• Қоғам
  • 13 Шілде, 2011

Бірлік – береке бастауы

Елімізде ұлтаралық, дінаралық татулықты сақтап, нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып саналатыны белгілі. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясында атап көрсеткендей, Тәуелсіздіктің 20 жылдық тарихы – тұрақтылықтың, Қазақстан халқының достығы мен келісімінің тарихы болмақ. Сол себепті еліміздің әр аймағында ұлтаралық және дінаралық татулықты, өзара сыйластықты сақтау, жалпыұлттық бірлігімізді нығайту жұмыстарды жүзеге асуы тиіс. Осы орайда, еліміздегі этно-мәдени бірлестіктер мемлекеттік органдар тарапынан ұйымдастырылатын шараларға белсене араласып, ұлтаралық келісім және өзара достық негізінде жұмыс атқаруда. Қазіргі кезде Қызылорда облысында оннан астам этно-мәдени бірлестіктер бар.Статистикалық мәліметтер негізінде айтсақ, облыс халқының саны 678,7 мың болса, оның 95,3 пайызын қазақ ұлты, ал 2,3 пайызын орыс ұлты құрайды. Облыс аумағында бұдан басқа өзбек, кәріс, дүнген, шешен, неміс, тәжік, поляк, қырғыз, белорус, украин, т.б ұлт өкілдері тату-тәтті тіршілік етуде. Облыста этно-мәдени бірлестіктердің жұмысын дамыту, жетілдіру және аймақтағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайту жақсы жолға қойылып келеді. Қызылорда облыстық татар этно-мәдени бірлестігінің төрайымы – Ғалия Ғизатуллина өзі басқарып отырған этно-мәдени орталықтың жұмысы жайлы былай дейді: «Қазіргі кезде Қызылорда облысында шамамен мыңнан астам татар тұрады. 1991 жылғы 24 қаңтарда алғаш рет Қызылордада татар этно-мәдени бірлестігі тіркелді. Қазір біздің бірлестікке жиырма жыл толып отыр. Бірлестіктің ұйымдастыруымен 2005 жылдан бастап жыл сайын облыс орталығында «Сабантой» мерекесі аталып өтіледі. Кезінде Татар Республикасының бұрынғы президенті М.Шаймиев бұл той жайлы «Сабантой – бұл татар халқы мұрасының нағыз маржаны, татар халқының рухани күші, мәдениетінің ерекше сарқылмас бұлағы, бұл ептілік пен ұшқырлықтың, күш пен ойдың сайысы. Болашақта сабантой әлемге танылып, бүкіл әлемдік мирас қорында өзінің алтын ізін қалдыратынына кәміл сенемін» деген болатын. Бұл мереке біздің облысымызды мекендеген барлық этностардың ықыласпен қатысатын мерекесіне айналды. Біздің орталыққа жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Татар этномәдени бірлестігі Қызылорданың тарихи орындарының бірі – А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде орналасқан. Кабинетіміз жұмысқа қажетті барлық техникалық жабықтармен қамтамасыз етілген». Ал Қызылорда облыстық қырғыз этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Сақтапберген Жұбатханов болса Елбасының ел бірлігін нығайтуда салиқалы да сарабдал саясаты ұлтаралық достықтың, ынтымақтастықтың кепілі болып отыр дейді. Оның айтуынша, аймақтағы этно-мәдени орталықтар еліміздегі модернизациялау, инновациялық индустрияландыру бағдарламаларына барынша белсенді атсалысуы керек. Мәселен, 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне облыста жылсайын этно-мәдени бірлестіктер өздерінің қолөнер, ұлттық тағамдар көрмелерін дайындап, концерттік бағдарламалар көрсетіп, ұлтаралық татулықты насихаттауда. Расында Сыр өңірінде Елбасы­мыздың стратегиясында көзделген мақсаттардың жүзеге асуы, саяси тұрақтылық пен ұлттық келісімнің, достық пен туысқандық қарым-қатынастың берік орнығуы – осы уақытқа дейінгі бірлесе атқарған іс-шаралар мен жұмыстарымыздың нәтижесі. Осы орайда, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Сыр өңіріндегі әртүрлі ұлттарды топтастыруда ерекше рөл атқаруда. Ассамблея мен облыстағы этномәдени бірлестіктер ұлттық салт-дәстүрлердің, тілдердің сақталуына, этносаралық қатынастарды үйлестіруге, рухани-мәдени байланыстарды дамытуға өзіндік үлестерін қосып келеді. Бұл да болса еліміздегі ұлттар достығының, бауырмалдығының жарқын көрінісі болып табылады. Т.Жолдасұлы Қызылорда облысы

5216 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6285

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5749

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3489

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2871

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2833

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2812

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2542

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2527

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы