• Әдебиет
  • 31 Мамыр, 2012

АЛАУ ТАҢНАН АЛУАН ОЙ БІР БАСЫМДА

Адам-қасқыр... Тегінде тас тұғырды ақылды алмақ, Түгін жұлсаң қара жер тақырланбақ, Дала-қасқыр қыр, ойда құр ұлиды Адам-қасқыр айналаны жатыр жалмап.Жоқ қолында сүйеніш көк таяғы, Жүгіруге, зытуға епті аяғы. Бастықтың бәрі бірдей адал емес Кейбірі қаржыны қылғытып жеп қояды. Жер түгіл, тұтас тұман аспан әлі, Жамағат қай заңынан жасқанады, Кәсіпкердің бәрі бірдей еңбеккер емес Бірақ та әмиян жыртқан ақшалары. Жоқ іздеп, қалаға қаш, далаға шап, Жаңға дерт жүректерді жараласақ. Есепшінің бәрі бірдей ақниетті емес Ебін тауып, екі есе қалар асап. Қашанда мақсат, мүдде табу да арман, Қалбаңдап шыға қоймас қабылдар жан. Теңдердің бәрі бірдей тамаша емес Тұрады беруменен, алулардан. Жамандық желімше жабысып әмән жұққан, Жоқ шығар сорлы сірә сараңдықтан, Базардың бәрі бірдей әділетті емес Тұрады тұла бойы арамдықтан. Тірлікті түсінбедім тап осындай, Тазалық тұлғалы тау, дара шыңдай. Адамның бәрі бірдей емес тіпті Аймағым жортқан аңның жотасындай. Тегінде тас тұғырды ақылды алмақ, Түгін жұлсаң қара жер тақырланбақ. Дала-қасқыр қыр, ойда құр ұлиды Адам-қасқыр айналаны жатыр жалмап. Адам боп қалмаса екен ең арзаны Тұрған кез туыс түнеріп, жат құбылып, Тірлікте тиын, тебенге арттың үміт. Қымбаттады базардың бар тауары Қарамас жағдайыңа жалт бұрылып. Мейірім бұлақ бітеліп, құрғамасын, Мұндалап кім шақырған мұң, наласын. Қымбаттады пәтерің қала, ауылда Қалтаңа қарайсың да жым боласың. Қойған жоқпыз қатарластыра қой қамап, Қашанда да уәдешіл уәкіл тайғанақ. Қымбаттады электр, газ, суың да Төлемесең төбеңде таяқ ойнамақ. Қайран заман жаймай көңілін дала ғып, Құлақтарын қылтитты небір жаңалық. Қымбаттады ұшақ, пойыз билеті Қабатты үйге, қала түрмесіне қамалып. Ақиқаттан атып шыққан сөзім бұл, Айналамда табанды қыз, төзімді ұл. Қымбаттады жылда сояр жылқы да Аласың ба, алмайсың ба өзің біл. Қызыл таңнан көрсетер құт бір істі. Қоғам керек қуатты, нық жүрісті. Қымбаттады бала ойыншық, киімі Әпермей көр әлегі тіпті күшті. Көсілтіп сөйлеп кетсе кемел бәрі, Келісті жүзгені жөн кеме алдағы. Алау таңнан алуан ой бір басымда Адам боп қалмаса екен ең арзаны. Анадан туғанында адам таза Қазақы қасиетті қайнар көргем, Қызғалдақ қырда қылтиып, сайларда өрген. Анадан туғанында адам таза Арамдық қара жамылып қайдан келген. Күшті ғой көркем сөзден от күреген, Көбейді көтеріліп көк тіреген. Анадан туғанында адам таза Жылпостық жылмаң-жылмаң жетті немен. Ғарышпенен барса да айға да адам, Ғибраты ғажайып қайда ғалам. Анадан туғанында адам таза Алдау, арбау кетпеді-ау айналадан. Кісілікке күресу мықты майдан, Көмекті көк тәңірден, күт Құдайдан. Анадан туғанында адам таза Қатыгездік қақиып шықты қайдан?! Күмісін төгер еді күн де бөлек, Көңілді неге өтпейміз гүлге теңеп. Анадан туғанында адам таза Боқтық, қоқтық үйген кім іргеңе кеп. Қуанам көрсем-дағы қай жанды өрден, Қашан, қашан ақындық айлам жеңген. Анадан туғанында адам таза Қулық, сұмдық қутыңдап қайдан келген?! Әдепсіз әрекет көрсек алшақтайық, Әке өсиеті, әрине, қалсақ байып. Анадан туғанында адам таза Ар-шыңды пәле-жаладан ал сақтайық. Арам шөбі өскені керек емес алқаптың (Оңашадағы ой) Баяғы баба өсиетін жатқа біл, Бәрі, бәрі жазып кеткен хатта жүр. Бойы өскені керек емес балғынның Ойы өскені керек, сірә, тап қазір. Бас иемін ұлағатты ұғымға, Батыраштар балта сілтеме құлынға. Білегі өскені керек емес ұлдардың Білімі өскені керек шығар шынында. Адастық па маңдай терді құндамай, Айналама жортып жетті мұң қалай? Ақшасы өскені керек емес жастардың Ақылы өскені керек болып тұрғаны-ай. Ері барлар бүгін, ертең жүдер ме, Ерен күшпен көтерілер кіл өрге. Надандығы өскені керек емес адамның Намысы өскені керек, керек ұлы елге. Терең сөзді тебіреніп тыңдар кім, Тек ішінен ойланды да, тыңды әркім. Қатыгездігі өскені керек емес адамның Қайырымы өскені керек болар кіл бәлкім. Инабатсызға иіле көрме, иланба, Инабатсыз сайын далаға сыйған ба? Арам шөбі өскені керек емес алқаптың Ақ бидайы өскені, әрине, керек диқанға. Бес саусақ Бірлігім бәйтерек болса бағам бардай, Биікке бәрі, бәрі алаңдардай. Рулас боп танысу тарихи сәт Рулас боп алысу жаман қандай. Түзу бағыт жүрсе ғой тауып кісі, Табан тайса, келмей ме жау ұтқысы. Жерлес болып көп туу ортақ бақыт Жерлес болып топ құру қауіптісі. Егемен елсіз сірә да жоқ көлемім, Елгезек пейіл бар болса тоқ көремін. Бес саусақ бозала таңнан өзіңе қарап Бөлінбейді үйренсем деп келемін. Оңашадағы ой Дәнін ғана терейік әр ұғымнан, Дархан адам жаратылған жаны нұрдан. Біртүрлі қызық қозғалыс қорбаңдайды Білетінді білмейтін алып ұрған. Қарайып қақ төбемнен ірі дұшпан, Қалшидым құлаққа жат бір дыбыстан. Қоғам-ай құлыптаулы құпиясы Қыранынан қарғасы биік ұшқан. Ақиқатты аңсаған жасып, азған, Аңдасаң масыл мың да, асыл аздан. Түлкі-құйрық тіршілік түк ұстатпас Тұлпарларды шабаны басып озған. Кім кәне кедергісіз баққа жеткен, Күмісіңді көп шаш та, атта көктем. Таңдайды талай қағар туды заман Таланттыны талантсыз таптап өткен. Сана сайтан қуғандай шын тығылған, Сытылып сырт кетпедім мұңды жырдан. Ақылға қонбайтындай анық дерек Ақылдыны ақылсыз жынды қылған. Сен аңыз ең... (Бауыржан Момышұлы рухымен сырласу) Табанға тап болса да қандай қақпан, Тұлпарша тулай тартып, талмай шапқан. Сен бір ұл ең ұлағаты ұзын көштей Тағылымға талайлар таңдай қаққан. Ақын ғана сыр бүгіп, жасырмады, Аспанымда халқымның хас ұлдары. Сен қазақ ең тым бөлек жаратылған Санаулы біртуар тізім басындағы. Жүрек жүдеп, жаралайтын әнді ұмыт, Жүрген жақсы жанар жайнап, жан жылып. Сен өжет ең суырылар семсерше Сабағы мағыналы мектепсің ғой мәңгілік. Абырой, даңқ дерегін салмақтап ап, Атыңды алаш-алақан ардақтамақ. Сен өткір ең тілетін темірді де Сағат ғұмыр кешпеген жалтақ қарап. Қара жерді солқылдатар қайғы алып, Қабілеттісін қадірлемес қай халық. Сен намыс ең отқа, оққа атылған Сатыр-сұтыр найзағайға айналып. Сабыр жоқ сыртым бүтін, нала ішім, Сарғайған сағыныш боп барамысың. Сен қаһарман ең қайсарлығы қайталанбас Сыйлаған Құдай өзі қазақ үшін. Сәулелі сәтім туса санау міндет, Серпілдік қара бұлттар әрі ауды деп. Сен батыр ең сойқан, сұмдық соғыста Жол бастаған, әрине, жалау – жүрек. Оңға қарай бұрмаған текке бетін, Кездер-ай келеңсізге кектенетін. Сен ақиқат ең айқайлар ақ мінбеден Сыбырлап, күбірлеуді жек көретін. Жеткізер жалын-жастың назды арманын, Сеземін шын суреткер аз қалғанын. Сен жазушы ең саяхатшы жан әлемге Қаламмен емес, қанымен жазған бәрін. Санаңды сан қозғайтын расында алға, Сөзден басқа нәр бар ма, асыл бар ма?! Сен аңыз ең адамдар аузындағы Тарта бер ғибраты ғажап ғасырларға. Жарыс туралы жыр Ақ арман өзенге ұқсап тұнғанда алда, Не жетсін жапан, түзде гүл жарғанға. Ақшадан жарысса да талай адам Ақылдан жарысқан ба бұл жалғанда. Бәрі тегіс тұлғалы емес таулардың, Бірде биікте, бірде төменде қаулармын. Ас беруден жарысса да қазақтар Атаға ұқсаудан жарысуға жалқау тым. Өмірі сөнбесе ғой өңдегі алау, Үндесін жарастыққа төрде жалау. Үйленуден жарысса да жастарым Үй болудан жарысып көрмеген-ау. Жұмыр жүрек жамағатқа таза ма, Жалғыз сауал күні, түні мазала. Заңгер болудан жарысса да адамдар Заңды бұзбаудан жарысқан ба өзара. Басқа сор қателігің бір істеген, Біртүрлі тарылады тыныс деген. Өсек айтудан жарысса да ағайын Шешендік сөзге шешініп кіріспеген. Туғанда іңгәләп бәрімізде тұнық ек, Туыспенен туды көтер, күліп өт. Киімнен қымбат жарысса да қыз, ұлың Кісіліктен жарысқан ба бір рет. Қанаттылар қалықтаса, тағы ұшса, Қарсы келген бұйра-бұлтпен алысса. Арман бар ма, арман бар ма шіркін-ай, Адам біткен ар, ұяттан жарысса. Іздей берем... (Ақиқатты аңсағанда) Өркенін өнеге-ағаш әмән жайсын, Өмірде тағылым басқа таба алмайсын. Сарылып темір тордан кей уақыт Сотталып солға кеткен адамдайсың. Әр кезең тарихында тараудайсың, Әйтеуір әрі сендіріп, әрі алдайсың. Желбіреп келе жатып кей уақыт Жығылып жолда қалған жалаудайсың. Өзге емес, тағдырыңды өзің түсін, Өзгеше өлең, сөзден өрілді ішім. Көмейге келіп тұрып кей уақыт Кептеліп қалып қойған сөзімбісің. Байқасам ақиқатқа өмір кеңде, Бірақ та көп түңілме, көңіл бөлме. Кәдімгі құлыпқа ұқсап кей уақыт Кілтіңді кіл бермедің көрінгенге. Кім білген қасиетін кім ұғарын, Түсінгенім тіршілік түні қалың. Төбеден төбе көрсетіп кей уақыт, Төменге заматта-ақ зымырадың. Армандап айналаға қарар кісің, Ақиқат адал сырын адам түсін. Мазмұныңа мән берсем кей уақыт, Мыж-мыж болған маңыз жоқ мақалдайсың. Кең айдын кезікпесе жүзбейді өлең, Кейіген кей кезімді күздей көрем. Аһ ұрып ақтық демім даусылғанша Ақиқат – тек өзіңді іздей берем! Кіл ойланып, кіл ішімнен тілерім Алғаш рет қызметке киіп барған жаңа тонымды көрген бір әріптесім: – Нашар, сапасыз. Тез тозады, – деді көңіліме қарамай. Мен ойланып қалдым. Автор Тіршіліктің терді деме, лас жағын, Терең сөздің аңғарсаң ғой астарын. Құндыз бөрікке қарайладық құмарта Байқадық па ішінде қандай бас барын. Арзан емес, қымбат тауарға тұнды үйің, Кісілердің көркі емес пе бұл киім. Қымбат тонды кигендердің барлығы Қымбат адам деп айту да тым қиын. Бәрі, бәрі басқан аяқтан байқалған, Біреулер шабан, ал біреулер майталман. Түзу шалбар кигендердің барлығы Түзу жолмен жүреді деп айта алман. Ақын қиял неткен қанатты, алып ең, Пенде жайлы түрлі пікірдемін әлі мен. Көрікті көйлек кигендердің барлығы Көрікті ме көкірегімен, жанымен. Жалған дүниеде жалбарынар бір Құдай, Жалтақтайды базар жаққа жұрт ұдай. Кіл ойланып, кіл ішімнен тілерім: Кісі киімнен арзан болмаса, шіркін-ай! Нағашыбай МҰҚАТОВ Қостанай

3220 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5863

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5515

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3252

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2636

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2597

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2575

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2309

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2292

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы