• Ақпарат
  • 05 Шілде, 2012

Мереке құшағында

Кино фестивалінің қызықтары Елорданың 14 жасқа толған туған күнін мерекелеу қарсаңында 1-3 шілде күндері Астанада белгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтің ІІІ халықаралық Астана экшн-фильмдері фестивалі өтті. Биыл үшінші рет өткізілген фестивальге әлемдік кино индустриясында өзіндік қолтаңбасы бар  белгілі француз актері Венсан Кассель, америкалық режиссер, аты аңызға айналған «Тристан мен Изольда» және «Робин Гуд: Ұрылар ханзадасы» фильмдерін түсірген Кевин Рейнольдс, «Президент Линкольн: Вампирлар аңшысы» фильмінің продюсері Джим Лемли мен танымал продюсерлер Джон Дж. Келли, Дэни Вульф пен Канг Дже Гю, ресейлік жұлдыздар Елизавета Боярская, Алексей Воробьев, Мария Голубкина, Галина Коньшина, Артем Ткаченко, Юлия Ковальчук, Аркадий Укупниктер келді. Шетелдік қонақтардан өзге өзіміздің әйгілі кино жұлдыздарымыз Асанәлі Әшімов, Рашид Нұғманов, Венера Нигматуллина бастаған актерлер мен Ақан Сатаев қостаған режиссерлеріміз де қызылтүкті кілемнің үстімен жүріп өтті. Фестиваль Тимур Бекмамбетовтің режиссерлік жұмысы – «Президент Линкольн: Вампирлер аңшысы» фильмімен ашылды. Жалпы экшн-фильмдер фестивалі шеңберінде әлемнің белгілі кино жұлдыздарымен баспасөз-конференциялары, эксклюзивті сұхбат, қайырымдылық шаралары,  Қазақстан және Ресей жобаларының тұсаукесері, «Қысқа метражды кино түні», «АртФест» артинсталляция, бейнеинсталляция тұсаукесері, суперкейіпкерлер костюмдерінің байқауы өткізілді. «Азия жаңғырығы» Елорданың 14 жасқа толған туған күнін мерекелеу шараларының басы жексенбі, яғни 1 шілде күні астаналық циркте «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнерінің  фестивалі шымылдығын түрді. Дәстүрге айналған фестиваль  қалалықтардың сүйікті шарасына айналған. Жыл сайын  «Цирк дарындары» шоуы қалалықтардың сүйіктісіне айналып келеді. Биыл «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалінің 5 жылдық мерейтойы. Сондықтан 1-8 шілде аралығында әлем сахнасының танымал артистері мен жұлдыздары мерейтойлық фестиваль қатысушы­ларына айналады.   Көпұлтты цирктің көркемдігі мен ерекше көрінісін биыл Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия мен Қазақстан артистері көрсетіп жатыр. Фестиваль бағдарламасына Моңғолияның епті де өнерлі қыздары, Қытайдың бірегей әуе гимнасшылары, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстанның қайталанбас әрі жарқын цирк көріністері және үйретілген аю, пони, лама, маймыл, жолбарыс, көңілді сайқымазақтар циркке ынтызар қауымның көзайымына айналуда. Бұл мерейтойлық фестиваль барша цирк қоғамдастығы мен цирк жанкүйерлерінің назарын өзіне аудартып, Астананы цирк өнерінің астанасы ретінде таныстыруда. Бейбітгүл ИСАЕВА

2497 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9279

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7357

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5100

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4482

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4446

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4405

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4142

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4135

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы