• Ақпарат
  • 19 Сәуір, 2012

Малайзияға сапар

d0bcd0b0d0bbd0b0d0b9d0b7d0b8d18fd18fӨткен сейсенбіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Малайзия мемлекетіне барды. Оңтүстік-шығыс Азиядағы экономикасы қарқынды дамыған Малай елінде Елбасы алдымен осы елдің Сыртқы істер министрі Анифах Аманмен және Еңбек министрі Дато Шазимин Бин Абу Мансурмен кездесті. Тараптардың әңгімелесуі барысында сапар жайы жан-жақты талқыланды. Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев бейресми жағдайда Малайзияның бұрынғы Премьер-министрі Мохатхир Мохаммад­­пен жүздесті. Екі елдің көшбасшылары жылы шырайлы рәуіште еркін әңгіме құрып, кең ауқымды мәселелерді талқылады. Елбасы атап өткендей, Малайзия Қазақстан­ның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. – Біз Малайзияның заманауи ғылымды қажет ететін экономиканы және инновацияны дамыту үшін тиімді инфрақұрылымды құрудағы табыстарын зейін салып қадағаладық. Қазақстан Сіздің елдеріңізбен жан-жақты, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті, – деді Елбасы. Өз кезегінде М.Мохаммад мемлеке­тіміздің ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі бірегей тәжірибесін атап өтті. Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген орасан жетістіктерін жоғары бағалады. «Қазақстан – саяси және эко­номикалық реформаларды іске асыруда барлық жас ұлттарға ойластырылған және көреген қадамдарымен үлгі көрсеткен Орталық Азиядағы жетекші мемлекет. Қысқа мерзімде Сіздің ел тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Сіздің шикізаттық экономикадан жоғары технологияға өту бағытындағы салиқалы саясатыңыз Қазақстанды XXI ғасырдағы ең табысты мемлекеттердің қатарына қосатынына сенемін, – деді Мохатхир Мохаммад. Кеше Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия мемлекетінің жоғары бас­шылығымен екі жақты кездесулер өткізді. Алдағы уақытта қос ел арасындағы әріптестік қарым-қатынас нығая түсетін болады. Сұлтан Қадырбек

2545 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9267

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7350

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5093

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4475

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4439

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4399

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4135

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4127

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы