• Мәдениет
  • 26 Сәуір, 2012

«Тұран» тектілік танытты

d182d183d180d0b0d0b0d0b0d0bdҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грант иегері – «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі қазіргі таңдағы ұлттық музыка бағытында еңбек етіп келе жатқан бірегей топтардың бірі. Топ мүшелері – Мақсат Медеубек, Қорлан Кәртенбаева, Абзал Арықбаев, Бауыржан Бекмұхамедов, Серік Нұрмолдаев республикалық және халықаралық конкурстардың жүлдегерлері. Әрқайсысы төрт және одан да көп аспаптың құлағында ойнайтын музыка шеберлері. Ансамблдің құрылғанына төрт жылдай уақыт болса да, олар бүгінде АҚШ-тың әйгілі Карнеги Холында, Франция, Германия, Италия, Испания, Жапония, Кореяның үлкен сахналарында өнер көрсетіп, қазақ халқының ұлттық музыкасын бүкіл әлемге насихаттап, дәріптеу жолында келе жатыр. Бір атап өтерлігі, «тұрандықтар» түркі ха­лық­тарының отызға жуық аспаптарын шебер меңгеріп, нақышына келтіріп орындайды. Өнерпаздардың киімдері көне түркілік нақышта тігілгені байқалады. Топтың сахна­лық ізденістері, музы­калық шығармалардың қаймағын бұзбай орындауы да өнер ұжымының аса жоғары талғампаздығын аңғартады. Көрермендерді жалықтырмайтын туындылары әсерлі қойылымдарымен өрнектеле түскен. Ұжым мүшелерінің айтуынша, олардың бас­ты мақсаты – көнеден келе жатқан ұлттық әуендерді реңін бұзбай, саф алтындай таза күйінде жеткізу. Бір қуанарлығы, «Тұран» этно-фоль­клор­лық ансамблі тек қана өнердегі биігін бағындырып қана қоймай, соңғы кездері қа­йырымдылық шараларына да атсалысып жүр. Бұған дәлел – Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде өткізген қайырымдылық концерті. Ан­сам­бльдің менеджері Хангелді Сағатбекұлы: «Біз бұл қайырымдылық концертіміз арқылы материалдық көмекке мұқтаж, ауыр науқасқа шалдыққан Қаскелең қаласының тұрғыны Исламбек атты балаға қуаныш сыйлағымыз келді. Ол жасы он бесте болса да, бүгінде екінші сыныптың оқушысы. Басында қатерлі екі ісігі бар. Көзі дұрыс көрмейді, құлағы естімейді. «Осындай баланың ауыр өмірін өз көмегіміз арқылы біраз болса да жеңілдетсек» деген ойменен жасап отырмыз. Концерттің өтуіне қолдау көрсеткен Қарасай ауданының әкімдігіне рахметімізді айтамыз. Бұл кеште кез келген жан Исламбекке өз көмегін жасай алатын мүмкіндігі бар», – деді. «Көп түкірсе, көл» демекші, кон­церт барысында қомақты қаржы жиналып, оны топ мүшелері көпшіліктің көзінше Исламбектің ата-анасына өз қолдарымен табыс етті. Бұл көріністі тамашалаған халықтың көңілі толқып кеткені де сөзсіз. Қайырымдылық шарасына жиналған көпшілік қауым, ақсақалдар алғыстарын білдіріп, сөз сөйледі. Исламбектің ата-анасы өз қуаныш­­та­­рын жасыра алмай, «Тұран» этно-фольклорлық то­­бына шексіз риза­шылығын білдірді. «Баламыз­дың бір арманы орындалатын болды. Біз бұл дүние­де жалғыз емес екенбіз. Бізді қолдайтын ха­лық, азаматтар бар екен» деп, көздеріне жас алды. Дәуіржан Төлебаев

3106 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9286

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7362

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5105

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4487

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4451

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4409

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4147

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4139

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы