• Әдебиет
  • 23 Тамыз, 2012

Қасіреттен қасиетті жыр туып...

АбайдыҢ қарашығы Қазбалап, тегін тергеп сұрамашы, Жанақ қой нағашысы, жыр-анасы. Шығыстың шыңдағы шынары Абай! Айыр тіл Зағип Шөже ғұламасы. Қара өлең қара нардай, бұғанасы, Рисалят нұр құйылған сірә басы. Шәкірті – ұлы Шөже бата берген, Бәйіт араб, парсы әуен тәржімашы. Шөже ашқан ақиқат жыр түндігін, Ұлы ағзамдар құпиясын білді кім? Түсініскен көздің нұры-ай дидары, Кіл жанардан төгіледі мөлдір-мұң. Лағза жүрек, оятар жан дүлділін, Абай өрген ару Тоғжан бұрымын. Қасіреттен қасиетті жыр туып, Сайратқан-ау көкіректің бұлбұлын! Ұлы Бұқар қара бұлтты жауындай, Қарға бойлы Қазтуғаным дауылдай. Мұғжиза-ай Шәңгерейге үңілсем, Тамызда өскен Әмудегі қауындай. Сэмуюэл Тейлер Байронның тұмары, Гете көкке көтерген-ау Құранды... Тәйірі-ай сол жете алар ма Пушкин? Ұлы Хафиз, Мақтұмқұлы пырағы. Ер Тарғынды жырлағанда Марабай, Деген Шөже намард өскен Қарабай... Аппақ аяқ қарға қанды тамызып, Ой-жаралы қашты қоян қарамай. Ай жарығы, ұзақ қарап тұрдым да, Түйсік шіркін, түйілді бір ұғымға. Жанары – абыз, жеті әлемге қараған, Бір жұмбақ бар Абай қарашығында... ЖАҢБЫР ЖАУСА ҰЛЫ АБАЙ ЖЕРІНДЕ... Жаңбыр жауса сәуір желі қырағы, Бес қонақта көк бұршақтар ұрады. Кей пенденің күнәларын жууға, Ақ періште Аллаға көп сұрағы. Жаңбыр жауса ұлы Абай жерінде... Масақ өніп дән толады егінге. Жаңбыр жауса сәуір күні ашылар, Көк өріктің аппақ гүлі шашылар. Мамыр туып мамырлаған дүние-ай, Ақбоз аттай ойқастаған ғасырлар. Жаңбыр жауса жердің үсті құлпырар. Ақ тақырға ақ күмістей су тұрар. Еңлік гүл қара тасты қақ жарып, Шың басында періштедей қылтияр. Жаңбыр жауса жер кілемдей көгерер, Ақ сасыр да көкпең көк боп көбейер. Пайғамбардай жасыл туы қызарып, Айтып ақын ақиқаты сенеді ол. Жаңбырдан соң кемпірқосақ туады, Кең даланың кірер сонда шырайы. Жағадағы кәмшаттай боп таранып, Ақ сондықтан аппақ сәуле шығады. Жаңбырдан соң асау құлын жұлқынар, Шұрқырайды табындағы жылқылар. Еркіндікті аңсар Қамбар ата да, Ноқтасынан босануға бұл құмар. Асау жүрек аһ ұрғанда бұлқынар, Тәңірім-ай бұғалықта кім тұрар... Адамынан шикіл сары батыстың, Таза дейді шығыстағы жылқылар. Жаңбырдан соң қиял қуған таңдарым Шыңғыс хандай өткір бола алмадым. Түрікпеннің семсеріндей суғарып, Мақтұмқұлдай мен жырымды қайрадым Жаңбырдан соң тазар әлем аман ба? Дегелеңнен жел соққаны жаман да, Шыңыраудың зәмзәмін кім атады? Сөз қадірін түсінбейтін заманда. Ақ қар жауса жалтыраңқы қара шың Мінезін бер тауларымның жарасым. Дін мұсылман бір-ақ тудың астына, Біріктірші бүкіл Шығыс баласын! Мейірбан ғып барша адамзат арасын, Күншілердің өшір Алла қарасын. Адам-ұлға емшек берген Жер-Ана? Емде бүкіл жүректердің жарасын! Жаңбыр жауса әйнекті қағып себелеп. Қара жаңбыр қарға ұласты керемет! Шыр айналып қалпағымды үйіріп, Қараша қар ұшқан бейне көбелек!.. АБАЙҒА ЖҮГІНУ Жетім қозы әр емшекке жүгіріп, Балаң шайыр өтті күні жінігіп. Қара шұнақ Құнанбайдың серкесі, Қайта оқыдым өзіңе рас жүгініп. Мүшәйраға ұлы абыз қырылдық, Кесапатты көрді рухың тіріліп. Жыр жарысы барымтама бас тігер? Қабақ түйдің түсімде булығып! Бүкіл қазақ ақылыңа бас ұрған, Даналығың қалай бүркеп жасырам. Асты жасың бір жарым ғасырдай, Кемпірқосақ қайта туып асылған. Наурызда басталғандай жылымық, Күншуақта жырыңа рас жылынып. Ақ тиынның терісіндей жылт етіп, Ақша қарың жібітеді мың үміт! Сәске түсте сәуір желі қыдырып, Қызыл сәуле шашырайды бірігіп. Ақбоз аттай аяғына қан түскен, Ақиқатқа қалды-ау көбі сүрініп. Рулықтың шырмауына оралған, Селт еттім өлекшін көз жанардан. «Ермен шықты»... бұралқыдай бұралып, Байқұс шашқан бидайша жоғалған. Сен бриллиант мен күмісше шашылған, Ей, тас мүсін сөйлеші тосыннан... Сіз баласы, мен Ұлжанның бауыры. 21-ші ғасырға қайта жолым қосылған. Ақылы жоқ ұлты үшін тарыдай, Өз құлқын ойлар кілең қарынбай... Теңгесі жоқ телміреді шымшықтай, Шыр етеді байқұс ақын жарымай, Мұқатайдың көз жасына жылынып. Шәкірті едім жасайтұғын ірілік. Аузы берік... қалың қазақ ішінде. Қымыз оған зәмзәмнің суындай, Қазы-қарта кіреді тек түсінде... Бесқайнардың өскен көгі ағашын, Ол жоқтайды еккен Димаш ағасын. Ақ қайың құс ажалына ашынса Көтеріп-ап әкім өтті жағасын! Ұлы Қалтай бата берген балдызы, Асқардан соң драманың маңғазы. Жолатпайды көп шуылдақ күншілдер. Ұлжан анаң бауырын сол жалғызын. Талақ етіп дүниені қыз қылық, Жетісуда жасар ма екен ізгілік. Бесқайнардай мөлдір ақса пендесі Жеті өзен қыз-көз жасына жуынып, Қорқақтар мен қорқауларға ашынған. Көрінген дос жаһұт муза қасынан Махаббатқа жүз өртеніп жасыған, Көкірегің у ішкендей ашыған. Ұлы Байрон Мақтұмқұлдай тербеттің, Көрер ұрпақ 3000-ғасырдан. Сенен кейін туған атам Бауыржан, Шыңғыс хандай рас текті қауымнан. Ұлы абыз пайғамбары-ай музаның – Жиенің сол драмамен ауырған. Түспей өтіп қара бүйі торына, Тура сөзім пулеметтің оғынша... Мен оқысам бес жол өлең сілкініп, Алдарбектің бес томының соры да... Сөзің ұшқан ғарыш асып қырымға. Мен қараймын ақ үкідей қиырға. Сен Алатау, мен Ұлытау ұланы. Бір шығармыз ұлы ғасыр шыңына! Аманжол Канафияұлы

2827 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6022

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5615

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3353

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2736

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2699

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2675

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2408

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2393

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы