• Мәдениет
  • 07 Маусым, 2012

Үкілі Ыбырай әндері шырқалды

Қазақ елі дарындар мен таланттарға бай. Небір дүлдүл күйшілер, күміс көмей әншілер Алтай мен Атыраудың арасында көсіліп жатқан кең даланы ән мен күйге бөлеп, халықтың ықыласы мен жоғары бағасына ие болды. Кешегі өткен Ақан сері, Біржан сал, Мұхит, Жаяу Мұса, Әсет пен Мәди, ұлы күйші Құрманғазы, Диналардың дәстүрлі мектептері саф алтындай таза өнердің ғажайып үлгісі емес пе еді? Қазіргі жаңарған әлемде, жаңаша мазмұнға ие болған қоғамда сол бір ұлы тұлғалардың өнерін насихаттап, ертеңгі келетін ұрпаққа аманат етіп қалдыру – тәрбиелік мәні терең, өнегелі істердің бірі болса керек. Осындай өнерге үлкен мән беріп, шашбауын көтеріп келе жатқан «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі осыдан бірер ай бұрын әнші Жаяу Мұсаға арнап ән кешін ұйымдастырса, жақында біртуар асқақ дарын Үкілі Ыбырайдың шығармашылығына арнап «Ханнан да қадірлімін туған елге» атты музыкалық мазмұнға бай кеш өткізді. Бұл концертке Үкілі Ыбырайдың әндерін тұмардай қастерлейтін еліміздің түкпір-түкпірінен келген әншілер қауымы жиналды. Шалқар әнге сусап қалған жұртшылық бұл кеште «Аңшының әні», «Толқын», «Жиырма бес», «Қызыл асық», «Шалқыма», «Қайран, Гәкку», «Гәкку» әндерін белгілі әншілер Жоламан Құжимановтың, Ерлан Төлеутайдың, Ардақ Исатаеваның, Ерлан Рысқалидің орындауында тамашалады. Үкілі Ыбырайдың дәстүріне салып, мың құбылта шырқады. Әсем әндерден бөлек сахналық қойылым­дар да көрермен көңілін бір серпілтіп тастады. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, режиссер Сағызбай Қараба­лин­нің сахналауымен «Гәкку» әнінің шығу тарихынан шағын қойылым көрсетілді. Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен жасөспірімдер театрының Қуаныш пен Толқын есімді жас артистері Үкілі Ыбырай мен Кәкиманың рөлін сәтті ойнап шықты. Концертте көрермен қауым Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы туралы біраз жайларға қанық болды. Ол жөнінде өнер зерттеушісі әрі кештің жүргізушісі Ерлан Төлеутай айтты. Кеш қонағы, күйші Жарқын Шәкәрім ұлттық мұра мен ұлы ком­позиторлардың өнерін насихаттауда «Дала дауылпаздары» жобасының маңы­зына ерекше тоқталды. Көрер­мен назарына алғаш ұсынылған әндер де болды. Белгілі әнші, ұстаз Жоламан Құжимановтың жинақтауымен әрі үйретуімен «Қарагөз», «Кідік-ай», «Ыбырайдың термесі», «Көкейкестік», «Елді сағынғанда», «Желдірме» әндері сахна төрінен тұңғыш әуеледі. «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі алдағы уақыттары Әсет, Мәди, Қапез, Кенен, Нартай, Жамбыл әндерінен өнер мен ән кештерін өткізуді жоспарлап отыр. Дәуіржан Төлебаев

4085 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8784

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7074

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4817

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4203

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4165

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4126

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3857

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3856

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы