• Ақпарат
  • 24 Мамыр, 2012

Жалғыз қазақ мектебі құлағалы тұр...

Жақында тағы бір қазақ мектебінде сабақ беру тоқтатылды. Жанға бататыны – бұл Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласындағы жалғыз қазақ мектебі. Бала саны жетпегенінен емес, жергілікті басшылардың жалғыз қазақ мектебін сақтап қалуға деген құлықсыздығынан мектеп апатты деп табылып, дәріс беру доғарылды. Жарты ғасыр бұрын салын­ған үш қабатты мектеп ғимаратының қабыр­ғаларына осыдан7-8 жыл бұрын сызат түсіп, жарыла бастаған. Жыл өткен сайын сызаттар ырсиып, ол аздай әр жерінен кірпіштері түсіп, қауіпті жағдайға жеткен. Десе де, күні кешеге дейін мұнда сабақ тоқтамаған. Кім біледі, кенет қабырғалардағы жарықтар адам шошырлық күйге жетіп, аяқастынан 340 бала мен ұстаздар ұлардай шулап далаға шықпағанда жағдай не болар еді? Әдеттегідей таңертең жұмы­сына келген №5 мектеп директоры Мағиза Мұқанова түстен кейін ғимарат­тың қабырғалары мүлде апатты жағдайға жеткенін аңғарады. Дереу сол күні ко­миссия шақыртыпты. Мектептің апатты жағдайда екенін анықтаған мамандар оның құлағалы тұрғанын ресми түрде мәлімдеп, бірден сабақты доғарған. Нәтижесінде арнайы комиссия қа­зақ мектебін бұдан былай мүлдем қол­дануға жарамайды деген қорытынды шығарыпты. Таңғаларлығы сол, бұған дейін мектеп ғимаратына бірнеше рет тексеру жүргізіліпті. Әр тексерген сайын мектептің жағдайы орташа деп бағаланып, оны жөндеп-жасқау үшін қаражат та бөлініп келген. «Қазақстан» ұлттық арнасы, КТК телеарнасында сөй­леген директордың сөзіне сенсек, мек­тепке күрделі жөндеу жүргізілуі тиіс делініп, 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында осы мектептің негізі бекітіліпті. Бұған 2 миллион 850 мың теңге бөлінген. Ол аздай өткен жылы да қомақты қаржы бөлініп, тек 9 миллион теңгеге мектептің шатыры қайта жабылған. Оған қоса мектептің спорт залы, асханасы мен гаражы күр­делі жөндеуден өтіпті. Сонда осыншама қаржы құйыла тұра мектептің ақыр аяғында мүлде жарамсыз күйге түсуі қа­­лай? Көкейде екі күдік бар. Бірі – бұған дей­інгі тексеріс дұрыс жүргізілмеген, соның салдарынан мектептің жағдайы дұрыс бағаланбаған. Екінші күдік – осыған дейін мектепті жөндеп-жасқау үшін жұм­салған қаржының талан-таражға түсуі немесе жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгендігі. Кейінгі кездері елімізде су жаңа үйлердің ортасына опырылып түсу оқиғалары мен жөндеу жұмыстарының шалалықтары жиі кез­десіп отыр. Демек, бұл мектепке бұған дейін жүргізілген жөндеу жұ­мыстарын қадағалап, оны қабылдап алған құ­зырлы орган да бұл жерде жауап беруге міндетті. Бәрінен бұрын бізді құлағалы тұрған мектеп қабырғасында оқып келген қазақ балаларының ендігі тағдыры алаңдатады. Комиссия жаңа мектеп болмаса, бұрынғы мектептің енді іске мүлдем жарамайтынын айт­ты. Ал жаңа мектептің жобасы бекіті­ліп, оған бюджеттен қаржы бөлініп, ол салынып, қолданысқа берілгенше қазіргі 340 қазақ баласы мен оған дейін мектеп табалдырығын аттауы тиіс қарадомалақтар қайда қаңғымақ? Егер бұл сол қаладағы жалғыз қазақ мектебі болған болса, қазақ балалары еріксіз орыс мектебіне ауысады немесе басқа аудандағы қазақ мектептеріне бытырай орналасуына тура келеді де­ген сөз. Олар ол жерде қайда жатып оқымақ? Сон­дықтан жергілікті тұрғындардың кө­­бі балаларын еріксіз қаладағы орыс мек­­тептеріне орналастырмақшы. Ал орыс мектептеріне ауысқан қазақ бала­ларының әрі қарайғы жағдайы қалай болады? Өз елінде тұрып өз туған тілінде білім алу құқығы шектелген балалар­­ға кім жауап бер­мек? Елбасы халыққа Жолдауында «Мем­­­­­ле­кеттік тілді меңгерген мектеп тү­­лек­терінің үлесін 100 пайызға дейін ұлғайтуды» міндеттеді. Ал мемлекеттік тіл­ді меңгерген мектеп түлектерінің үле­сін арттыратын негізгі күш қазақ мек­тептері екені мәлім. Ендеше, аталған қаладағы жалғыз қазақ мектептің ғимаратын осындай халге жеткізген жергілікті биліктің әрекеті қалай бағаланбақ? Динара ІЗТІЛЕУ

346 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8765

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7061

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4805

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4191

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4153

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4114

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3844

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3844

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы