• Ақпарат
  • 31 Мамыр, 2012

"АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ" ТАПСЫРЫЛДЫ

Қазақстан баспасөз клубында журналистерге сыйлықтар тапсырылды, сондай-ақ жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл басқосудың тағы бір ерекшелігі – Қазақстан Журналис­тика академиясына жаңадан академиктердің қабылдануы еді. Олардың ішінде белгілі қаламгер, ұзақ жылдар бойы баспасөз саласында жемісті қызмет етіп келе жатқан, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Самат Ибраим да бар. Мұндай құрметке ие болуы газет ұжымы үшін де ­– зор абырой. Журналистика академиясының академиктері қатарына қабылданғандар ішінде «Новая газета – Казахстан» ба­сы­лымының бас редакторы Амантай Дандығұлов және тележурналист, «Портрет недели» бағдарламасын жүргізуші Сергей Паномарев бар. Аталған академия президенті Сағымбай Қозыбаев жаңа академиктерге дипломдар мен дәстүрлі, мәртебелі журналистік «Алтын жұлдыз» сыйлығын тапсырды. «Алтын жұлдыз» сыйлығына «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Айнаш Есали, «Алматыкітап» баспасының басшысы Эленора Баталова, павлодарлық фотожурналист Владимир Бугаев ие болды. Осы шара барысында Журналистика академиясының президенті, профессор Сағымбай Қозыбаевтың «Гордое имя – журналист» атты кітабының тұсаукесері өтті. Автор бұл кітабында журналист қауымының қоғамда алар орнына баса көңіл бөледі. Біз мәртебелі атақ пен сыйлыққа ие болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз. Нұркен Жандәулетұлы

2452 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8781

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7071

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4815

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4201

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4163

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4124

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3854

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3854

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы