• Ақпарат
  • 31 Мамыр, 2012

АТТЕСТАТТАУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Елбасы биылғы жылы «Қазақстан Рес­публикасы құқық қорғау органдарының қыз­мет­керлерін кезектен тыс аттестаттаудан өт­кізу туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Елбасы Жарлығына сәйкес барлық құ­қық қорғау органдарының жеке құрамынан 110 мыңға жуық адамды аттестаттаудан өткізу жоспарланып отыр. Аттестаттауды өткізу ережесіне сәйкес, елімізде құрамында 500-ден астам адам болатын 90-нан аса аттес­таттау комиссиялары жұмыс істейтін болады. Құрамына Президент Әкімшілігінің бас­шысы, Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңге­рушісі, хатшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің төрағасы, Әділет министрі, сондай-ақ бағы­ныстылары сынақты бастан кешетін ведомстволардың басшылары – Бас прокурор, Қаржы полициясы басшысы, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Қаржы министрлері кіретін аттестаттау комиссиясы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лайықты бағалануына төрелік етеді. Ал шараның жариялылығын қамта­масыз ету мақсатында ҚР Прези­дентінің ресми сайтында «Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезек­тен тыс аттестаттау» атты арнайы бөлім ашылды. Мұнда аттестаттаудың өту барысы туралы ақпараттар ұсынылмақ. Бұл жұмыстардың да өз мәні мен мағынасы бар. Себебі қоғамда аттестаттаудың шы­найылығына күмәнмен қараушылар да бар екені белгілі. Осындай түсінбестіктер болмасы үшін ол мейлінше ашық әрі жария түрде өтіп отыр. Дәуіржан Төлебаев

2436 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8752

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7056

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4800

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4186

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4148

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4109

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3839

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3839

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы