• Қоғам
  • 05 Қыркүйек, 2012

Мария Кузьмина, «Лениногор» кеден бекетінің маманы: Тіл үйренуіме достарым көмектесті

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Лениногор» кеден бекетінің маманы Мария Кузьмина өз міндеттерін абыроймен атқара жүріп, мемлекеттік тілді меңгеруді де алдына мақсат етіп қойған. Бұған айқын дәлел – қала, облыс көлемінде қазақ тілінен өткен байқаулардың бас жүлдесін бермейтін Марияның бағындырған биік белестері жетерлік.  «Риддер қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, алғаш әліппемен танысқаннан бас­тап қазақ тілін үйренуге ден қойдым. Басында, әрине, оңай болған жоқ. Оған қоса отбасында өз ана тіліміз – орыс тілінде сөйлесетінбіз. Бірақ ең бастысы зор құл­шыныс болса, кез келген кедергіні бұзуға болады ғой. Бұл ретте қатар оқитын қазақ сыныптарындағы балалардың көмегі көп тиді. Олармен достасып қана қоймай, қазақ тілінде сөйлесіп, араласа бастадым. Тілдік орта пайда болғаннан кейін тілді меңгеруім тіпті жеңілдей түсті» дейді Мария. Бастауыш сынып бастап-ақ қазақ тілі бойынша өткізілген пән олимпиадасына қатысып жүлделі орын алған орыс қызы ұстаздар тарапынан да қолдау тапты. Өйткені мемлекеттік тілді еркін меңгерген Мария мектептің мақтанышына айналып үлгерген еді. Ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай, Риддер қаласы әкімі Марияны «Мемлекеттік тілді меңгергені және дамытуға қосқан үлесі үшін» деген арнайы мақтау қағазымен марапаттады. «2001 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша оқуға түсіп, университет қабырғасында ұйымдастырылған тіл сайыстарына белсене араластым. Оқу барысында неміс, қытай тілдерін меңгердім, дегенмен қазақ тілінің көркемділігіне, байлығына ешбір тіл жетпейтініне көзім жетті. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген әрбір қызметкер үшін өзіне жеңіл дер едім. Өмірде де, қызметте те оның пайдасы зор. Құжат айналымы, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізу – бүгінгі күн талабы. Елбасының өзі 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың үлесін 95 пайызға дейін жетуі керектігін айтты. Осы орайда, өзін нағыз Қазақстан азаматы ретінде санайтын әрбір адам қазақ тілін меңгеруі тиіс деп ойлаймын. Қызмет барысында азаматтар өтініштеріне жа­уап, түрлі кәсіпорындармен хат алмасу мемлекеттік тілде жүргізілуі міндетті. Кеден қызметі – мемлекеттік орган. Оның оң имиджін қалыптастыратын біздер – кеден қызметкерлері. Сондықтан Елбасы айқындаған маңызды мақсатқа жетуде, кеден намысын қорғауда мен де өз үлесімді қосқым келеді» деп ағынан жарылды. Патриот қыздың пікірінше, кез келген әйел үнемі қызметте ер азаматтармен тең дә­режеде иық тірестіре алуы тиіс. Ол «Біз­дер үнемі өз біліктілігімізді дәлелдеуіміз қа­жет. Әрине, әйел затына сай табиғи нәзіктік пен сұлулығымызды да айшықтағанымыз абзал. Биік өкше, белдемше, жеңіл макияж – біздің сәніміз. Қызмет барысын­дағы тиянақтылық, тәртіп және мейірімділік бір бойымызда ұштасып отырғаны игі. Ал отбасында, сөз жоқ, ер адам көшбасшы болуы керек. Үйде мен үнемі маңызды мәселелерді шешуде жолдасыммен ақылдасамын» дейді Мария. Қадыр ақынның «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген өлең жолдарын өмірлік темірқазық ретінде ұстаған әріптесімнің осы бағыттағы ұстанымы әр мемлекеттік қызметкер үшін айқын үлгі екені анық. Мақсат АКРАМОВ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің маманы

3274 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9125

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7268

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5008

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4392

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4356

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4317

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4051

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4043

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы