көмек жоқтың қасы деуге болады. Болғанның өзінде де жыртығыңды жамауға жетпейді. Суретшілерімізді халық танымайды. Мысалы, бір суретшіміз шет мемлекетте демей-ақ қояйын, өз елімізде белгілі бір байқауға қатысып, марапатқа ие болса, ол туралы бірде-бір БАҚ өкілдері жазбайды. Насихаттау жетіспейді. – Шығармашылығыңызда қандай жаңа­лықтар бар? – Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы, өнертанушы Байтұрсын Өмірбеков мырзаның қолдауымен, мүсінші Мырзабек Мұратбаевпен бірігіп, «Ғаламарт» халықаралық шығармашыл қазақ жастарының интернет орталығын құрып жатырмыз. Бұйыртса, қыркүйек айында ашылу салтанаты болады. Шығармашыл жастардың қауымдастығын құрмақшымыз. Бұл орталық қазіргі қазақ жастарының шығармашылық жолға еркін енуіне, өзін қызықтырған саламен жүруіне жол ашады. Ұлттық дәстүрлі қолөнерді шығармашылық биік деңгейге көтеру, қазақ жастарының шығармашылығын халықаралық шараларға қатыстыру мен жастардың бастамаларына қолдау көрсету. Біз құрып отырған бұл орталық жұмысы – тең құқықтылық пен еркіндік. Шығармашылық ақпарат алмасу болып табылады. Қазіргі таңда бірден-бір қолдаушым да, сүйенішім де – Байтұрсын Өмірбеков ағамыз. Болашақта клуб мүшелері бас қосып тұру үшін, Суретшілер одағынан орталық пен шеберхана бермекші. – Орталықтың құрылуына не себеп болды? – Тарих толқынында әртүрлі себептермен тарихи Отанынан жырақта тұруға мәжбүр болған қандастарымыздың бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізге қосқан үлесі де аз емес. Ұлттық мәдениетін көзінің қарашығындай сақтаған бауырларымыздың мүддесі үшін жұмыс жасайтын ұйымдардың саны саусақпен санарлық. Қолданбалы қазақ қолөнерін, ұлттық мәдениетті шетелдегі қазақтар жақсы сақтап қалған. Орталықтың құрылуына себепкер болған тағы бір мәселе елімізге шетелдерден келіп, оқып жатқан талантты қандастарымыз көп. Бірақ олардың шетелге шығып өз өнерлерін көрсетуге төлқұжаттың дұрыс болмауы себебінен түрлі кедергілер алдын тосып отыр. Бұл жастар шығармашылығының дамымай қалуына айтар бір ғана себеп. Ал, жастар шығармашылығына жүйелі түрде қолдау білдіретін Республикалық қорлардың өзіне демеу іздеп жүрген адамды таба алмай жататыны да бар. Бұл ақпарат алмастыратын белгілі ұйымдардың болмауынан деуге болады. Осы тұрғыда Қазақстан суретшілер одағының жанынан ұйымдастырылып отырған қазіргі қазақ жастарының шығармашылық мәселелерімен айналысатын орталық ЖОО – нан игерген білімін кәсіби шығармашылыққа ұштастыруды көздейтін, шығармашылық жолды таңдаған, магистранттар мен докторанттардың халықаралық іс шараларға белсенді түрде араласа алуына мумкіндік береді. – «Ғаламарт» халықаралық шығармашыл қазақ жастары орталығының мақсаты мен міндетін кеңінен тарқатсаңыз? – Қазақ жастарының шығармашылық жолға ерте араласуына мүмкіндік жасай отырып, олардың шығармашылығын жандандырып, жеке көрмелерін ұйымдастыру. Қазақтың дәстүрлі қолөнерін биік деңгейге шығару. Осыған орай әлемдегі жаңашыл шығармашыл жастардың арасында өзара кәсіби шығармашылық қарым-қатынас орнатуына ықпал ете отырып, жастарымызда ұлттық рухты ояту. Сонымен қатар олардың кәсібилігін көтеруге қатысты бастамаларына қолдау көрсету және дәстүрлі материалдармен синтез жасау, оларды тәжірибеде қолдануды үйрету. Ал басты міндетіміз – қазақ жастарының білім философиясы, шығармашылықтың ғылыми-теориялық, тәжірибесі жайындағы білімдерін кеңейту. Жалпы, әлемдегі шығармашылық жолдағы қазақ жастарының бір-бірімен етене байланысын орнату, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектесу, тәжірибеден өткізу. Олардың шығармашылығын тексеріп қана қоймай, жеке шығармашылықтарын кеңінен насихаттауға мүмкіндік туғызу. – Қандай нәтиже болады деп ойлайсыз? – Қазақ жастарының бейнелеу өне­ріндегі, этнофольклордағы, поэзиядағы шығармашылық шеберлігін әлемдік деңгейге көтеру. Шығармашылық дамудың нәтижесі: жаңа зерттеулер, жаңа байланыстар жасау, жаңа шығармашылық бағыттар, әдіс-тәсілдер, жоғары оқу орыны мен одан кейінгі білім басқыштарындағы білімгерлердің шығармашылық деңгей­лерін арттыру, бүгінгі шығармашылық жаңа­лықтарды жариялау, технологияларын жетілдіру, дәстүрлі қазақ қолөнерін жоғары деңгейге көтеру. Сонымен қатар әлемдегі шығармашылық жолында жүрген адамдардың бір-бірімен болған байланысын күшейту. Жұмыстарды кеңінен насихаттау. Республикалық, шетелдік, халықаралық газет-журналдарда жариялау, шығармашылық жаңашылдықты табу. – Әңгімеңізге көп рахмет! Кәусар Лескенқызы

3636 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9153

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7283

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5023

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4407

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4372

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4332

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4067

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4059

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы