• Қоғам
  • 12 Шілде, 2012

Арсыздық пен азғындыққа апарар амал

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының сорақы сайысты болдырмауға қатысты МӘЛІМДЕМЕСІ

Аса қамқор ерекше Алланың атымен бастаймын!

Қарт қара жер бүгінге дейін қаншама зұлмат қылмыс­тар мен ауыр күнәларды көтеріп келгені мәлім. Бір белгілісі, қасиетті Құранның тәліміне сүйенсек, қара жердің өзі үстінде жасалған барлық жақсылық пен жамандықты баян ететін күн келеді (Қараңыз: «Зілзала» сүресі, 4-аят). Алайда осы бір ақиқатқа көз жұма қарап, жер бетінде арсыздық пен азғындықты жайған залымдар тарихта аз болмаған. Хайуан екеш хайуан да жасамайтын кейбір қылықтар адам бойынан табылды. Мәселен, адамды Құдайға емес, өзіне табындырған Перғауынның өлімі, Лұт қауымының жер бетінен тып-типыл жойылуы, Нұх пайғамбар (ғ.с.) сөзіне құлақ аспағандарды тірідей жұтқан топан су, бәрі де азғындық пен шектен шығушылықтың салдары еді. Енді, міне, ғасырлар бойы мұсылман болып келген қазақ елі небір зұлматтардан аман өтіп, жаңа заманға аяқ тіреп, еңсесін тіктеп, иманды өмірге бет бұра бастағанда, «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты». Сарыарқаның төсінде, дәлірек айтқанда, әсем қала Астанада жастар арасында сорақы сайыс өткізу туралы «бастама» есті жұртты елең еткізді һәм ұлт пен дін жанашырларының наразылығын тудырды. Оған 13 шілде күні өтетін сайыста Астана жастарының ардан безуі себеп болмақ. Осынау бәлелі істің басы-қасында жүрген Ербол Құшұғылов осыған дейін (2010 жылдың 25 желтоқсанында) «Нұр Астана» мешіті жанындағы «ASIA PARK» сауда үйінде тырдай жалаңаштар жарысын өткізіп, ұлттық ар-намысты аяқасты еткені есімізде. Енді екі күн бойы (48 сағат) бұғанасы бекімеген, рухани діңгегі қатпаған жас­тарды жұрт көзінше сүйістіріп, бойларын арсыздыққа үйретпек. Жастарды жалаңаштау да, сүйістіру де – түптеп келгенде ұлтты азғындыққа салудың алғашқы баспалдақтары. Бұл біздің елдің имандылығы мен адамшылығын сарапқа салары анық. «Күнәлі іспен «Гиннес» кітабына енеміз» деген ойдың өзі неткен қорқынышты, әрі жиіркенішті. Сан ғасырдан бері ұлының иманы мен қызының ибасын өміріне тірек етіп келген момын қазақтың ішінен осындай пайымсыз тентегін тиятын атқа мінер табылмайды дегенге сенгіміз келмейді. Күні кеше ғана бүкіл қазақ мұсылман ел екенімізді айдай әлемге паш еттік. Ғажайып «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылды. Міне, бүгінде рухани келісімнің ордасына айналған Астанада ұлт болашағы – ұл мен қызымызды сүйісуден жарыстыру қаншалықты орынды? «Ай дейтін ажа, қой дейтін қожа» болмаса, ертең елімізде ашық зина жасаудан байқау өткіземіз дейтіндер шықпасына кім кепіл? Адамзаттың асылы ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Егер бір жамандықты көрсең, қолмен түзет, оған шамаң келмесе, тілмен айт, оған да күшің жетпесе, жүрекпен жек көр. Бұл – иманның ең әлсізі», – деген. Ендеше, ел төрінде осындай сорақы істі болдырмауға баршамыз жауаптымыз. Сондықтан «арым – жанымның садағасы» деп өткен арда қазақтың бүгінгі ұрпақтары бұл іске бейжай қарамайды деген сенімдеміз.

3183 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5831

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5495

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3230

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2616

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2577

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2556

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2289

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2271

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы