• Қоғам
  • 28 Шілде, 2011

Дін мәселесінде сергектік керек

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Бұл басқосуда дін саласындағы тұрақтылықты нығайту мәселесі талқыланды. Жиында Елбасы тәуелсіздік жылдарында ел бірлігінің, ұлтаралық және дінаралық келісімнің, саяси тұрақтылықтың арқасында экономикамыз қарыштап дамып, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі түзеліп, азаматтардың өмір сүру деңгейі артқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде еліміздің экономикасы бірінші жартыжылдықтың өзінде өсім 7,1 пайызға өскенін атап өтті. Сондай-ақ Елбасы еліміздің дін ұстану еркіндігін жариялаған зайырлы мемлекет болып табылатынын, бірақ бұл жайт билік органдарының дін саласындағы қарым-қатынастарды реттеуден шеттетілу мүмкіндігін білдірмейтіндігін атап өтті. Елбасы мемлекетімізде діни экстремистік идеология элементтерін таратуға негізделген шаралардың алдын алу керектігіне айрықша мән берді. Мәселен, Ата Заңымызды күштеп өзгерту-ге, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруге бағытталған ашық акциялар елімізде жүзеге аспауы тиіс. Осыған байланысты Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары мен өзге мемлекеттік органдарға діни экстремистік бағыттағы жайттарды ашу және тез арада әрекет ету жөнінде тапсырма берді. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері тәрбиелік және профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, діни бірлестіктердің қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтауын қадағалаулары қажет. Қазіргі кезде елімізде конфессиялардың саны 50-ден асып, діни қауымдастықтардың жалпы саны 4000-ға дейін өскен. Олардың арасындағы алауыздыққа жол бермей, дінаралық, ұлтаралық татулықты сақтау үшін ҚР Дін істері агенттігінің алдында маңызды міндеттер тұр. Мәселен, мемлекеттік құрылым жалпақ әлемді алаңдатқан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жұмыс істейтін болады. Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы мәселені баса айтты. Ал ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифтың айтуынша, жаңадан құрылған ҚР Дін істері агенттігі азаматтардың діни сенім бостандығына деген құқығын қамтамасыз ету саласындағы дін саясатын түсіндіру жұмыстарын жүргізумен, діни бірлестіктер жөніндегі заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеумен айналысатын болады. Сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу шараларынан бөлек, қоғамымыздағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін, рухани ағартушылыққа бағытталған іс-шараларды өткізуді жоспарлауда. С.Қадырбек

2704 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6317

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5767

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3507

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2889

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2851

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2830

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2560

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2545

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы