• Қоғам
  • 20 Қаңтар, 2012

«Возрождение» аралының құпиясы қашан ашылады?

d0bed181d182d180d0bed0b2Кеңес кезеңiнiң iргесi сөгiлгеннен бастап отыз екi тiстен шығаруға қатаң тыйым салынған көптеген құпия деректер жария бола бастады. Оның iшiнде адам тағдырына зор қауiп төндiрiп келген мәлiметтер аз емес едi. Ұлы империяның құрамында болған бiздiң мемлекетте де мұндай құпия сақталған жайттар бар. Бүгiнде елiмiзге кеңiнен мәлiм болған экологиялық апат аймағы саналатын Арал өңiрiндегi «Возрождение» аралы сондай орынның бiрi саналады. Бұл сынақ алаңы туралы әлi де нақты дереккөздерi жария болмай тұрса да, оның талай тағдырға зардап тигiзгенi белгiлi болып отыр.  Кезiнде көгiнде шағаласы қалқып, теңiзi арнасынан асып шалқып жатқан Арал теңiзi маңындағы мемлекеттiк құпия ретiнде орналасқан «Возрождение» аралында бактериялық қаруға жасырын сынақ жүргiзетiн полигон болған. Ол кезде адамзат тағдырына үлкен қатер төндiретiн бұл қасiрет жөнiнде өңiр халқы бейхабар болды. Себебi барлық құжаттар құпия сақталды, әлi де деректер Ресей мұрағаттарында шаң басып, көзден таса ұсталынып келедi. Кеңес Одағы ыдыраған күнi полигонды қараусыз қалдырып, орыс ағайындар елiне үдере көштi. Сол кездерi өңiр тұрғындары сынақ алаңына лек-легiмен ағылып, иесiз қалған дүние-мүлiктердi таси бастады. Кейбiреулерi оңай нәпақаның көзiн тапқанына қуанды да. Алайда қараусыз жатқан дүниелердiң уланғанын көпшiлiгi бiлмедi. Осының салдарынан сынақ алаңынан үйiне ауырып жетiп, ем алуға мәжбүр болған жандар аз болмады. Сондай бiр-екi таныстарым да қауiптi аймақтан көрiп келген сұмдықтарын айтқанда ерiксiз жағаңды ұстайсың. Өйткенi бұл өмiрдiң өзiнен көрiнiс тауып отырған адам айтса нанғысыз әрi қорқынышты жайттар едi. Ол алаңға барғандардың айтуынша, түн мезгiлiнде көпқабатты үйлердiң шатырына шығып ұйықтауға мәжбүр боласың. Себебi ашық жерде болмаса, ғимарат iшiнде ұйықтау былай тұрмақ, отырудың өзi қауiптi деседі. Төбеден жерге қарағанда айналаның бәрiн қалың тұман басып кеткендей көрiнеді екен. Әрине, бұл бактериялық қарудың зардабы әлi де сейiлмегенiн аңғартады. Сондай-ақ тағы бiреулер мутацияға ұшыраған жәндiктердi көзбен көргенiн айтып жүр. Мәселен, екi басты кесiртке, жылан мойынды торғайды көргенде қандай әсерде болғанын айтып, зәре-құтыңды қашырады. Мұның қаншалықты шындыққа жанасатынын нақты айту қиын, десек те, мұндай аймақта жүрген адамның өмiрiне қаншалықты қауiп төнерiн бағамдай беруiмiзге болады. Дереккөздерiне сүйенсек, сол кездерi бактериялық қару «Барсакелмес» аралында жасалса, химиялық дәрiлер Ташкентте шығарылған екен. Оны адамдарға, жануарларға мәжбүрлеп егу арқылы, сынақ жүргiзiп, талай тағдырға кесiрiн тигiзген. Елiмiздегi Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Шымкент өңірлерiнiң көпшiлiгi осындай жасырын сынақтың құрбанына айналған. «Барсакелместе» Кеңес Одағының әр түкпiрiнен профессорлар мен академиктер келiп жұмыс істеген. Нәтижесінде, қатерлi вирустардан елiмiзде оба, холера, күйдiргi, бөртпе сүзегi секiлдi ауру түрлерi кең таралды. «Осындай химиялық қарулардың қалдықтарын Ақдалаға көмген» деген де кауесет бар. Алайда сол кезде бұл қалдықтар елiмiздегi қауiптiң бетiн одан бетер өршiтетiнiн ойлаған ешкiм де болмаған. Бүгiнде түрлi патологиялық ауытқушылықтары бар мүгедек балалардың дүниеге келуi, қатерлi iсiк, өкпе аурулары, балалардың ерте қартаюы осындай дәрi-дәрмектердiң қалдығынан орын алып отырғаны жасырын емес. Сол уақыттарда сынақ алаңы шағын қалашыққа айналыпты. Онда тұрғын үйлер, мектеп, балабақша секiлдi әлеуметтiк нысандар бой түзеген. Жерасты зертханасына кiрiп-шығатын орын да болыпты. Бiр сөзбен айтқанда, жасырын жұмыс істеп жүрген биолог мамандар мен олардың отбасыларына барлық жағдай қарастырылған. Жалпы, «Возрождение» аралында сынақ жасауға Свердлов, Степногор, Киров, Омутнин зауыттарында биологиялық оқ-дәрi даярланып отырған. Зерттеу жұмыстарын жүргiзетiн кемелер апат аймағына 15 шақырым жерге дейiн ғана жақындауға мәжбүр болған. Ал белгіленген ережеге сәйкес аралға 40 шақырым жерге дейін жақындауға ғана рұқсат етiледi. Одан жақын келу қауiптi саналған. Осы ереженi сақтамаудың салдарынан кемедегiлер де түрлi ауруларды жұқтырып, мұның соңы қайғылы оқиғаға соқтырып жатыпты. Сол кезде апат аймағын көргендердiң айтуынша, ол жерлерде «Аральск-7», «Бархан», «Пнил-52» сынды нысандары болыпты. Осы «Аральск-7» әскери қалашығында мыңнан астам әскери биолог мен арнайы қызмет өкiлi тұрған. Қоршаған ортаны улап жатқан осы бір сынақ алаңы жайында баспасөз беттерінде талай сын айтылып жүрсе де, қазан қақпағы жабулы күйінде қалып келеді. Билік тарапынан нәтижелі жұмыстар жүргізілген емес. Есесіне, құпиясын ішіне бүккен апат аймағының адам ағзасына әсерi өршіп тұр. Әзірге оның зардабын жергiлiктi жұртшылықтың қанша уақытқа дейiн тартатыны бiр Аллаға ғана аян. Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ Қызылорда

6514 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6712

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5969

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3708

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3097

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3053

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3030

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2759

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2743

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы