• Әдебиет
  • 02 Тамыз, 2012

Жапырақ жайған бәйтерек

Қай кезде де ана деген асыл ұғымды ардақтап өткен халықпыз. Жұмақтың кілті ананың табанының астында деген қасиетті қағида да қазақ ұлтының ақ жаулықтыларға деген зор ілтипатын аңғартып тұрса керек. Сәбиді дүниеге әкеліп, оны саналы азамат етіп тәрбиелеп өсіру ерлікпен пара-пар іс. Сондықтан да бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетіп, жапырақ жайған бәйтеректей ұрпақ өрбіткен көп балалы асыл аналарымызға мемлекет тарапынан әрдайым жағдай жасалып келеді.  Сыр өңірінде де осындай көп балалы отбасылар аз емес. Соның бірі Жалағаш ауданына қарасты Еңбек ауылдық округінде тұратын он сегіз балалы Қаршығаевтар отбасында болған едік. Батыр анамыз Нұрмағанбетова Фатима бізді жылы шыраймен қарсы алды. Сол сәтте-ақ он сегіз ұрпақ өрбітіп, немере-шөбере сүйіп отырған жанұядан бақыт пен берекенің ұшқыны себелеп тұрғандай сезілді бізге. Отбасы тірегі Қаршығаев Сабыт ағамыз да үйде екен. Мұндай бақыт Алланың жүзден бірге ғана беретін сыйы екенін айтқан ата-ана өздерін өмірде бақытты сезінетіндерін жеткізді. Фатима апа жастайынан нәпақа табу жолында белі бүгіле ер азаматқа бергісіз қара жұмыстар атқарды. Ал күйеуі 40 жылдай көлік жүргізуші болып жұмыс жасаған. Бүгінде отасқанына 44 жыл болған ерлі-зайыптылар бірлігі жарасқан отбасында өмірдің ащысы мен тұщысын қатар татып келеді. Тепсе темір үзетін 11 ұл, инабат­тылығы ибалығымен үндескен 7 қыз баланы өмірге алып келген ерлі-зайыптылар бүгінде солардың қуанышына сусындап жүр. Алтыннан алқа таққан асыл ана бүгінде көрген қызықтарынан 37 немере сүйіп отыр екен. Он екі баласын қанаттандырып, тұрмысқа жіберсе, төрт баласы арман қуып әр аймақта жұмыс жасауда. Ал қолда қалған екі балалары ата-анасына қолқанат болып келеді екен. Денсаулығына байланысты 2-ші топтағы мүгедектікке шыққан отанасы үйінде, балаларының ортасында отыруға мәжбүр. Ал отағасы байырғы жұмысынан әлі де қол үзген емес. Қазірде жеке автобусын мініп, аудан орталығына қатынап, нәпақа табудың қамын күйттеп жүр. Фатима ананың алтын алқадан басқа мақтау-марапаттаулары да жетіп артылады екен. Атап айтсақ, 1999 жылы облыс әкімінің «Жыл адамы» атағын алса, кейіннен аудан әкімі «Батыр ана» дипломымен марапаттаған. Оған қоса 2005 жылы облыстық әйелдер кеңесі «Өнегелі отбасы» номинациясын тапсырса, Қызылорда облысының 190, облыстың 70 жылдығына орай өткен «Ақ жаулық» атты аналармен мерекелік кездесуде «Патшайым ана» номинациясын иеленген. Осы сынды жетістіктері толып жатыр. Күрішті, ырысты ауылда нәр алған балаларының алды шаруашылықта механизатор болып жұмыс жасапты. Екінші ұлы Ауғанстанда болып, оқ пен оттың ортасынан ерлікпен оралған. Тағы екі баласы мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан. Жалпы Фатима ананың айтуынша, алты бірдей баласы облыс орталығында тұрып жатса керек. Балаларының көбі жұмыссыз екенін айтқан ана оларды жұмысқа алуға тиісті орындар тарапынан қолдау болмай отырғанын қинала жеткізді. Сондай-ақ қаладағы балаларының пәтер жалдап тұрып жатқанын, оларға жеке үй алып беруге қауқарлары жетпей отырғанын айтты. Мемлекеттен бір қолдау бола ма деген үмітпен қаншама жыл пәтерге кезекке тұрғанымен ешбір көмек болмапты. Енді осыған бір көмек болса деген ананың жанарынан ертеңге деген үміт ұшқыны себелеп тұрды. Батыр ананың шаңырағында болған сәтінде байқағанымыз өнегелі отбасынан тәрбие алған балалары шеттерінен өте ақылды да инабатты болып ержетіп­ті. Бір-біріне деген бауырмалдығы да басым. Осыншама балаға өмір сыйлаған анамыз жайында тағы бір айта кететін жайт – екі рет егіз сәбиді дүниеге әкеліпті. Балаларды өмірге алып келу қандай қиын болса, оны бағып, қағып, жеткізу де оңай емес екенін айтады Фатима ана. Алайда әр баланың өз несібесі бар. Сол себепті Жаратушы Алла өмір сыйлаған әр пендесін несібесіз қалдырмайтынын айтып, шүкіршілік етеді. Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ Қызылорда облысы

3960 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6970

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6089

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3829

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3220

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3176

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3150

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2879

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2866

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы