• Білім және ғылым
  • 19 Шілде, 2012

Балалар ойыншығына да көңіл бөлінеді

Санитарлық талаптардың қатаң сақталуы – түптеп келгенде адам денсаулығы үшін қажет екені даусыз. Қоршаған ортада, қызмет орындарындағы тазалықтың сақталуын, азық-түлік пен тағамдардың санитарлық талаптарға сай болуын қадағалайтын мекеменің жұмыстары жыл бойы қауырт жүріп жатады. Тазалық ол – денсаулық кепілі. «Сондықтан бұл мәселенің бүгінгі таңдағы жай-күйі қалай?», «Санитарлық жұмыстардың ерекшелегі неде?» деген сауалдар төңірегінде Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Рахима Алхамқызы ой бөліседі.

– Рахима Алхамқызы, өзіңіз басқарып отырған санитарлық-эпидемиологиялық орталық негізінен қандай жұмыстармен айналысады? – Біздің орталықтың негізгі жұмы­сы «Халық денсаулығы және денсау­лық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу болып табылады. Атап айтқанда, заман талабына сай құрал-жабдықтармен санитарлық-гигиеналық, радиологиялық, микро­биологиялық, вирусологиялық, пара­зитологиялық және басқа да зерттеулер мен сынамалар жүргізіп, оларды талдап, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізіп, соның негізінде қорытынды жасап отыру біздің негізгі жұмысымызға жатады. Орталықтағы әрбір зертхананың өздеріне тиесілі атқаратын міндеттері бар. Мысалы, бір ғана санитарлық-гигиеналық зертхананың өзі өзіміздің күнделікті тұтынатын ауызсуымызды, атмосфералық ауаны, жабық бөлмелердегі ауаның талапқа сай болуын, сонымен қатар топырақтың ылғалдылығын да қадағалайды. Балалардың ойнайтын ойыншықтарын, балалар аяқкиімі мен киімдерін, кеңсе тауарларын, тұрмыстық заттардың талапқа сай болуын назарда ұстайды. Тағам өнімдеріне, жеміс-жидектердің құрамындағы зиянды заттардың мөлшеріне арнайы зертханалық тәсілдер арқылы зерттеулер мен сынамалар жүргізіп, қорытындылар шығарып отырады. – ХХІ ғасырда әртүрлі вирустардан туындайтын аурулардың таралу қаупі жоғары болып отыр. Өзіңіз білетіндей, бірнеше жылдар ішінде әлем ғалымдары вирустардың жаңа түрлерін анықтап, оларға қарсы дәрумендер ойлап тауып жатыр. Мұның барлығы вирусология ғылымының алдында тұрған келелі міндеттердің аса зор екенін көрсетеді. Сіздердегі вирусологиялық зертханаларыңыздың жұмыстарына тоқталсаңыз? – Менің айтпағым, вирустар – генетикалық тұрғыда өзгеріске ұшырауға бейімді келеді. Сол себепті олардың құрамында жаңа қасиеттер пайда болып, тіршілік ету үшін өздерінше әрекет жасайды. Біздің орталыққа қарасты вирусологиялық зертхананың мақсаты кез келген вирустарды, олардың түрлерін дер кезінде анықтап, таралымын тежеу болып табылады. Сол себепті ондай вирустардың алдын алып, күрес жүргізу маңызды шаралардың қатарындағы мәселе. Орталықтың вирусология зертханасында вирустарды зерттеуге классикалық әдістерден басқа, жедел зерттеулер әдістерін кеңінен қолданамыз. Мұның сыртында бізде бактериологиялық зертхана да жұмыс істейді. Ол бекітілген номенклатураға сәйкес тамақ өнімдері мен су сынамаларына микробиологиялық зерттеулер жүргізіп, адам өміріне қауіп төндіретін «сальмоннелла», «шигелла», «дифтерия», «менингит» жұқпаларына қарсы күрес жүргізеді. Бұл вирустардың қор­шаған ортаға бейімделу дәрежесін анықтап, оларға қарсы дәрі-дәрмек­тердің қауқарын тексереді. – Күші вирустардан бір кем түспей­тін паразиттік аурулар туралы не айтар едіңіз? – Өкінішке қарай, паразиттік аурулар адамдар арасында кеңінен таралған аурудың бір түрі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының көрсет­кіші бойынша бүгінгі таңда паразиттік дертке жер бетіндегі тұрғындардың жартысынан көбі шалдыққан. Жыл сайын республика көлемінде 10 мыңнан аса паразиттік аурулардың 93%-ы гельминит жұқпасын жұқтырғандар болса, олардың ішінде бұл аурудың өзге де ауыр түрлері кездеседі. Олар медициналық тілмен айтар болсақ, энтеробиоз, гименолепидоз, аскаридоз, эхинококкоз, тениидоз, тениаринхоз, лямблиоз аурулары деп аталады. Біздің орталықта осы аталған ауру түрлері бойынша да іргелі зерттеулер жасалады. – Жаз мезгілі – жеміс-жидек, көкөніс арқылы таралатын жұқпалы аурулардың көбейетін кезі ғой. Сіздердің орталықтарыңызда жұқпалы аурулар түрлерімен қай зертхана шұғылданады? – Жұқпалы ауру түрлерімен бізде «Аса қауіпті жұқпалы аурулар» зертханасы айналысады. Бұл зертханада бактериологиялық, биологиялық және генетикалық зерттеулердің көптеген түрлері бойынша зерттеулер жүргізіледі. Бүгінде ғылымға белгілі болып отырған күйдіргі, пастереллез, тырысқақ, сарып, туляремия, конго-қырым геморрагиялық безгегі және тағы басқа жұқпалы аурулардың таралмауына тосқауыл қою – зертхананың негізгі мақсатына жатады. Сынамалар алу, жұқпалы аурулардың туындау себептерін анықтау, жаңадан пайда болатын және жедел қарқынмен өршитін ошақтарын тауып, күресуге мүмкіндігіміз мол. Материалдық-техникалық әлеуетіміз қазіргі заман­ның талаптарына толықтай жауап береді. Жұқпалы аурулардың таралмауына үлкен мән бере қараймыз, өйткені ол біздің азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін фактор болып есептеледі. – Қазіргі кезде, жасыратыны жоқ, өзіміздің тыныс алып отырған ауа­мыздың сапасы төмендеп кетті деп мамандар дабыл қағуда. Әсіресе мынау ірі қалалардағы ауаның ластану деңгейі жоғары дегенді естіп қалып жатамыз. Қоршаған ортаның табиғи радиациялық сәулелену деңгейіне зерттеулер жүргізесіздер ме? – Ауаның ластануы жалғыз бізді емес, бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселе десем, қателеспейтін шығармын. Әсіресе ХХІ ғасырда өндіріс саласының жедел қарқынмен дамуы, көлік құралдары санының өсуі қоршаған ортаның экологиялық жағдайына айтарлықтай әсерін тигізетіні сөзсіз. Жоғарыда айтып өткенімдей, біздің санитарлық-эпидемиологиялық орталық ауаның қалыпты жағдайда болуына байланыс­ты ғылыми зерттеулер жүргізеді. Алматы қаласы тұрғындарының ра­диациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік пен ши­кізат өнімдеріне, ауызсу мен су қоймаларындағы суларға, құрылыс материалдарына, дәрі-дәрмек, ағаш өңдеу өнімдеріне, жанармай шикізаттарына, минералды тыңайтқыштар мен ра­диоактивті өндіріс қалдықтарына, құрал-жабдықтардың радиоактивті лас­тануына тексеру, бақылау жұмыстары тұрақты жасалып отырады. Гамма-сәулелену деңгейі де өлшеніп, тиісті пайымдаулар жасалады. – Әңгімеңізге рахмет! Әңгімелескен Дәуіржан Төлебаев

3430 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5772

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5458

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3196

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2582

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2543

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2520

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2254

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2237

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы