• Қоғам
  • 24 Мамыр, 2012

Дін – ұлттың діңгегі

58 Осы жылдың 30-31 мамырында Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі өтетіні белгілі. Әлемдік маңызы зор алқалы басқосуға діни конфессиялар мен ұйымдардың көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері, белгілі саясаткерлер, өркениетаралық диалогты ілгерілету саласында еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалымдар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысады деп жоспарланып отыр. Осы ретте съезд қарсаңында елімізде бірқатар маңызды шаралар өтуде.22-23 мамыр күндері Астанадағы Бей­бітшілік және келісім сарайында Қа­зақстан республикасының Білім және ғылым ми­нис­трлігі Ислам әлемі ғылым­да­рының академиясымен бірлесіп ұйым­дастырған «Мұсылман әлеміндегі ғылым мен тех­но­логия: жетістіктер мен перс­пективалар» атты халықаралық ғылыми сим­позиумы болып өтті. Симпозиумға Ислам әлемі ғылымда­ры академиясының президен­ті, Иор­да­ния­ның экс Премьер-ми­нис­трі, про­фессор Абдель Салам Маджали, ҚР Парламентінің депутаттары, ғылыми ұйым­­дар мен жоғары оқу орындарының, дип­ломатиялық кор­пустың және дінбасылардың өкілдері, отан­дық және Иордания, Малайзия, Тунис, Сенегал, Пәкістан, Иран, Германия, Италия, Түркі­менстан, Әзірбайжан, Ресей елдерінің жетекші ғалымдары қатысып, білім сала­сын­дағы проблемалар мен жетістіктер туралы толғамды ой-пікірлер қозғады. «Ислам дәстүріне сай бұл сипозиум да Құран оқумен басталды. Айта кетейік, дөңгелек үстел үлгісіндегі мұндай отырыс ғылымның алдыңғы қатарлы жетістік­тері туралы ақпараттармен жан-жақты ал­масуға мүмкіндік береді, әрі рөлі де ерек­ше. Құран оқылып болғаннан кейін жи­ын­ның алғашқы жұмысын бастаған Премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев қадірменді меймандарды сим­позиум жұмысының ашылуымен құт­тық­­тап, жиынның ислам елдері арасын­да ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ке­­ңей­­туге бағытталғандығын атады. Оның ай­туына қарағанда, ғылымға тартылған ин­вестицияның қайтарымы да мол болмақ. «Өйткені ғылымды дамыту арқылы эко­номиканы өркендетуге қол жеткізуге бо­лады. Қазақстанда ұлттық инновациялық жүйе өмірге келіп, ғылым туралы жаңа заң қабылданды» дейді Ербол Тұрмаханұлы. (Басы 1-бетте) Бір сөзбен айтқанда, еліміздегі ғылым саласында қол жеткізілген табыстарды санама­лап, ғылыми әлеуеттерді дамытудың орталық­та­ры құрылып, қаржыландыру мүмкіндіктерінің ашыл­­ғандығы жөнінде әңгіме өрбітті. Ал өз кезегінде сөз алған Ислам әлемі Ғылым академиясының президенті, профессор Абдель Салам Маджали, симпозиумның өткізілуі қа­зақстандық қоғамды ғылыми технология ас­пек­тілеріне бағыттауда жатқандығын тілге тиек етті. Қадірменді мейман Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ислам әлемі әлемдегі табиғи ресурстардың 70 пайызын бақылауда ұс­тап отырғандығы туралы сөзін алға тартып, осын­дай артықшылықтар арқылы ынтымақтастықты одан әрі үдете түсу уақыт талабы екендігін атады. Ислам әлемі ғылыми технология жө­нінен тұтас­тай алғанда ешбір дамымаған, осы салаға тартыл­ған адами әлеует және ғылыми технологиялар­да қол жеткізілген жетістіктер де мардымсыз күйінде қалып отыр. Оның сөзінше, Малайзиядан басқа мұсылман елдері жоғары технологиялық өнімдерді экспорттамайтыны осыны айғақтайды. Айта кетейік Қазақстан ИЫҰ-ға 1995 жылы енді, ал 2011 жылғы маусымнан бері ұйымға төрағалық етіп келеді. Осы орайда, Қазақстан мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы өзара қатынастарының – саяси және экономикалық өзара қатынас, сондай-ақ дінаралық диалогты жүргізу саласындағы мәселелер бойынша үде­мелі және табысты дамуын атап өтуге болады. Ал, аталған симпозиум ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге, эко­но­микалық жә­не әлеуметтік өсуге қабілетті ғы­лымның ал­дыңғы қатарлы жетістіктері туралы ақпаратпен жан-жақты алмасуға ықпал етуге, мұсылман елдеріндегі білім беру деңгейін көтеру мен ғылым рөлін күшейтуге бағытталған. Симпозиум барысында баяндама жасаған отандық және шетелдік ғалымдар орта ғасырдағы мұсылман ғылымы, мұсылман әлеміндегі тех­но­логиялық жаңашылдық, дәстүр және әлеу­мет­тік даму, мұсылмандық Шығыс елдерінің Ба­тыс елдерімен өзере қатынасы турасында өрбіді. Екі күнге созылған жиынның қорытындысы бойынша қоғам мен адам дамуының тұрақты жетістіктері жөніндегі құрал ретінде зияткерлік және ғылыми диалогтарын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жетістіктерін пайдалану бойынша күш­терді нығайтуға бағытталған Астана декла­ра­циясын қабылдағанын айтқан жөн. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы

4118 рет

көрсетілді

55

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5875

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5521

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3258

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2642

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2603

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2581

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2315

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2298

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы