• Әдебиет
  • 16 Тамыз, 2012

Мұтырғанов неге мүдірді?..

Тұманды Альбионнан толағайларымыз жеті бірдей алтын, 1 күміс, 5 қола арқалап қайтты. Солардың арасында екі дүркін олимпиада жүлдегері атанған Илья Илин мен қыздар арасындағы бокстан қола жүлдеге қол жеткізген Марина Вольноваға елдің ықыласы ерекше болды. Әуежайда журналистер сауалына таза қазақ тілінде жауап берген Маринаның тілге жетіктігі таңғалдырса, «Келесі олимпиадаға қатысасың ба?» деген сауалға «Құдай қаласа!» деп еркелеген Ильяға ел сүйсінді. Қызығы сол, спорт саңлақтарының екеуі де Сыр елінің перзенті. Тіл сындыруға да сол жердің қазақылығы ықпал етсе керек. Қалай сүйсінбессің! 

Көрермен көгілдір экранға көз тіккенде елде де елең еткізер жаңалықтар болды. Күллі әлемге танымал клоун Мұрат Мұтырғанов Қазақ мемлекеттік циркі директорының орынбасары болып тағайындалды. Күллі әлемге танымал дейтініміз, бармақтайынан әкесі, цирк өнерінің серкесі Кәрім Мұтырғановпен бірге қазақ һәм әлем ареналарында өнер көрсетіп келе жатқан Мұрат кезінде «Әлемнің ең жас клоуны» деп танылған еді. Қала берді, бар болғаны 22 жасында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанған Мұраттың марапаттары бір бұл ғана емес. Елімізге танымал «Мутурганчиктер» тобының мүшесі болып талай жыл қызмет етіп келеді. Қарындасы Кәрима да бұл өнерден құралақан емес. Бойы аласа, денесі шағын, қимылы шалт, сөзі де, өзі де сүйкімді Мұрат елдің сүйіспеншілігіне ерте бөленді. Алайда біздің айтпағымыз бұл емес. Бұған дейін де баспасөзде бірталай сынға іліккен оның басты айыбы – қазақ аренасында қанша жыл өнер көрсетіп келе жатса да қазақша тіл сындырмауы. Түрлі мерекелік концерт, сахналық шоулардан қалмайтын, еңбегімен елге жағып жүрген бұл жігіттің неге туған тіліне бүйрегі бұрмай қойғанын түсінбей-ақ келеміз. «Мен көрерменнің көңілін табатын жаңа шоулардың жарыққа шығуына жауап беретін боламын. Әлемге қазақ цирк өнерін танытатындай жаңа нөмірлердің дүниеге келуіне де кепілдік беремін» деп белсене жұмысқа кіріскен Мұрат жақында «Еларна» телеарнасындағы «Жарайсың!» бағдарламасының қонағы болды. Өкініштісі сол, бағдарламаның қазақтілді жүргізушілерінің қазақша сауал қойғанына қарамастан қонағымыз тек қана таза орыс тілінде жауап қатты. Оны телеарна тарапынан ешкім аударып та әуреге түскен жоқ. Қысқасы, бұл салиқалы сұхбаттан гөрі дүбәра дүниеге ұқсады. Қынжылтатыны – қара жәшіктің ар жағында отырған қазақтілді аудиторияның студия қонағы мен телеарна тарапынан тағы да құрметсіз қалғаны. Қалай десек те, нанын қазақ өнерінен тауып жүрген қара баланың қазақша үйренетін кезі жетті. Түптеп келгенде елді таңғалдырған трюктер көрсетудің қасында тіл үйрену аса қиын бола қоймас. Ал жасы жиырма сегізге енді жеткен жігітке әлі жетпіс тіл үйренсе де аз емес-ау. Динара ІЗТІЛЕУ

3243 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7034

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6121

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3859

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3251

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3207

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3181

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2909

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2897

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы