• Ақпарат
  • 31 Мамыр, 2012

БӨБЕКТІҢ КҮЛКІСІ

күмістей таза... Күн жебеп гүлдер жайнады, Гүлге кеп бұлбұл сайрады. Бөбегім күліп, жайдары, Бөленіп гүлге ойнады. Бұлақтай мөлдір сылдыры, Құрақтай көркем сыбдыры. Күлкісі әсем бөбектің – Күмістей таза сыңғырлы. Балқытқан бойын ананың, Шалқытқан көңілін бабаның. Күніндей жарқын ғаламның, Күлкісі – бақыт баланың. Күлкі мен шаттық күнің көп, Күле бер, бөпем, күнім боп. Балалық Ау, балалық! Балалық! Ауламызға баралық. Шаттанып би билейік, Шаттық әнге салалық! Қызық-думан, балалық, Қызығыңды табалық. Ойнап-күліп, шынығып, Оқып,білім алалық. Бақытты жас балалық, Бақытыңнан жаралып. Елге нұр боп, таралып, Еңбекке де баралық. Ұлан мен уақыт «Еріншексің» дегізбей, Ерте тұрам сегізде. Ширығамын мен енді: Шынықтырам денемді. Тартып кран суынан, Тазаланып, жуынам. Орнымен жеп тамақты, Орындаймын сабақты. Көп отырмай, арада Көмек берем анама. Мен емеспін салақ, паң Мектептегі сабақтан. Кешікпеймін, келемін, Кедергіні жеңемін. Әр сабақтың үстінде, Әдеп сақтап ісімде. Ұстаз сөзін тыңдаймын, Ұғымымды шыңдаймын. Сабақтан соң ойнаймын, Сан қызыққа тоймаймын. Таңдап, кітап оқимын, Талдап, ойға тоқимын. Үйірмеге аптығам, Үйімде де жаттығам. Тұрам айтқан сөзімде, Тура онның кезінде. Ұйпаланбай қалжырап, Ұйықтаймын балбырап.... Пайдаланған уақытты Пайымды Ұлан – бақытты.

2399 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8750

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7055

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4799

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4185

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4147

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4108

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3838

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3838

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы