• Ақпарат
  • 03 Мамыр, 2012

Сәулетші өмірінен сыр өрбітеді

ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында «Шота Уәлиханов» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Шараның ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Төлеуғали Қышқашбаев, ҚР Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстембеков, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Виктор Долженков және басқалар қатысты. Олар еліміздің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетшілер академиясының академигі Шота Уәлихановты 80 жасқа толуымен құттықтап, мерейтой иесінің иығына шапан жапты. – Фотоальбом кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығып отыр, – деді «Атамұра» корпорациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Рақымғали Құл-Мұхам­мед. – Бұл белгілі қоғам қайрат­кері, сәулетші, мүсінші, қаламгер-зерт­теуші, алтынның қиығы, асылдың сынығы Шота-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов ағамызға арналып отыр. Оқырман қауым осы кітаптан «Шота Уәлиханов кім, оның қандай еңбектері бар, қандай мүсіндердің авторы» деген сұрақтарға толық жауап алады деп ойлаймын. Кітап «Жастық дәурен, отбасын құру», «Студенттік өмір», «Шығармашылық кезең», «Шөкең – ел ағасы, қоғам қайраткері» деген төрт бөлімнен тұрады. Біздің мақсатымыз – Шөкең сияқты қазақ топырағындағы біртуар азаматқа бір тамшыдай болса да өз сүйіспеншілігімізді, құрметімізді білдіру. Қазақта «Күш – білімде, білім – кітапта» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса, кітабымыздың тұсаукесері ағамыздың 80 жылдығы­мен тұспа-тұс келіп отыр. Ағамызға зор денсаулық, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз. – «Атамұра» баспа корпорациясының 20 жыл ішіндегі негізгі жетіс­тіктеріне тоқталып өтсеңіз? – «Атамұра» баспа корпорация­сы оқулықтардан бөлек, энцикло­педиялық, сондай-ақ, балаларға ар­налған басылымдарды, анықтама­лық­тарды, ғылыми және ғылыми-таным­дық әдебиеттерді, сөздіктер, көр­кем проза мен поэзия жинақтарын, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен полиграфиялық өнім­дердің барлық түрлерін шығарып келеді. «Атамұра кітапханасы» сериясымен Абайдан бастап, белгілі ақын-жазушылардың 150-ден астам прозалық және поэзиялық жинақтары шығарылды. Осы кітаптардың он шақтысы Мемлекеттік сыйлық алды. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі төл тарихымыз қамтыл­ған қазақ, орыс тілдеріндегі бес томдық «Қазақстан тарихы» жарық көрді. Екінші тұлғалық басылым – «Мұхтар Әуезов» энциклопедиясы, «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» және бірнеше тілдегі «Қазақы дастарқан» атты этнографиялық альбом-кітабы, «Қазақстан гүлдері» кітабы да осынау айтулы оқиғаға арналған. – Алдағы уақытта атқарылар жұмыстар туралы айта кетсеңіз? – «Атамұра» өз өнімдерін заман талабына сай сапалы әрі көркем безендіріп шығаруының нәтижесінде Республика Президентінің «Құрмет» дипломымен және шетелдерде өткен кітап жәрмеңкелері мен көрмелерінде ондаған дипломдармен, мақтау қағаздарымен, халықаралық сертификаттармен, сондай-ақ, Парижде Алтын медальмен, Женевада Алтын жұлдызбен, Мальтада «Хрусталь рыцарымен», өткен жылдың соңында Нью-Йоркте Платина сыйлығымен марапатталды. Алдағы жоспарға келетін болсақ, атқарылар жұмыс көп. Ол – уақыттың еншісінде. – Әңгімеңізге рахмет! Әңгімелескен Нұрлан ҚҰМАР

2948 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8930

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7153

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4894

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4279

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4243

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4201

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3933

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3933

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы