• Ақпарат
  • 04 Қаңтар, 2012

Күрделі мәселенің күрмеуі шешілмек

d0b6d0b0d0bdd0b0d0bed0b7 Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып, Ақтау қаласында облыс активімен, зиялы қауым өкілдерімен, мұнай компанияларындағы еңбек ұжымдары өкілдерімен кездесті. Алқалы жиында Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзенде орын алған жағдайға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар Елбасы Жаңаөзен қаласына арнайы барып, ондағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.Елбасы Ақтау қаласында өткен жиында Жаңаөзен қаласында алдағы уақытта істелетін бірқатар шараларды сөз етті. Расында, қаланы қалпына келтіру, оның тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың жұмыс істеуін жолға қою, сонымен қоса, жұмыстан шығарылған еңбеккерлерді жұмысқа орналастыру қазіргі таңда кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. Осыған орай, Елбасы Жаңаөзенге қатысты барлық шараның қабылданатынын және Қазақстан заңнамаларының барлық талаптарын бұлжытпай орындау қажеттігін атап көрсетті. Облыстық мәслихат депутаттарының келісімімен Президент облыс әкімінің лауа­зымына Бауыржан Мұхаметжановты та­ғайындады. Сондай-ақ, «Қазмұнайгаз» ұлттық ком­паниясының басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі етіп Ләззат Қиыновты және «Қазмұнайгаздың» Барлау-Өндіру» еншілес компаниясының басқарма төрағасына Алик Айдарбаевты бекітетінін мәлім етті. Елбасы облыстың бұған дейін болған әкімі Қырымбек Көшербаевқа жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, соңғы жылдары аймақтың үлкен экономикалық табысқа жеткенін атап өтті. Расында, жерінің асты – байлыққа, үсті берекеге толы Маңғыстау облысы Елбасының экономика өсімін тұрақты қамтамасыз ету бағытындағы тапсырмаларына сай жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, инфрақұрылымды жаңарта дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік саланы нығайту секілді маңызды салаларда табыстарға жетті. Өткен жылғы рейтинг бойынша облыстың республика аймақтары арасында әлеуметтік-даму қарқыны бойынша – 1-орынға, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алдыңғы лекте болуы облыстың қарқынды дамуының айғағы. Бұдан бес жыл бұрын облыста 375 мың тұрғын болса, қазіргі таңда ол сан 550 мыңнан астам адамға жетіп, осы уақыт ішінде 1,5 есеге артты және облыс халық санының өсімі еліміз бойынша Астана қаласынан кейінгі 2-орынға тұрақтаған. Еліміздің Индустрияландыру картасына Маңғыстау облысы айрықша маңызы бар 31 жобасын енгізсе, оның 8-і – республикалық, 23-і – аймақтық индустрияландыру картасының үлесінде. Жылдың алғашқы жартыжылдығында жалпы сметалық құны 11,5 млрд. теңге тұратын және 1000 жұмыс орны бар «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз» серіктестігінің теңіз металл конструкцияларын өндіретін өнеркәсіп кешені­нің құрылысы аяқталды. Екінші жартыжыл­дық­та жоспарланған жалпы сметалық құны 73,5 млрд. теңге тұратын, екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны бар 9 нысанның барлығы да іске қосылуда. 2011 жылдың 10 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 1,7 триллион теңгені, негізгі капиталдың инвестициясы 274,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 92,6 пайызға артты. Облыстың ауылшаруашылық өнімдері –5,1 млрд. теңгені, ішкі сауда айналымы 9 айда 6,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың тұстас уақытымен салыстыр­ғанда 123,9 пайызға артық. Қазақстан таңдаған нарықтық экономиканың негізгі сипаты шағын және орта кәсіпкерлік саласы үстіміздегі жылдың 10 айында облыста 336,6 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті. Елбасы осынау облыс бойынша атқарылған жұмыстарға өзінің жоғары бағасын беріп, алдағы уақытта жүзеге асуы тиіс шараларды атап өтті. Қазіргі уақытта ел Үкіметі Жаңаөзендегі тәр­тіпсіздіктердің салдарын жою және қаланы қалпына келтіру бойынша арнайы шаралар жос­парын бекітті. Осы мақсатқа Үкімет тарапынан 3 млрд. теңгеден астам сома бөлініп отыр. Жеке­меншік иелерінің зардап шеккен нысандарын қалпына келтіру үшін бюджеттен тыс қаражат тарту да қарастырылған. Елбасының тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы Үкіметтік комиссияның Маңғыстау облысында болып, тұрғындармен кездесу өткізгені, жағдайды сол жерде жан-жақты тексергені мәлім. Облыс активімен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, Жаңаөзендегі оқиға түгелдей тексеріліп, келеңсіздікті ұйымдастырушылардың, оны жүзеге асырушылардың кім екені түгел анық­талып, кінәлілер жауапқа тартылатын болады. – Үкімет, «Самұрық-Қазына» қоры, «ҚазМұнайГаз» компаниясы менің еңбек дауын дер кезінде шешу жөніндегі тапсырмамды орындамады. Өкінішке қарай, олар бұл мәселені шешуде дәрменсіздік танытты. Ұлттық компания мен оның еншілес құрылымдарының басшылы­ғында көптеген кездейсоқ адам болған. Осының барлығы менеджмент тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырды. Сондықтан мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жаңа басшылығына Ләззат Қиыновты, ал «ҚазМұнайГаз» БӨ» компаниясының басшылығына Алик Айдарбаевты тағайындаймын, – деді Президент. Елбасы зардап шеккендерге көмек көрсетіп, жұмысшылардың талаптары мен уәждерінің байыбына бару керектігін, еңбек дауларының барлығы заң аясында шешілуі тиіс екенін атап айтты. Президент Үкіметке өкілетті үкіметтік құрылымдардың, «ҚазМұнайГаз» ком­па­ния­сының аталған жағдайдағы іс-қимылын жан-жақты тексеріп, кінәлілерді жазалау, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқару жүйесін реформалау бойынша нақты ұсыныстар беруді тапсырды. Ақтаудағы жиын қорытындысы бойынша ендігі кезекте өкілетті мемлекеттік органдар қысқа мерзім ішінде Жаңаөзен қаласындағы жағдайды қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет. Нұрсұлтан Назарбаев Ақтаудағы кездесуден кейін Жаңаөзенге ат басын бұрды. Мұнда Елбасы Жаңаөзен қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Елбасы тәртіпсіздіктер кезінде қирап-бүлінген нысандарды аралап, мұнай ұйымдары еңбек ұжымдары­ның өкілдерімен, қала тұрғындарымен және тәртіп сақшыларымен кездесті. Жиналған халық­пен жүздесіп, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдады. Қаза болғандардың отбасы, туыс-туғандарына көңіл айтты. Елге басу айтып, сабырға шақырды. Кездесуде Елбасы мемлекетіміздің басты құндылығы – тәуелсіздік, бейбітшілік және келісім екенін атады. – Жиырма жыл бұрын, халқымыздың тарихында біз тұңғыш рет Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Біз осы қасиетті құндылықты бағалай білуге тиістіміз. Егер бізде бейбітшілік пен бітім орнаса, онда біздің балаларымыз да бақытты болады, – деп атап өтті Президент. Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жаңа басшысы Л.Қиынов сөз сөйлеп, жұмыстан босатылған қызметкерлерді еңбекке орналастыру және басқа да әлеуметтік мә­селелердің алдағы уақытта шешімін табаты­нын айтты. Ал «ҚазМұнайГаз» БӨ» компаниясының басшысы А.Айдарбаев болса, Елбасының бар­лық тапсырмаларының ең қысқа мерзімде орын­далатынын атап көрсетті. – Нұрсұлтан Әбішұлы, тарихи Отанына оралған біздің отандастарымызға Сіз жеке қолдау көрсетіп келесіз. Біз Сізге, Сіздің еңбегіңізге, осы сәтте қолдау көрсетіп және проблемаларды шешу үшін келгеніңізге ризамыз, – деді «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша келген отандастардың қалалық бірлестігінің төрағасы С.Мұқашев. Ал Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Табылды Әміров болса: «Сіздің айтқан әр тапсырмаңыз бәрімізге де байланысты, сондықтан өзіңіз айтқан елдің бірлігі мен тірлігі үшін бәріміз атсалысамыз», – деді. Елбасы Үкіметке Жаңаөзен қаласындағы қираған нысандарды жедел қалпына келтіру үшін барлық ұйымдастыру, қаржы мәселелерін шешуді және қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың қалыпты жұмыс істеуін шешуді тапсырды. Тарқатып айтсақ, Үкімет, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрылымдық бөлім­шелеріне заңды тұлға мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдауы керек. Себебі осы арқылы еңбек ұжымдарының әлеуметтік мәселелерін шұғыл түрде шешіп отыруға болады. Ал Өмірзақ Шөкеев жетекшілік ететін Үкіметтік комиссияға екі апта ішінде «Өзенмұнайгаз» ком­паниясының қызметкерлері мен Жаңаөзен қаласы тұрғындарының наразылығын тудырған барлық себептерді анықтап, оларды жою жөнінен ұсыныстар түсіруі керек. Сондай-ақ Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу жөнінен барлық қажетті шараларды қабылдап, жаппай тәртіпсіздік тудырушыларды анықтау және іздеу жөніндегі жұмыстарды күшейтулері қажет. Тергеу барысы ашық және жария түрде жүруге тиіс. Оған Маңғыстау облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев бастаған қоғамдық комиссия тартылатын болды. – Қазақстан халқының бірлігінің, бірізді жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясаттың арқасында бізде Жаңаөзендегі қалыпты өмірді қалпына келтіру жөніндегі бүкіл қажетті жұмыстарды барынша қысқа мерзімде атқарып шығуға барлық мүмкіндіктер бар. Осыған орай барлық мемлекеттік органдарға бірлескен және өзара үйлестірілген жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырамын. Барлық жұмыс шапшаң, барынша қысқа мерзімде атқарылуға тиіс. Тергеу барысын мен жеке бақылауымда ұстайтын боламын, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев жұмыссыз қалған жаңаөзендіктердің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ашылған кәсіпорындардың бірінде жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар екенін атап көрсетті, яғни еліміздің барлық аймақтарында ашылып жатқан алып өндіріс орындарынан жұмыс ұсынылады. Оны қабыл алғандардың көшіп барып, қалыпты тіршілік етуіне көмек жасалады. Ал басқа салаға бет бұрғысы келгендерге де екінші мамандыққа оқуға жағдай жасалады. Оған мем­лекеттің тарапынан ақша бөлінеді. Сондай-ақ өңірде жаңа өндіріс орындары ашылатын болып шешілді. Оның ішінде бұрғылау компаниясы да бар. Жұмыстан шығып қалған азаматтар осы өндіріс орындарына жұмысқа тұра алады. Қазіргі уақытта қаланы қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін зақымданған бүкіл полиция бекеттері, келесі жылдың наурызына дейін жергілікті әкімдік сияқты маңызды нысандар пайдалануға беріледі. Ал коммерциялық ғимараттардың құрылысына қоғамдық қордан қаржы қарастырылады. Қолды болған жекенің тауарларын қайтадан қалпына келтіру үшін Даму қоры жеңілдетілген пайызбен кәсіпкерлерге несие ұсынатын болады. Осылайша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзендегі орын алған жағдайды толықтай шешуге келгендігін кездесуде баса айтты. Өз кезегінде Жаңаөзен жұртшылығы Елбасының арнайы келіп, халықпен жүздеске­ніне, әлеуметтік мәселелерді шешуді жан-жақты қолға алғанына ризашылығын білдірді. Жиынды соңында Елбасы елдің тыныштығы, тұрақтылығы мәселесі қашанда өзекті екенін, сырт көздердің сынай қарайтынын, барды бағалай білуге, жоқты жасауға ұмтылуға үндеді. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ұлы Абайдың нақыл сөзін тілге тиек етіп, елді бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақырды. Бектұр Төлеуғалиев, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Маңғыстау облысындағы өкілі, Сұлтан Қадырбек

2609 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8980

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7179

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4920

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4305

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4271

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4229

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3961

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3959

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы