• Ақпарат
  • 24 Мамыр, 2012

Жастар баспаналы болады

d184d0bed182d0be-107 Елбасы тапсырмасын үлкен жауапкершілікпен орындап, көптің құрметіне бөленіп жүрген Атырау облысының әкімі Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев өткен дүйсенбіде облыс жұртшылығын тағы бір елең еткізді. Айналасындағы атқамінерлерді қатыстыра отырып, жаны жабырқау жастарды жинап, Атырауда жетімдер үйінен шыққан жастар баспанасыз болмайтынын мәлімдеді.– Мемлекет саясатын берік ұстанып, қазақы болмыстың қалпын бұзбай, сақтаған қазыналы өңірдің, облыс халқының ерен еңбегімен, биік жетістіктерімен республикадағы оң үрдістерге елеулі үлес қосып келе жатқанын мәртебе тұтамыз. Қол жеткен жетістік құр сан жүзінде қалмай, халықтың өмірінен нақты көрініс тауып, тұрмыс деңгейінің өскенін дәлелдейді, – деді облыс басшысы. Сөз жоқ, Атырауда Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттер мінсіз орындалып келе жатыр деуге толық негіз бар. Әсіресе, «Тұрғын үй» бағдарламасының қарқыны көңіл қуантарлықтай. Соңғы бес-алты жылда 20 жылдан астам кезекте тұрған мұғалімдер, дәрігерлер, ардагерлер, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар, жас мамандар үйлі болып, шаттыққа бөленуде. Енді, міне, жетімдерді тұрғын үймен қамту мәселесі де оңынан іске асырылып отыр. Алқалы жиында облыс әкімі жетім балалар үйінен тәрбиеленіп, аудандарға еңбекке араласуға баратын 40 жасқа пәтер берілетінін айтты. Тағы 37-сі болашақта жаңа пәтерлердің кілтін алады. Сондай-ақ, Бергей Сәулебайұлы аудан әкімдеріне жастарға берілетін пәтерлерді жиһаздармен жабдықтау, балаларын балабақшаға орналастыру сияқты әлеуметтік қолдаулардың еш кедергісіз көрсетілуін тапсырды. Осы жерде тоқтала кететін бір жайт, бұған дейін, яғни соңғы бес жылда Атырау қаласының Нұрсая, Алмагүл, СМП-137 ықшамаудандарында сексенге жуық ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға әсем де жарық пәтерлер берілген бо­латын. Иә, қазақ халқы өз баласын ешқашан өзекке теппеген. Облыс әкімдігінің «Жетім көрсең жебей жүр» деген ата-бабамыздың аманатын абыроймен орындап жүргені нұр үстіне нұр болып отыр. Өтеген Нәукиев АТЫРАУ

2535 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8781

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7071

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4815

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4201

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4163

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4124

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3854

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3854

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы