• Әдебиет
  • 02 Тамыз, 2012

Көрпе бөлек, көрпеше бөлек

«Ана тілі» газетінің биылғы 4 сәуір күнгі санында Қ.Боқаевтың «Тілбұзарға – тосқауыл» айдарымен жарық көрген «Ханым» деп кімді айтамыз?» деген мақаласы бізге де осы тақырыпта қалам тартуға түрткі болды. «Ханым» деп тек қана ханның әйелін ғана айтатыны иісі қазаққа белгілі. Кез келген әйел затын «ханым» деп атау сорақы қателік екенін автор бұлтартпай дәлелдесе де оған мән берілер емес. Әлемдегі ең бай, көркем тіл – қазақ тілі дейміз. Бірақ, сол бай, көркем тілімізді бұзу өршіп барады. Шынын айту керек, дәл қазіргі уақытта тілімізде тілбұзар сөздер көбейіп бара жатқан секілді. Ал, оған себеп бұл мәселеге ешкімнің мән бермеуі ме деген ой келеді. Негізінен тілбұзар сөздер орысша сөздерді қазақшаға аударғаннан немесе күнделікті қолданып жүрген басқа тілден енген кірме сөздердің қазақша баламасын беруден көбейіп барады. Мысалы, «балконды – қылтима», «фонтанды – шаптырма» деп аударып жүр. Мұны бірі білсе, енді бірі білмейді және ол сөздерді ешкім қолданып та жатқан жоқ. «Ханым» деп кімді айтамыз?» деген мақалада айтылғандай, орыс сериалдарын қазақшаға дұрыс аудармағандықтан көп сөздер қазіргі кезде өз орнымен қолданылмай жүр. Мысалы, бір сериалда «жақсы жатып, жайлы тұрыңыз» дейді, дұрысы «жайлы жатып, жақсы тұрыңыз» емес пе еді. «Прошу тебя» дегенді бір фильмдерде «Мен сенен сұранамын» деп аударыпты. Ал сөздің мағынасына мән бермейтіндер осы сөзді еш өзгертпей қолданып жүргендерін көріп жүрміз. Мысалы, «Екі жұлдыз » бағдарламасында «біз сіздерден дауыс берулеріңізді сұранамыз» дейді. Қазір «жақсылыққа душар болды» дегенді де естіп жүрміз. Бұл тілге немқұрайдылықпен қарағандардың әрекеті болса керек. Көп айтылып жүрген «үлкен рахмет» деген сөз де сынға ұшырап жатыр. Бұл орыстың «большое спасибо» деген сөзінің қазақшаланған сиқы. Дұрысы «көп рахмет!». Әсіресе телерадио журналистері «үлкен » деген сөзді орынсыз қолданатын болып жүр. Тіпті көрпе мен көрпеше дегенді ажырата алмайтын секілді. Себебі, көрпешені де көрпе деп атап жүргендер де бар. Соңғы уақытта «отырық» «баратырық», «келатырық», «жатырық» деген сөздерді көпшілік көп қолданатын болды. Және де «анаяқта», «мынаяқта» дегендерді де телерадио­дан жиі естіп жүрміз. Қазақтар «анау жерде», «анау жақта», «мынау жерде», «мына жақта» деп айтушы еді ғой. Мұндай қателіктерден қашан құтылар екенбіз?! Енді қашанға дейін біз осылай орыс сөздеріне балама іздеп, өз тілімізді мағынасыз, қажет емес сөздермен толтыра береміз. Мұндай қателіктерді көргенде «Қайран тілім, қор болды-ау...» деп күрсінгеннен басқа ештеңе қолыңнан келмейтініне ызаланасың. Гүлнұр ХожановА

4794 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6042

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5627

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3366

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2748

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2712

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2688

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2420

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2405

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы