• Ақпарат
  • 05 Шілде, 2012

Арманға қол создырған ару қала

Күні ертең еліміздің асыға күтетін мейрамы – Астана күні. Мемлекетеміздің бас қаласы - Астана жылдан-жылға жақсара түсіп, халықаралық сипаттағы маңызды кездесулер өтетін орталыққа айналды. Әлем жұртшылығы Астана арқылы Қазақстанды танып білді. Астана арқылы еліміздің бейбітшілікке, ынтымаққа, экономикалық өсімге, өрлеп, сатылап дамуға қадам басқанына куә болды.

Осылайша, бүкіл халықтық мақ­танышқа айналған Елордамыз бүгінде саяси-экономикалық шешімдер қабылданатын қала болуымен қатар, әсем салтанатымен келешекке бой түзеп, жайнап, жасарып, өсіп келеді. Бұған дәлел жыл сайын, тіпті ай са­йын жаңадан іске қосылып жатқан әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, мәдени ошақтар. Биыл да Астананың туған күні қарсаңында көз тартарлық, заманауи үлгідегі бірнеше ғимараттар бой көтеріп, қаланың сәулетіне жаңа реңк пен бояу алып келді. Солардың бірі – «Қобыз сарайы» концерт залы. «Қобыз сарайы» өнерсүйер қауымның сүйікті мекеніне айналмақ. Бірегей мәдени нысан қазақтың ұлттық-фольклорлық музыкасын насихаттау және шетелдік туристерді көптеп тарту мақсатында салынған. Концерт залының бір ерекшелігі – мұнда акустикалық та­лаптардың барлығы сақталынған. Сахнадан әуелеген әуендер тың­дар­мандарына дыбыс күшейткіш құ­рыл­ғысыз-ақ естіледі. Ғимаратта кон­церт залынан бөлек 125 орындық 79 қо­нақүй нөмірі, 170 орынға арналған мейрамхана, 80 орындық дәмхана, фитнес орталығы орналасқан. Бір сөз­бен айтқанда, «Қобыз сарайы» орталығы бүгінгі заманның барлық талаптарына толығымен жауап беретіндей. Астанада салынып жатқан Клас­сикалық опера және балет теат­рын бой көтеріп келе жатқан ерекше мәдени нысандар қатарына жатқызуға болады. Құрылыстың біту мерзімі осы жылдың желтоқсан айына белгіленіп отыр. Ғимарат сәулет өнерінің ғажайып үлгілерімен тұрғызылуда. Бұл театрдың дүниеге келуі Астана жұртшылығы үшін елеулі оқиғаға айналмақ. Астана тойына орайлас келіп ашыл­ған әлеуметтік маңызды нысанның бірі – 350 төсек-орынға арналған №2 қалалық балалар ауруханасы. Бұл аурухана балалар денсаулығын қорғаудың қазіргі заманғы медициналық аппаратарымен, диагностикалық құрылғылармен, компьютерлік технологиялармен жабдықталған. Мұнда бет-жақ хирургиясы, оңалту сынды жаңа бөлімшелермен қатар нейрохирургия, неврология бөлімшелері жұмыс жасайтын болады. Ауруханада қызмет істейтін дәрігерлер шет мемлекеттерде арнайы дайындықтан өтіп, білімдерін жетілдіріп келген. Елордамызда өндіріс орындары да дамып келеді. Солардың бірі – Eurocopter зауыты. Ол тікұшақтарды құрастыру және оларға қызмет көрсету үшін салынуда. Бұл зауыт Қазақстан мен Франция елдерінің арасындағы келісім негізінде жүзеге асты. Eurocopter зауытына жергілікті мамандар да тартылып, олар тікұшақты құрастырудың, басқарудың және оған қызмет көрсетудің қыр-сырын үйренбек. Елбасының идеясымен жүзеге ас­қан Астана маңындағы орман белдеу­лері қанатын кеңге жайып, қаланы жасыл желекке орап, көркейте түсуде. Бүгінде Астана маңында 60 мың гектар ағаш отырғызылса, қаланың өзінде 16 мың гектар ағаш бой түзеген. Бұл орман ағаштарын келешекте Бурабайға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша, Астана қаласының дамуы әлемдік деңгейдегі қалалардың даму қарқынынан қалыс қалып жат­пағанына көз жеткізуге болады. Елор­дамыздың Қазақстанның өзге де қалаларына үлгі боларлықтай гүлденіп, өркендеуі бүкіл халқымыздың бойына рух беріп, жігеріне жігер қосып, жарқын үміт пен биік арманға қол создыруда. Астананың тойы ұлттық бірігудің, достықтың, табысты болашақтың тойы екеніне ешқандай күмәніміз жоқ. Дәуіржан Төлебаев

2614 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9267

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7350

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5093

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4475

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4439

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4399

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4135

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4127

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы