• Мәдениет
  • 12 Шілде, 2012

Бақ шаба ма, бап шаба ма?

Шілденің 27-сі күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында ХХХ Жазғы олимпиада ойындары басталады. Төрт жылда бір рет келетін дүбірлі додаға әлемнің 205 елінен барлығы 12 500 спортшы қатысады деп күтілуде. Спорттың 39 түрінен 302 алтын сарапқа салынатын айтулы дода тамыздың 12-сіне дейін жалғасады.  Жалпы Лондон қаласы биыл осымен үшінші рет олимпиада ойындарын өткізгелі отыр. Мәселен, бұған дейін 1908 және 1948 жылдары бұл қалада Жазғы Олимпиада ойындары өткен еді. Ал биыл­ғы дүбірлі дода Олимпиада, Өзен, Орталық аймақтары мен футбол стадиондары және қала сыртындағы ғимараттар­да өтетін көрінеді. Лондондағы Олимпиада стадионында (Olympic stadium) Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты өтеді. Сонымен қоса, бұл стадионда жеңіл атлетика жарыстары өткізіледі. Стадионның сыйымдылығы – 80 000 адамға арналған. Бұл жағынан ол атақты «Уэмбли» (90 000) мен «Туикенем» (82 000) стадиондарынан кейінгі үшінші арена болып табылады. Стадионның құрылысы былтыр ғана толық аяқталыпты. Бұл стадион ағылшынның «Вест Хэм Юнайтед» футбол командасына тиесілі. Олимпиада аймағына қарасты су орталығы, Лондондағы велобақ, хоккей орталығы, баскетбол, гандбол ареналарында командалық ойындарға негізделген спорт түрлері бойынша жарыс өткізеді. 48 алтын сарапқа салынатын жеңіл атлетика мен жүзу (барлығы 32 алтын жүлде) сынды спорт түрлері де осы жерде өтеді. Өзен аймағында спорттың бокс, семсерлесу, дзюдо, үстел теннисі, таэквондо, ауыр атлетика, күрес, гимнас­тика, бадминтон, нысана көздеу, қазіргі бессайыс сияқты спорт түрлері өтетін болады. Бұл спорт түрлері Лондондағы көрме орталығы, Гринвич саябағында, ал Орталық аймақта жағажай волей­болы, футбол, веложарыс, теннис сияқты спорт түрлері атақты «Уэмбли» стадионы мен соның төңірегіндегі спорткешендерінде өтеді. Футбол стадиондары аймағында негізінен аяқдоп шеберлерінің турнирі қызады. Жарыс тек Лондон қаласында ғана емес, Глазгоның «Хэмпден Парк», Кардиффтегі «Миллениум», Манчестердегі «Олд Траффорд», Ньюкаслдағы «Сент-Джеймс Парк», Бирмингемдегі Вилла Парк және Ковентридегі «Ковентри» стадиондарында өтетін болады. Ал қала сыртындағы аймақта маутин-байк, байдарка және каноэде слалом бойынша есу, ашық суда жүзу сияқты спорт түрлерінен жарыс өтеді. Бұл жарыстар Портленд аралы мен Хадли саябағында өтпек. Олимпиада ойындарында әр елдің спортқа қалай мән беретіні, көзқарасы, жастардың салауатты өмір салтын қалай ұстанатындығы байқалатыны ақиқат. Елі­міз Тәуелсіздік алғалы бұған дейін 4 рет Жазғы олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Мәселен, 1996 жылы Атлантада 3 алтын, 4 күміс, 4 қола еншілесе, ал 2000 жылы Сиднейде 3 алтын, 4 күміс жүлдені олжалады. 2004 жылы Афинада 1 алтын, 4 күміс, 3 қола алды. Ал 2008 жылы Бейжің олимпиадасында 2 алтын, 4 күміс, 7 қола жүлдені спортшыларымыз жинағаны есімізде. Сонда 9 алтын, 16 күміс, 14 қола, барлығы 39 жүлдеміз бар. Алтын жүлденің көбісін боксшыларымыз иеленгені белгілі. Міне, биыл да олимпиада кезінде былғары қолғап шеберлері алтын алады деп сенеміз. ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев Лондон олимпиадасында ел спортшылары 3 алтын алып, алғашқы 25 елдің қатарынан қосылу керек деп бағамдады. Себебі, 2011 жылғы әлем чемпионаттарының қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстанның спорттық командасы 2 алтын, 7 күміс, 6 қола медальмен, барлығы 15 жүлде иеленіп, жалпы медаль саны бойынша 14-ші орынға табан тіреген. Ал алтын медальдарының саны бойынша 22-ші орында тұр! Бұл спортшыларымыздың көрсеткішінің біршама артқанын байқатады. 2007 жылы Пекин Олимпиадасының алдында спортшыларымыз әлемдік рейтингте 42 орында болған еді. Жалпы қазақстандық олимпиадашылардың алғашқылары Лондонға 18 шілде күні жолға шығады. Ал қалған спортшылар Ұлыбританияға жарыс кестесіне сай аттанбақ. Негізінен, спортшылар сол елдің ауа райына жақсы бейімделу үшін жарысқа 2-3 күн қалғанда бара бастайды. Биылғы олимпиада кезінде алтын мен жүлде алуға лайықты спортшыларымыздың саны жеткілікті. Лайым, Алла тағала бізді тіл-көзден сақтап, спортшыларымыздың бабы мен бағы жануына жәрдемдессін демекпіз! «Қасиетті Ораза айына тұспа-тұс келіп тұрған ХХХ жазғы Лондон Олимпиадасында Қазақстаннан баратын мұсылман спортшылардың ораза ұстауына болады» деп мәлім етті BNews.kz тілшісінің сұрағына жауап берген ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев. Оның айтуынша, олимпиадаға бара жатқан спортшыларға жан-жақты жағдай жасалғандығын, әрбір спортшының жеке бөлмесі болатындығын, ал спорт­шылардың өз ыңғайына қарай ораза ұстауларына болатындығын атап өтті. Т.Ермегияев алдағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлеттерімізге үлкен сенім артатындығын тілге тиек етті. Ол ауыр атлетшілеріміздің ішінде 5 спортшының алтын алуы әбден мүмкін екендігін жеткізді. Нұрлан ҚҰМАР

Олимпиадаға кімдер барады?

Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өтетін ХХХ Жазғы олимпиада ойындарының ашылуына 15 күн қалды. Қазақ атлетшілері спорттың 25 түрінен әзірге 115 жолдама еншіледі. Осы орайда төменде олимпиада ойындарына жолдама алған спортшылардың тізіміне көз жүгіртелік.

1. Нысана көздеу (2 жолдама) 1. Вячеслав Подлесный (Павлодар, 50 метрмен тапаншамен көздеу) 2. Ольга Довгун (Астана, Мылтық.Нысананы үш түрлі жерден көздеу) 2. Ауыр атлетика (8 жолдама) 1. Зульфия Чиншанло (Алматы, 53 келі) 2. Майя Манеза (Алматы, 63 келі) 3. Светлана Подобедова (Алматы, 75 келі) 4. Илья Ильин (Қызылорда, 94 келі) 5. Алмас Өтешов (Қызылорда, +94 келі) 6. Анна Нұрмұхамедова (Алматы, 69 келі) 7. Фархад Харки (Ақтөбе, 62 келі) 8. Арли Чонтей (Оңтүстік Қазақстан облысы, 56 келі) 3. Жеңіл атлетика (25 жолдама) 1. Дмитрий Карпов (Қарағанды, онсайыс) 2. Ольга Рыпакова (Шығыс Қазақстан облысы, үш қарғып секіру) 3. Айман Қожахметова (Алматы, 20 шақырымдық спорттық жаяу жүріс) 4. Шолпан Қожахметова (Алматы, 20 шақырымдық спорттық жаяу жүріс) 5. Ирина Карпова (Қарағанды, жетісайыс) 6. Ирина Эктова (Солтүстік Қазақстан облысы, үш қарғып секіру) 7. Евгений Эктов (Солтүстік Қазақстан облысы, үш қарғып секіру) 8. Марина Аитова (Алматы, биіктікке секіру) 9. Анастасия Сопрунова (Шығыс Қазақстан облысы, кедергісі бар 100 метрге жүгіру) 10. Маргарита Мұқашева (Солтүстік Қазақстан облысы, 800 метрге жүгіру) 11. Виктория Зябкина (Алматы, 200 метрге жүгіру) 12. Георгий Шейко (Батыс Қазақстан облысы, 20 шақырымға спорттық жаяу жүріс) 13. Наталья Ивонинская (Оңтүстік Қазақстан облысы, 100 метрге жүгіру) 14. Вячеслав Муравьев (Қарағанды, 200 метрге жүгіру) 15. Никита Филиппов (Алматы, сырықпен секіру) 16. Артем Косинов (Алматы, 3000 метрге жүгіру) 17. Анастасия Пилипенко (Алматы, кедергісі бар 100 метрге жүгіру) 18. Ольга Блудова (Қарағанды, 100 метрге жүгіру) 19. Марина Масленко (Қостанай, 400 метрге жүгіру) 20. Виктор Лептиков (Қызылорда, кедергісі бар 400 метр­ге жүгіру) 21. Александра Фишер (Павлодар, ядро лақтыру) 22. Сергей Зайков (Павлодар, 400 метрге жүгіру) 23. Роман Валиев (Павлодар, үш қарғып секіру) 24. Денис Семенов (Маңғыстау облысы, кедергісі бар 100 метрге жүгіру) 25. Татьяна Азарова (Қарағанды, кедергісі бар 400 метр­ге жүгіру) 4. Қазіргі бессайыс (2 жолдама) 1. Рүстем Сабырхузин (Алматы) 2. Павел Ильяшенко (Астана) 5. Бокс (9 жолдама) 1. Біржан Жақыпов (Оңтүстік Қазақстан облысы, 49 келі) 2. Ілияс Сүлейменов (Астана, 52 келі) 3. Қанат Әбутәліпов (Астана, 54 келі) 4. Ғани Жайлауов (Жамбыл облысы, 60 келі) 5. Данияр Елеусінов (Астана, 64 келі) 6. Серік Сәпиев (Қарағанды, 69 келі) 7. Данабек Сужанов (Шығыс Қазақстан облысы, 75 келі) 8. Әділбек Ниязымбетов (Маңғыстау облысы, 81 келі) 9. Иван Дычко (Қостанай, +91 келі) 6. Байдарка және каноэде есу (4 жолдама) 1. Наталья Сергеева (Алматы, К-1 500 метр бойынша) 2. Алексей Дергунов (Батыс Қазақстан облысы, К-2 1000 метр бойынша) 3. Евгений Алексеев (Оңтүстік Қазақстан облысы, К-2 1000 метр бойынша) 4. Александр Дядчук (Алматы, С-200 метр бойынша) 7. Грек-рим күресі (5 жолдама) 1. Алмат Кебісбаев (Астана, 60 келі) 2. Дархан Баяхметов (Алматы, 66 келі) 3. Асхат Ділмұхамедов (Алматы, 74 келі) 4. Даниял Гаджиев (Батыс Қазақстан облысы, 84 келі) 5. Нұрмахан Тінәлиев (Алматы, 120 келі) 8. Еркін әдіс бойынша әйелдер күресі (3 жолдама) 1. Жұлдыз Ешімова (Астана, 48 келі) 2. Елена Шалыгина (Оңтүстік Қазақстан облысы, 63 келі) 3. Гүзел Манюрова (Алматы, 72 келі) 9. Еркін күрес (7 жолдама) 1. Дәулет Ниязбеков (Қызылорда, 55 келі) 2. Дәурен Жұмағазиев (Алматы 60 келі) 3. Ақжүрек Таңатаров (Жамбыл облысы, 66 келі) 4. Абдулхәкім Шәпиев (Батыс Қазақстан облысы, 74 келі) 5. Таймураз Тигиев (Батыс Қазақстан облысы, 96 келі) 6. Дәурен Шабанбай (Павлодар, 120 келі) 7. Ермек Байдуашев (Оңтүстік Қазақстан облысы, 84 келі) 10. Велошоссе (2 жолдама) «Тур де Франс» көпкүндік турнирі аяқталған соң, олимпиадаға баратын екі спортшының аты-жөні алдағы уақытта анықталатын болады 11. Таэквондо (3 жолдама) 1. Нұрсұлтан Мамаев (Оңтүстік Қазақстан облысы, 58 келі) 2. Гүлнафис Айтмұхамбетова (Атырау, +67 келі) 3. Феруза Ергешова (Оңтүстік Қазақстан облысы, 67 келі) 12. Байдарка және каноэде слалом бойынша есу (1 жолдама) 1. Рафаиль Вергоязов (Шығыс Қазақстан облысы, каноэ -1) 13. Спорттық гимнастика (2 жолдама) 1. Степан Горбачев (Алматы, көпсайыс) 2. Мөлдір Әзімбай (Оңтүстік Қазақстан облысы, көпсайыс) 14. Стенд бойынша нысана көздеу (1 жолдама) 1. Ангелина Мищук (Оңтүстік Қазақстан облысы, скит) 15. Көркем гимнастика (1 жолдама) 1. Анна Алябьева (Астана, көпсайыс) 16. Су добы (13 жолдама) 1. Ерлер командасы – 13 адам. Бәрі Алматы қаласының өкілдері. 17. Семсерлесу (3 жолдама) 1. Эльмир Әлімжанов (Алматы, сапы) 2. Дмитрий Алексанин (Алматы, сапы) 3. Юлия Живица (Алматы, сапы) 18. Синхронды жүзу (2 жолдама) 1. Анна Кулькина (Алматы, дуэт) 2. Әйгерім Жексембинова (Алматы, дуэт) 19. Академиялық есу (2 жолдама) 1. Владислав Яковлев (Қарағанды, жекелей өнер көрсету) 2. Светлана Германович (Қарағанды, жекелей өнер көрсету) 20. Дзюдо ( ерлер, 7 жолдама) 1. Еркебұлан Қосаев (Шығыс Қазақстан облысы, 60 келі) 2. Сергей Лим (Алматы, 66 келі) 3. Ринат Ибрагимов (Атырау, 73 келі) 4. Ислам Бозбаев (Қарағанды, 81 келі) 5. Тимур Болат (Астана, 90 келі) 6. Максим Раков (Қарағанды, 100 келі) 7. Ержан Шынкеев (Қарағанды, +100 келі) Дзюдо ( қыздар, 2 жолдама) 1. Гүлжан Исанова (Қарағанды, +78 келі) 2. Александра Подрядова (Оңтүстік Қазақстан облысы, 48 келі) 21. Қыздар боксы (2 жолдама) 1. Саида Хасенова (Алматы, 60 келі) 2. Марина Вольнова (Астана, 75 келі) 22. Ашық суға жүзу (1 жолдама) 1. Юрий Кудинов (Алматы, 10 шақырымдық қашықтық бойынша) 23. Садақ ату ( 2 жолдама) 1. Денис Ганькин (Алматы) 2. Анастасия Баннова (Батыс Қазақстан облысы) 24. Теннис (3 жолдама) 1. Ярослава Шведова (Астана) 2. Галина Воскобоева (Астана) 3. Михаил Кукушкин (Астана) 25. Суға жүзу (2 жолдама) 1. Александр Тарабрин (Ақтөбе, 100 метрге шалқалап жүзу) 2. Владислав Поляков (Солтүстік Қазақстан облысы, 100 метрге брасс әдісімен жүзу).

3684 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9273

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7354

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5097

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4479

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4443

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4402

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4139

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4132

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы