• Руханият
  • 19 Шілде, 2012

Қасиетті айдағы қайырымдылық

Рамазан – қасиетті ай. Бұл айда жасаған жақсылықтарымыз бен ізгі амалдарымыздың сауабы еселеніп қайтады. Сондықтан болар, бұл айда барша мұсылман жамағаты бір-біріне жақсылық жасап, өзара аламан бәйгеге түсіп жатады. Әлбетте, он екі айдың қадірлісі, ізгі амал жасаған пендеге Алла тағаланың мейірім нұры жауатын, шарапаты мол Рамазан айында мол сауапқа кенелуді қалайтын жұртшылықтың жақсылық жасауға ықыласы да ерекше.  Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі жуырда Рамазан айына байланысты дәстүрге айналған үндеуін жұртшылыққа жария етті. «Жарылқаушы айда жұртқа жақсылық жасайық» атты үндеуде айтылған көңілге қонымды ұсыныстарды іске асырып жатқан Қаратал жұртшылығының бұл қада­мын рақымы шексіз бір Алланың ризашылығын алуға деген ниетінен туындап отыр дегеніміз орынды. Міне, биыл да Қаратал ауданының жұртшылығы үндеуде айтылған игі ұсыныстарды қуана қабыл алып, қолдайтындықтарын білдіруде. Жұрт Алла разылығын алу үшін қасиетті Рамазан айының құрметіне бір ай бойы халық тұтынатын азық-түлік, тұрмыс материалдарын, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орындарының бағасын төмендетіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, жақсылықтың жаршысы болып жүретін кәсіпкерлер: «Қаратал су құбыры» мекемесінің бастығы Юрий Мальгин ардагерлер үшін ауызсу төлемін арзандатып ғана қоймай, тегін пайдалануға қол жеткізді. Нәтижесінде 20 соғыс ардагері, 2 соғыс ардагерінің жесірі ауызсуды тегін пайдаланатын болды. «Қараталирригация» мекемесінің бастығы Тұрсын Оспанов осынша соғыс ардагерлеріне суғарым суын тегін қолдануға жәрдемдесті. Жақсы бастаманы қолға алған нан өнімдерін шығаратын «Ахметбаев» жеке қожалығының басшысы, кәсіпкер Бауыржан Ахметбаев әлеуметтік дүкенге күніне 20 бөлке нанды 20 теңгеден саудалайтын болды. Сонымен бірге жолаушылар тасымалдайтын «Құсайынов» жеке серіктестігінің басшысы Жолдыбай Құсайынов ардагерлерді тегін жол жүру билетімен қамтамасыз етті. Ардагерлер енді Үштөбе қаласы ғана емес, Алматы, Талдықорған бағыты бойынша да тегін жүре алады. Өткен жылы Қаратал ауданының бір топ кәсіпкерлері Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің Рамазан айына байланысты үндеуі шығысымен бағаны арзандатып, тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсетіп, отын-көмірін арзан бағамен саудалап, халықты бір қуантып тастаған болатын. Айталық, Үштөбе қаласындағы «Рахат» сауда үйінде киім-кешек сататын кәсіпкер Бауыржан Сәрсенов, тәтті сусын өнімдерін шығаратын «Башенов» ЖШС басшысы Қасенхан Башенов өз тауарларының құнын төмендетті. Ал «Ауылтехника» АҚ басшысы Сейілхан Беков мұқтаж жандарға көмек қолын созып, халыққа саудалайтын көмірінің бағасын арзандатып, екі мешітті көмір­мен қамтамасыз етсе, «Үштөбе аудандық электр стансасының» басты­ғы Ырғайбек Жапарқұлов Рамазан айында аудандық орталық мешіттің электр қуатын төлемін толықтай өз мойнына алды. Биыл да осы азаматтар оң бастаманы жалғастыруға ниет білдіріп отыр. Бүгінде аудан жұртшылығы бірте-бірте спирттік ішімдіктерден арылып, той, мерекелік дастарқанға қымыз, шұбат қоюды әдетке айналдырып, ата-баба дәстүрін жаңғыртуда. Жыл өткен сайын ауданда мешіт саны көбейіп, Алланың ақ жолын ұстанушылар қатары көбейіп келетіні қуантады. Осылайша сағына күтіп, қимай қоштасатын Рамазан айында жұртшылық имандылыққа бет бұрып, сауап алуға ұмтылып жатыр. Асхат Өмірбаев, журналист Алматы облысы Қаратал ауданы

3073 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5753

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5444

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3182

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2570

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2530

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2508

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2241

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2225

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы