• Мәдениет
  • 07 Маусым, 2012

«Отаным – махаббатым менің»

Алматыдағы Қазақстан Суретшілер одағының көрме залында белгілі қылқалам шебері Бірғали Байекеевтың шығармашылығына 50 жыл толуына байланысты көрме өтті. Шараның ашылу салтанатында ҚР Суретшілер одағының төрағасы Байтұрсын Өмірбеков, белгілі қаламгерлер Темірхан Медетбек, Мір-Шайыр, өнертанушы Ирина Пен, ғалым Жұмат Тілепов сөз сөйледі. «Отаным – махаббатым менің» деп аталатын көрмеге суретшінің 40-қа жуық туындысы қойылған еді. Журналист, суретші, ақын, сазгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бірғали Байекеев 1953 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр ауылында туған. Талантты жастың туындылары қазақтың белгілі қаламгерлері – Сейдахмет Бердіқұлов, Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова және атақты қылқалам шебері Сахи Романның назарына ілігіп, жоғары бағаланды. Ол 1960-1980 жылдардағы республикалық және Бүкілодақтық байқаулардың лауреаты атанады. Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлықтың иегері. Суретшінің тағы бір ерекше қыры – журналистика саласында да қалам тартып, ұзақ жылдар бойы әртүрлі басылымдарда еңбек етті. ҚазМУ-дың журналистика факультетін, Мәскеудегі Халық өнері университетін бітірген. Маңғыстау, Бейнеу аудандарындағы газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, облыстық «Маңғыстау» газетінің меншікті тілшісі болды. Бүкілодақтық әуесқой суретшілердің және бейнелеу байқауларында жүлделі орындарды иеленген. Ол «Құбыла сөз», «Кісілік кілті» кітабының авторы. – Сегіз қырлы, бір сырлы, жан-жақты­лығымен әрі қарапайымдылығымен ерек­ше­ленетін Бірғали Байекеев денсаулығына байланысты көрмеге келе алмады. Көрмеде­гі суреттердің барлығы газетке басылған. Ол суретші мамандығын арнайы оқымаса да, оның салған суреттері кәсіпқой суретшіден кем емес. Графика ақ пен қара түске негіз­делген. Оның суреттерінде ұлттық құнды­лықтар, әлеуметтік мәселелер, нәзіктік байқалады, – деді ҚР Суретшілер одағының төрағасы Б.Өмірбеков. Салтанат ҚАЖЫКЕН

2913 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8781

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7071

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4815

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4201

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4163

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4124

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3854

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3854

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы