• Ақпарат
  • 19 Сәуір, 2012

Екіжақты ынтымақтастық нығая бермек

Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың төрағалығымен ҚР Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың қорытындылары, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылып, Үйлестіру кеңесінің 2012-2013 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Отырысты ашқан Дархан Мыңбай үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл – Үкімет жұмысының маңызды бағыты деп атап көрсетті. Бүгінде министрліктер мен ведомстволар Үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибесіне, беделі мен гуманитарлық әлеуетіне сүйене отырып, әр­түр­лі салалар бойынша тиімді жұмыстар жүргізіп келеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі көп уақыттан бері ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылға жауапты органдардың ішінде негізгі орган болып табылады. Сондықтан, министрлік пен өзге де органдар үшінші сектормен ынтымақтастықтың бұдан әрі де конструктивті бағытта дамуына мүдделі екенін жеткізді. «Біз үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибесіне, беделі мен гуманитарлық әлеуетіне сүйене отырып, әртүрлі салалар бойынша тиімді жұмыс жүргізіп келеміз. Екіжақты ынтымақтас­тық алдағы уақытта да жалғасын таба береді» деген министр, биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамаға өзгеріс енгізу нәтижесінде Үкіметте бірқатар қаулылар қабылданғандығын да тілге тиек етті. Қорытындысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша өнім берушілердің реестрін, яғни тізімін жүргізу тәртібі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асуына мониторинг жасау тәртібі бекітілген. Сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында уәкілетті орган болып анықталды. «Енді әлеуметтік тапсырыс негізінде ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жүйесінің нақты регламенті бар және мемлекеттік органдардың жауапкершілігі бірқатар өсті деп айтуға болады», – деді ол. Осы орайда Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР Заңына сәйкес енгізілген «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жеткізушілердің тізілімі» деген түсінік ҮЕҰ-дың мемлекеттік тапсырыс бойынша тендерлерге қатысуын оңайлататынын айтады. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша атқарған жұмыстардың қорытындылары жөнінде баяндама жасаған Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Жапсарбай Қуанышев осыдан бір-екі жыл бұрын кейбір мәселелер бо­йынша ортақ пікірге келе алмайтын жағдайдың болғанын атады. «Жасыратыны жоқ, осыдан 1-2 жыл бұрын біз кейбір мәселелер бойынша ортақ пікірге келе алмайтынбыз. Қазір барлық мәселе­ні оңтайлы орайластыруға, өзара келісе отырып шешуге дағдыланып алдық. Азаматтық қоғамның біздің елімізде қалыптасып жатқандығының үлкен бір көрсеткіші мен белгісі – халқымыз белсенділік көрсетіп, қоғамдық ұйымдарды дамытып, оның заңнамалық негіздерін жасады. Азаматтық форум да өткізілуде. Мемлекет пен ҮЕҰ әріптестігінің жаңа даму векторы үшін биылғы жыл айрықша мәнге ие болмақ. Жалпы алғанда, мемлекетімізде үкіметтік емес сектор­дың одан әрі дамуына барлық жағдай жасалын­ған. Бұған қоса, қазіргі заман мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа парадигмасын қажет етуде. Елдің әлеуметтік-экономикалық бағытта модернизациялануы мемлекет-ҮЕҰ-бизнес әріптестігіне тікелей байланысты. Бұл бағытта алдымызға нақты міндеттер қойып, нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек», деген Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, атқарылған көп жұмыстармен қатар, кемшіліктердің әлі де бар екенін атап өтті. Өз кезегінде сөз алған Қазақстаннның Аза­мат­тық альянсының төрайымы, Мәжіліс депу­таты Айгүл Соловьева Үкіметтен, халық­аралық ұйымдардан гранттар мен түрлі кө­лем­­де қаржы алып, өз беттерінше жұмыс істеп жатқан ұйымдардың мемлекетпен қоян-қолтық араласқанын қалайтынын жеткізді. «Үкіметтік емес ұйымдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, ендігі бірі зейнеткерлер мен тұтынушылардың жоғын жоқтайды. Сондықтан, Үкіметтік емес ұйымдар бірлесе қызмет еткен жағдайда ғана қоғамдық күшке айна­лып, нәтижелі жұмыс атқара алады», – деді А.Соло­вьева. Бүгінде еліміздегі Азаматтық қо­ғам институттары билік пен халықтың арасын­да­ғы алтын көпірге айналып келеді. Үкіметтік емес ұйымдар көпшіліктің талап-тілегін жоғары­ға жеткізетін іргелі ұйым дәрежесіне көтерілге­нін бұл орайда айтпай кетуге болмас. Отырыс барысында, кейбір заңнамалық актілерге Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша енгізілген өзгерістер аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың перспективалары, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер қызметтерінің тиімділігін реттеу және арттыру мақсатында әзірленген ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің үлгі-ережесі талқыланды. Бейбітгүл ИСАЕВА

2468 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9289

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7363

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5106

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4488

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4452

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4410

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4148

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4140

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы