• Қоғам
  • 26 Сәуір, 2012

Бірлік түбі – береке

d183d0b9d0b3d18bd180-55

Ертең Астанада Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтеді. Күн тәртібіндегі тақырып – «Қазақстан жолы: тұрақтылық, бірлік, жаңғырту». Сессия қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысы болады, онда ҚХА-ның орта мерзімге арналған бірқатар өзекті мәселелері қаралады.

Көпшілікке жақсы белгілі, 1995 жыл­дың 1 наурызында Дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл – еш­бір елде болмаған ерекше, саяси маңы­зы зор құрылым. Ассамблея 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыс­тық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктерді, 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелері­нің бастарын біріктіріп – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлттың салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетінің дамуына, тілі­нің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қо­ғам­дағы аза­мат­тық ынтымақтастық пен ішкі са­яси тұрақтылықты сақтау стратегия­сын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастар­­­ды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуі­нің арқасында мүмкін болуда. Өзара түсі­ніс­тік, ұстамдылық, әртүрлі ұлттар өкіл­дері­нің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпыхалықтық идеалдар мен қасиет­терді қалыптастыруға әсер етті. Нә­тижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына кіріге білді. «Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін арттыру» мәселесі ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында да жақсы айтылды. Өйткені, өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдіріл­ген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуда ерекше маңызы бар.  Өзгелер секілді еліміздің өсіп-өр­кен­­деуіне ұйғыр ұлтының өкілдері де лайықты үлестерін қосып келеді. Әсіресе, олардың өнердегі жетістіктері қуантады. Бірінші мамыр – Ұлттар бірлігі мен ынтымақ күні қарсаңында Алматыдағы мемлекеттік Құддыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыка­лық комедия театрында «Ирада» ән-би ансамблінің таныстырылым кеші болып өтті. Әсіресе, ұйғыр халық әндері шырқалғанда, көрермендер үздіксіз қол соғумен болды. Сондай-ақ, Абдурешит Ушуров, Ялқун Сабитов, Азамат Абдрахманов, Насима Аркен сияқты әншілер көпшіліктің алғысына бөленді. Театрда ине шаншар орын болған жоқ. Сахнаға мың бұралып бишілер шыққан кезде олардың киімдеріне сүйсінбеу мүм­кін емес еді. Әрбір орындалатын бидің маз­мұнына, сипатына сай жаңа киімдер киген бишілер кез келген биді шебер орындай білді. Ал аспапта ойнап отырған музыкалық топтың ырғақтарында үнемі ұлттық нақыш байқалып тұрды. Бұл жерде осы ансамбльдің демеу­шілері «Ирада» шаруа қожалығының жетекшілері Дильшат Насыров пен Суриям Изимова туралы бір-екі ауыз лебізімізді білдірмекпіз. Кәсіпкерлер Дильшат Насыров, Суриям Изимова ауылшаруа­шылығын ғана көтеріп қоймай, өнер саласына жаны жақын адам екендігін дә­лелдеді. «Ирада» деген атаумен ансамбль құрды. Ансамбль құрамындағы әнші, биші, әртістерге Бейжіңнен арнайы киім ал­дыртып, Үрімжіде оқып, музыкалық сауаттылықтарын көтеруге көмектесті. Міне, осындай ұлтжанды, елін сүйген Суриямның жақсы істерін ауылдастары әрдайым мақтан тұтады. Алматы облысының Жаркент қала­сында «Ирада» ауыл шаруашылығы кәсіпорны кеңінен қанат жаюда. Бұл ұйым жылына 400 мың тонна жеміс-жидек өсіріп қана қоймай, ба­лық шаруашылығымен де айналысады. Сонымен қоса, үй құстарын да өсіреді. Мол өнім өндіріп, оларды қазіргі таңда Астана, Алматы, Өскемен, Талдықорған қалаларында арзан бағамен сатуда. Былтыр Ұлыбританияның Окс­форд қала­сында өткен көрмеде «Ираданың» ауыл­шаруашылық тауарлары жоғары баға­ланып, Суриям Изимоваға «Ең үздік өнім шығарушы» деген диплом тапсырылды және «Жылдың үздік менеджері» деген атақ берілді. – Өмірімде жақсы адамдар маған көп кездесті, – дейді бізбен болған сұхбат кезінде. – Солардың бірі – Тұрсынай Құл­мұхамедқызы Жантағұловаға алғысым шексіз. Бұрынғы партия қызметкері Тұр­сынай апа тоқсаныншы жылдары ал­ғаш рет шаруа қожалығын құрған еді. Мен жекеменшік аграрлық бизнесті қолға алу туралы ойға берілгенімде Тұрсынай апаның көптеген кеңестеріне жүгіндім. 2005 жылы жұбайым Дильшат Насыров екеуміз жергілікті газеттен Садыр ауылында жеміс бағы сатылатыны туралы хабарды оқыдық. Сөйтіп, алғашқы шаруа қожалығын құрдық та, оған «Ирада» деген ат бердік. «Ирада» сөзі қазақшалағанда «қажымас қайрат» деген ұғымды береді. Сондықтан да ерік-жігерімізді шыңдап, табысқа жетуге тырыстық. Еңбегіміз нәтижелі болып келеді. Қазіргі таңда Жаркент жерінде ғана емес, Панфилов ауданында да шаруашылығымыз өсіп-өркен­деп келеді, – дейді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтой медалінің иегері және еуропалық сыйлықтың лауреаты Суриям Тұрғанқызы. Ауыл шаруашылығының табыскер жетекшілері Дильшат Насыров пен Суриям Изимова Суният есімді ұлы мен Дильназ, Сафиназ сияқты қыздарды өсіріп, тәрбиеледі. Бүгінгі таңда сүп-сүйкімді немерелері бар бақытты анаға қызықпауға бола ма? «Ирада» ән-би ансамблі өнерінің көр­­се­т­ілімі мемлекеттік Құддыс Қо­жамьяров атындағы ұйғыр музыка­лық коме­дия театры­нда өтуінің де өзіндік се­бебі бар. Әлемде теңдесі жоқ жалғыз кәсі­би ұйғыр театрында жыл сайын үлкен мере­келік басқосуларда драма тобы, «Нава» фольклорлық ансамблі, «Яшлық» пен «Сада» жастар ансамбльдері, «Рухсара» би тобы өнер көрсетіп келе жатыр. Енді олардың қатарын «Ирада» жаңа күшпен келіп толықтырып отыр. Қалай дегенде де, ұлттық сезімі айрықша байқалатын ба­уырлас халықтың өнері өрістей беретініне сенімдіміз. Нұрлан ҚҰМАР

10698 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6177

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5696

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3436

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2817

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2781

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2758

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2489

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2474

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы