• Қоғам
  • 06 Қаңтар, 2012

Жаңа жыл – Жаңа дәуірдің басы

d0bdd0b0d0b7d0b7Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқын жаңа 2012 жылмен құттықтауы Еліміз 2012 жылға қадам басты. Қалыптасқан дәстүр бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы салтанатты түрде аталып өткен 2011 жылды құрметпен шығарып салып, Қазақстан халқын жаңа 2012 жылмен құттықтады. Қымбатты отандастар! Санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2012 жылға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін сыйы мен сынағы қатар келген ерекше жыл болды. Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Астана мен Алматыда Азиада алауы тұтанып, аспан түсті жалауымыз жоғарыдан желбіреді. Елордада Шанхай ынты­мақтастық ұйымының мерей­тойлық саммиті өтті. Сырттағы ағайынға сауын айтып, Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын өткіздік. Еліміздің абыройы асқақ­тап, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының тізгінін ұстадық. Әлеуетіміз артып, ел қамбасы мол ырысқа толды. Бұл жылдың еншісінде өркенімізді өсірген өзге де жақсылықтар аз емес. Биылғы Президент сайлауын­да халқым маған ел тізгінін қайта сеніп тапсырды. Елбасы ретіндегі еңбегіме жоғары баға беріп, мерейімді тасытқан еліме шынайы алғысымды айтамын. Ардақты ағайын! Мен біздің басты байлы­ғымыз – берекелі бірлігіміз екенін ұдайы айтып келемін. Біз – ежелден елдікті ардақтаған, байыпты қалпы мен салиқалы салтын сақтаған жоралы жұртпыз. Татулық пен тұрақтылық арқылы біз биік белестерді бағындырдық. Ырысты ынтымағымыз жарасты болса, ұлағатты ұлт ретінде алар асуларымыз әлі алда. Алдымыздағы жыл – жаңа дәуірдің басы. Жаңа жылда біз Тәуел­сіздіктің үшінші онжыл­дығының парағын ашамыз. Біз алдағы кезеңге ізгі үмітпен, ерекше пейілмен, жақ­сы ниетпен қадам басамыз. Жаңа жыл – ең әуелі отбасылық мереке. Дана халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Жаңа жыл еліміздегі әрбір шаңыраққа шаттық сыйласын деп тілеймін! Ұлы Отанымызға жақсы­лығы мен мол игілігін ала келсін! Мереке құтты болсын!

8022 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6686

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5955

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3697

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3085

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3042

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3018

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2748

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2732

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы