• Қоғам
  • 19 Шілде, 2012

Еңбектің көзін тапқанның ұпайы түгел

Баршаға мәлім, жуықта ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деген мақаласы баспасөзде жарияланған болатын. Осы мақалаға орай 13 шілде күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді.  Кеңеске Премьер-министр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы М.Құл-Мұхаммед, Президент Әкімшілігінің басшысы А.Мусин, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Премьер-министрдің орынбасары Е.Орынбаев, Экономикалық даму және сауда министрі Б.Сағынтаев, Қаржы министрі Б.Жәмішев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова, Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов, Мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбай, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының жетекшісі Қ.Ақсақалов қатысты. Бұл кеңес туралы «Хабар» телеарнасынан арнайы репортаж берілген еді. Сөйтіп, жұртшылық бұл кеңестің қалай өткізілгенін, Елбасымыздың өзінің осы мақаласы жөніндегі ой-толғамдары мен кеңеске қатысқандардың пікірлерімен нақты қанықты. Біз де осы репортажды көріп, Елбасымыздың бүкіл халқымызды еңбек етуге тарту арқылы тұрмыс-жағдайларын оңалту мәселесіне билік орындарының жаңаша көзқараспен қарауға жұмылдыруды мақсат еткенін айқын ұғындық. Елбасымыз көптеген мемлекеттер эконо­микалық дағдарыстан шыға алмай жатқанын, алайда еліміздің жағдайы көңіл толарлықтай екенін нақты сандар мен мәліметтерді келтіре отырып сөзін бастады. Сонан кейін осы кеңесте «Қазақстанның әлеуметтік жаң­­ғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоға­мына қарай 20 қадам» деген мақаласын тал­қы­лауға жиналып отырғандарын айтып өтті. «Барлық жетістіктеріміз халықтың, қара­пайым адамдардың тұрмыс-тірлігін оңалтуға бағытталуы қажет», – деп Елбасы мақаласының басты мақсатын бір ауыз сөзбен түйіндеп, одан әрі бұл мәселені жан-жақты түсіндірді.

Біздің қоғамда еңбек қоғамын құруға және қалыптастыруға барлық жұмыстарды орайластырған жөн. Кім еңбек етсе, сол табыс тауып, тұрмыс-тірлігін оңалтады. Билік орындары болса, еңбек ететін әр адамға көңіл бөліп қолдау жасауды ұйымдастыруы тиіс. Ал еңбек ету дегенде Кеңес заманынан қалыптасқандай көзқарас болмауы тиіс. Бұған жаңаша көзқарас қажет. Нұрсұлтан Әбішұлы орыс тіліндегі «Самозанятость» деген сөздің мәнін қалай түсінетіндері жөнінде кеңеске қатысқандарды пікірге тартты. Бұл жөнінде әркім өздерін ойларын айтқаннан кейін Елбасы «Самозанятость» дегеніміз тек кәсіпорындар мен компанияларда, бизнесте ғана емес, жалпы кез келген адамның табыс табу үшін, өзін және отбасын асырау үшін еңбек көздерін табатындар. Мейлі олар үй шаруашылығымен шұғылдансын, мейлі малын бақсын, мейлі біреулерге жалданып нәпақа тапсын – мұнын бәрі еңбекке саяды. Ал билік орындары, әсіресе, жергілікті әкімдер осындайларға қамқор-көмек ұйымдастыра білудің жолдарын қарастыру тиіс. Мақалада белгілеген тапсырмаларды орындау жолдары қалай болатынын айқындау үшін Елбасы бірінші сөзді Премьер-министр К.Мәсімовке берді. Премьер-министр мақаладағы 20 міндетті жүзеге асыруға орай Елбасының Жолдауына сәйкес негізгі бағдарламалар жасалғанын айта келіп, енді жаңа талаптарға сай жаңа мазмұнмен іс-қимыл жасаудың маңыздылығына нақты дәлелдер келтірді. Бүгінгі таңда адамдардың еңбек етуіне, жұмыс табуына жағдай жасау заман талабына айналды. Сондықтан осы мақалаға орай тапсырмаларды орындау негізгі 5 бағыт бойынша үйлестірілетін болды. Біріншісі – әлеуметтік заң шығаруды жаңғырту. Екіншісі – еңбек қатынастарын жаңғырту. Үшіншісі – әр адамның тұрмысын жақсарту. Төртіншісі – бұл жөнінде ақпараттық-мәдени шаралар жасау. Бесіншісі – мемлекеттік басқарудың қолайлы жүйесін тауып орнықтыру. Бұл жөнінде жоба-жоспарды Елбасы бекіткеннен кейін іске қызу кірісетінін К.Мәсімов нақты мәлімдеді. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова жұмыс орындары көптеп ашылып жатқанын әңгімеледі. Оның сөзіне қарағанда, әр ауыл бойынша нақты карта жасалған. Ауылдағы өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің, жұмыс істейтіндердің нақты саны, аты-жөніне дейін тізімге алынған. Осы бойынша бірер айда жұмыстардың нәтижесі айқындалмақ. Қаржы министрі Б.Жәмішев 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 реттік талондар жойылатынын, сөйтіп, еңбек ететін 133 мың адам жеке кәсіпкерге айналатынын мәлімдеді. Өйткені талон бойынша жұмыс істейтіндерге 3-4 адам көмектеседі. Бұлар енді жеке кәсіпкерлердің жалдамалы жұмысшыларына айналады. Сөйтіп, олардың атауы өзгеріп, көмектесетін 3-4 адамның өзі еңбек ететіндер қатарына енгізіледі. Экономикалық даму және сауда министрі Б.Сағынтаев Елбасы мақаласы негізінен жергілікті саясатты жаңғыртуға бағытталғанын, мұндағы міндеттерді жүзеге асыру жоспарының 49 тармағының 35-сі жыл соңына дейін атқарылатынын мәлім етті. Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов мақалада белгіленген 20 тапсырма­ның үштен бірі білім беру жүйесіне қатысты екенін нақты дәлелмен айта келіп, жалпы Елбасымыздың адам капиталының сапасына, жас кадрларды даярлау мәселесіне үнемі көңіл бөлетінін, бұл мақалада осы мәселе нақты көрініс тапқанын айта келіп білім және ғылым саласында оң үдерістер, жастарға тиімді жақсы өзгерістер жасалып жатқанын мәлімдеді. Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мақалада белгіленген тапсырмаларды орындау үшін барлық қажетті жұмыстар қызу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Елбасы тапсырмасын насихаттауға тек журналистер қауымы ғана емес, сонымен қатар жергілікті әкімдер мен министрлер де атсалысатын болса насихат жұмысы пәрменді, нәтижелі болатынын Д.Мыңбай қадап айтты. Ал Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед әлеуметтік салада заңнаманы жетілдіру мемлекеттік органдардың жұмысына тың серпін беретінін, бұл жөнінде Елбасының мәселе көтергені дер кезінде әрі өте дұрыс болғанын, өйткені Үкіметтің қаулысы да, министрліктің қаулысы да заңға бағынатынын, ал заңда тиісті нормалар болмаса онда ол өз деңгейінде жұмыс істемейтінін айтты. Жалпы мақалада белгіленген 20 тапсырма бойынша атқарылатын жұмыстарға қажетті қаржы бұған дейін белгіленіп жүзеге аса бастағанын Мемлекеттік хатшы нақты мысалдар келтіре отырып, Елбасының тапсырмасын мемлекеттік органдар терең түсіністікпен атқаруға тиіс екенін, сонда ғана нәтижелі болатынын мәлімдеді. Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев әлеуметтік сауалдамалар қорытындысына сүйене отырып, Елбасы мақаласын жұртшылық ыстық ықыласпен қабылдап, қызу қолдағанын жеткізді. Кеңесті қорытындылай келіп Мемлекет басшысы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының негізгі идеологиясы дағда­рыстарға төтеп беретін заманауи эко­но­микаға негіз бола алатынын атап көрсетті. Бұл мәселеде, әсіресе, әлеуметтік әділет­тілік бұрмаланбауын Елбасы қадап айтты. «Егер біз бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек, ескілікті психологиядан арылу қажет. Жаңа мамандықтарды меңгеру, өндіріске бару аса қажет. Сонымен бірге жас та, ересек адамдар да бос отырып билікті сынай бермей, жұмыс бар жерге, нәпақа табатын жерге бару жөнінде тетіктер жасалуы тиіс. Басқа елдерде адамдар шет жұрттарға барып кепілдіксіз еңбек етеді. Ал біздің елімізде жұмыс орны жетіп-артылады. Тек соларды дұрыс ұйымдастырып, бірінші кезекте еліміздің азаматтарын еңбекпен қамту мәселесіне аса мән беру қажет». Президент жиынның соңында орыс тіліндегі «Самозанятость» деген терминнің мәнін түсіндіруге қайта оралып қандай да болсын жұмыстың, табыс табудың көзін тапқандар өзін-өзі еңбекпен қамтығандар екеніне тоқталды. Жалпы жұмысы бар халықтың үштен бір бөлігін «өзін-өзі еңбекпен қамтығандар» дейтін топтар құрайды. Алайда олардың санын анықтау тек шартты ғана болып жүр. Бұлардың арасында ұсақ фермерлер, өз автокөліктерімен жеке тасымал жасаушылар, пәтерін жалға берушілер айтылып жүр. Сонымен қатар жұмыспен қамтылғандардың елеулі бөлігін «жұмысы жоқ» дейтін еңбекке қабілетті адамдар құрайды. Алайда көбінесе нәпақа табу үшін жекелеген ауқатты адамдарға жалданатындар «жұмыссыздар» деп аталып жүр. Енді бұлардың бәрі зерттеліп, зерделеніп жұмыстың көзін тапқандар санатына енуі тиіс. Жалпы ел азаматтарының бәрі де еңбекпен қамтылуы, оларға еңбегіне қолайлы жағдай жасау – қазіргі заман талабы екенін терең түсінгеніміз абзал. Еліміз болашағы жарқын болуы үшін халықты жаппай еңбек етуге тарту ең басты мәселеге айналуы жолында ізденістер мен іс-қимыл батыл қолға алынса Елбасының тапсырмасы мүлтіксіз орындалатыны күмәнсіз. Қуанбек Боқаев

3228 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6266

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5738

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3478

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2860

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2822

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2801

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2531

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2516

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы