• Қоғам
  • 22 Желтоқсан, 2011

Қуатты экономика – табысты ел

d181d0b0d0bcd183d180d18bd0ba Елдің экономикасына серпін беріп, қуаттандыратын басты күш – біздің отандық компанияларымыз. Қазақстанның экономикасы күн сайын дамып, әлемдік биіктерден көріне бастауы да еліміздегі экономикалық саясаттың дұрыс бағытта жылжып келе жатқандығының айқын дәлелі. Осы орайда отандық ұлттық компанияларымыз, кәсіпорындар мен холдингтер, орта және шағын бизнес өкілдері де өздерінің сүбелі үлестерін қосу үстінде. Ел Тәуелсізідігінің 20 жылдығына орай, мемлекетіміздің инновациялық-индустриалдық дамуының көрінісі ретінде бірнеше маңызды нысан ашылды. Атап айтар болсақ, Астанадағы жолаушы вагондарын шығаратын тұңғыш зауыт «Тұлпар-Тальго», «Жетіген-Қорғас» жаңа теміржол желісі, «Мойнақ» су электр стансасы, «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жобасы. Бұл ірі жобалар еліміздің 20 жылдығына арналған тамаша тарту болды.Инновациялық нысандар халық­тың әл-ауқатын көтеруге, жұмыспен қамтамасыз етуге жұмыс істейтін болады. Аталған жобалар «Самұ­рық-Қазына» әл-ауқат қоры мен оның еншілес кәсіпорындарының қолдауымен жүзеге асырылған. Себебі ірі көлемдегі қаржыны талап ететін, заманауи талаптарға толық­тай жауап беретін нысандардың бой көтеруіне демеуші болған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, қор басшылығының елеулі еңбегінің нәтижесінде елімізге, халқымызға пайда әкелетін жобалар өз уақытында, мемлекетіміздің туған күніне тарту етілген болатын. Қаржылық демеушілік жағына көңіл бөліп, қолдау білдірген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – республика аумағында өзінің іргелі әрі нәтижелі істерімен іскерліктерін дәлелдеген компаниялардың бі­регейі. Ұлттық әл-ауқат қорының тікелей қолдауымен және бастамасымен жүзеге асқан ірі жобалардың тұсаукесері еліміздің әр өңірінде орын алды. Олардың барлығын телекөпір арқылы ашып, құттықтап сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердің экономикалық жетістіктері мен ашылғалы отырған жобалардың мән-маңызын айтып отырды. Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына енген бұл жобалар дер кезінде іске қосылып, ел экономикасының игілігіне қызмет ететіні сөзсіз. Енді сол жобалардың бірнешеуіне жеке-жеке тоқталып өтсек. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан теміржолы» компаниясы жүзеге асыр­ған ірі нысанды, яғни Астанада­ғы жолаушы вагондарын шығару­мен айна­лысатын еліміздегі бірінші за­уыт – «Тұлпар-Тальго» зауытында болып, жұмыс қарқынымен, алға қойған мақсаттарымен таныс­ты. «ҚТЖ ҰК» АҚ басшысы Асқар Мамин Президентке зауыттың алдағы жұ­мысы туралы, өнімділік көрсеткі­ші жайында баяндап берді. Елбасы өз сөзінде: «Еліміз үшін Индустриал­дық бағдарламаны жүзеге асыру таяу жылдары басым міндет болып қалады. «Тұлпар-Тальго» зауыты – Тәуелсіздік мерекесіне керемет тарту. 2015 жылға қарай жергілікті өнім бүкіл елімізде қолданылады. Біздегі көлік жүйесі қызметінің тиміділігі артады», – деп атап өтті. Испан әріптестерімен бірлесе отырып іске қосылған жаңа зауыттың жылына 150 вагон шығаратын мүмкіндігі бар. Жоба жалпы құны 8,8 млрд теңгені құрап отыр. Зауытта 10, 12, 18 орындық вагондарға қоса, мүгедектерге арналған алты орындық вагонның да шығарылуы көзделіп отырғанын атап өткеніміз абзал. Шығарылатын вагондардың орташа құны 780 мың евроның шамасында болады деп күтілуде. Бір ерекшелігі, бұл шығарылатын вагондар еліміздің ауа райы ерекшелігіне сай жасалады екен. Сонымен қатар пойыздардың жүріс жылдамдығы сағатына 350 шақырымға жетпек. Вагодардың әлемдік стандарттар мен талаптарға сай болуы үшін испан мамандары бақылау жүргізіп отыратын болады. «Тұлпар-Тальго» зауытының қызметкерлері арнайы дайындық­тан өтіп, Испания елінде білімде­рін тереңдеткен. Бұл жұмыстың оңтайлы болуына ықпалын тигізері анық. Осы жобаның іске қосылуы еліміздің жолаушы тасымалдау жүйесіне біршама серпін әкелері сөзсіз. Кең-байтақ қазақ даласында ұшқан құстай жүйткитін пойыздар өз жолаушыларын діттеген жеріне дейін уақтылы жеткізіп отыратын болады. Бұл, бір жағынан, уақыт тапшылығының орнын толтырса, екіншіден, жолаушыларымыздың ыңғайлы әрі сенімді пойыздардың қызметтерін пайдалануларына жол ашады. Телекөпір ұйымдастырылған күні тағы да бірнеше маңызды нысандардың ашылғанын жоғарыда сөз еттік. Солардың бірі – «Қорғас» халықаралық шекара» жобасы. Шекара мәселесі – кез келген елде маңызды экономикалық мүдделердің тоғысқан тұсы. Шекара арқылы сан мыңдаған тауар айналымдары жүзе­ге асырылып, сауда-саттық жұмыстары қыза түседі. «Қорғас» халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығының еліміздің экономикасы үшін маңызы зор. Бұл орталық еліміздің әлемдік көлік жүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етіп, Азия және Еуропа арасындағы жаңа көлік байланыстарына жол ашады. Сондай-ақ Тәуелсіздік мереке­сі қарсаңында ашылған ірі жоба­лардың бірі – «Мойнақ» ГЭС-і. Ол ТМД елдері арасында тұңғыш жоғары қысымды гидроэлектрстансасы болып табылады. Жоғары технологиялық деривациялық туннельді пайдаланудың арқасында судың шығатын жерінде қатты ағыс пайда болады. Нәтижесінде бір МВт өндіруге жұмсалатын су шығыны секундына бір текше метрдің ширек бөлігін (0,25) ғана құрайды. «Мойнақ» ГЭС-і еліміздің оңтүстік өңірін электр қуатымен толықтай қамтамасыз ететін болады. Елбасы: «Мойнақ ГЭС-і – асыға күткен нысан. Бәріміз де оңтүстіктегі электр қуаты тапшылығынан хабардармыз. ГЭС енді осы қажеттілікті өтей алады», – деп оған оң баға берді. Астанамен бейнебайланыс барысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма директоры Есберген Әбітаев Елбасыға құрылыстың аяқталғаны жөнінде хабарлады. Бұлармен қатар пайдалануға берілген «Өзен-Түрікменстан» жобасы да Елбасының тапсырмасымен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының демеушілігімен іске асырылды. Іске қосылған теміржол тармағы Қазақстанды әлемнің теңіз айлақтарына апаратын, Парсы шығанағымен бай­ланыстыратын жаңа жол болмақ. Келесі жылдың алғаш­қы тоқсанында жолдың түрікмен және иран бөлігі де іске қосылады деп күтілуде. Жоба Батыс Қазақстан экономикасын дамытуға тың серпін береді. «ҚТЖ ҰК» АҚ вице-президенті Ермек Қизатовтың айтуынша, бұл желі өте қысқа мерзімде салынды. Жол құрылысы барысында 800-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ «Қазақстан теміржолы» ҰК құрылыс бойынша тапсырыстың 80 пайызын ел ішінде орындады. 2000-нан астам құрылысшы 146 шақырым жолды төсеп, жеті жаңа станса мен разъезд, 68 «жасанды» ғимарат, төрт көпір салынды. Желі толығымен электр қуатымен, талшықты-оптикалық байланыс­пен қамтылған. Бұл пойыздарды өткізгенде қауіпсіздік ережесін сақтауға жәрдемдеседі. Жылдық жүк тасымалы 8-10 млн тонна деп күтілуде. Жоба құны – 61,7 млрд теңге. Осылайша, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры­ның еліміздегі жүргізіліп отырған индустриалды-инно­вациялық саясаттың дамуына үлес қосып отырғаны, бірнеше ірі жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсеткені қарқынды дамып келе жатқан экономикамыздың бірі көрінісі іспетті. Қор басшылығының алға қойып отырған мақсаттары мен міндеттері бұдан да зор. Алдағы уақытта көптеген ірі жобалардың іске қосыла беретініне сеніммен қараймыз. Дәуіржан Төлебаев

3391 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6287

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5750

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3490

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2872

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2834

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2813

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2543

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2528

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы