• Қоғам
  • 28 Шілде, 2011

Жарқын болашақтың бағдарламасы

Бүгінгі таңда еліміздің алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық. Елімізде жұмыссыз адамдар саны 2008 жылы 559 мың болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 6,9-5,5 пайызға көтерілді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 16,5 пайызды құрап отыр. Жасыратыны жоқ, бұл көрсеткіштің көбісі – тапқандары өздерінен арылмайтын ауыл тұрғындары мен зейнеткерлер. Ал елімізде өзін-өзі жұмыспен қамти алмай отырғандардың саны да едәуір өсіп отыр. Елімізде күннен-күнге көбейіп келе жатқан жұмыссыз адамдардың санын қалайша азайтуға болады? Міне, осындай сауалдарға жауап іздеп, түйткілді түйіндерді шешетін жаңа бағдарлама өмірге келіп, өз жұмысын бастап та кетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеген болатын. Осы тұрғыда, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу – Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Елбасының тікелей тапсырмасымен маңызды құжатта жүктелген міндеттер негізінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы қабылданған болатын. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: «Осы бағдарлама арқылы халықты лайықты еңбек орнымен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі. Осы арқылы адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шартын құру, қоғамдық байлықты арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға тиіспіз», – деп атап көрсеткен еді. Аталмыш стратегиялық бағдарлама алдағы он жылдың ішінде бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылмақ. «Бағдарламаның мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықты табысты экономикалық еңбекке тарту, индус­трияландыру бағдарламасын іске асыру жолында кадрлық әлеуетті арттыруға негізделген», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова. Оның айтуын­ша, бағдарлама бірінші кезекте тұрғылықты жері бойынша дайындықтан өткізуге, еңбекпен қамтуға, сондай-ақ азаматтың жеке ісін ұйымдастыруға қолдау көрсетуге арналған. Мұнымен қоса, бағдарламаның екінші бағытында негізгі басымдық жеке өз ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға арналмақ. Осы орайда кеңес беру қызметтері, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, шағын несиелер беру, инфрақұрылымды дамыту секілді қолдау түрлері қамтылмақ. Г. Әбдіхалықова «Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі тетігі ретінде шағын несиелер қамтамасыз етіледі» деп атап көрсетті. Атап айтқанда, шағын несиелер қайтарымды негізде 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі, ал оның көлемі 3 млн. теңгеден аспайды. Сонымен, аталған жаңа стратегиялық бағдарлама – елімізде жұмыссыздықты азайтудың тиімді тетігіне айналғалы отыр. Ендеше, іске сәт дейміз! Бағдат БЕРЖАНОВ Астана

3151 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6379

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5803

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3544

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2926

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2887

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2866

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2596

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2581

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы