• Қоғам
  • 05 Қыркүйек, 2012

Ядросыз әлем – ең ізгі мақсат

Біздің елімізде «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференция өткендігінен жұртшылық хабардар. Конференция Семей мен Курчатов қалаларында басталды. Конференцияда Қазақстан Республи­касының Президенті Н.Ә.Назарбаев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстан халқы үшін ядролық қару мен радиация тым беймәлім нәрсе еместігін айтты. Олар қырық жылдан астам бойы жерімізді азапқа салған зұлымдық. Біздің еліміздің аумағында атмосфералық, жер үстілік және жер астылық әскери және «бейбітшілік мақсатында» делінген барлығы 500-дей сынақтар өткізілді. Бұл ядролық қару пайда болғаннан бері әлемде жүзеге асырылған барлық сынақтардың тең жартысы. Радиация айналадағы тіршілік атаулыны бірте-бірте жоя отырып, күн сайын кең байтақ даламызды, өзендеріміз бен көлдерімізді улаумен болды. Елбасы Н.Назарбаев Кеңес басшылығы мен әскери өнеркәсіп кешенінің қасарысқан қарсылығына қарамастан полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойды. – Таяуда, Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзімде, мен G-GLOBAL пішіні мен қағидаттарында жаңа әлем құрылымын қалыптастыруға шақырдым, – деді Елбасы. Адамзаттың ядролық өзін-өзі құрту үрейі­нен арылуы оның ең маңызды сипаты болуы тиіс. Ұсынылған G-GLOBAL-дың бес қағидаты негізінде жаһандық ядролық қауіпсіздік саласында серпінді алға басу мүмкін екеніне сенімім мол. Бес қағидат ішінде барлық ядролық мемле­кеттердің қатысуымен, БҰҰ қолдауымен әзір­ленген және қабылданған Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты жаппай қысқартудың қадамды жоспары қажеттігі, ядролық сынақтар­ға тыйым салатын келісімшарттың күшіне енуіне, әлемдік қоғамдастық «ядролық клуб­тың» барлық мүшелерінің өздерінің атомдық әскери арсеналдарын қысқарту жөнінде міндеттемелер қабылдауына қол жеткізу, бар­лық өңірлік ядросыз аймақтарға қатысушылар үшін берік халықаралық қауіпсіздік кепілдіктері­нің болуы және басқалар бар. – Жаһандық қоғамдастықты оған түбегейлі және түпкілікті тыйым салу жөнінде неғұрлым батыл іс-қимылдарға итермелеу үшін біздің ядролық сынақтардың қайғылы зардаптарын тағы да әлемнің есіне салуға мүмкіндігіміз бар, – деді өз сөзінде Елбасы. Дәл осы мақсат үшін Қазақстан бүгінде халықаралық «АТОМ» жобасын іске қосып отыр. Жобаның атауы ағылшын тіліндегі – Эболиш Тестинг. Ауэ Мишн («Abolish Testing. Our Mission») – төрт сөздің бірінші әріптерінен тұрып, «Сынақтарды Жою – Біздің Миссиямыз» дегенді білдіреді. Жоба шеңберінде жер бетіндегі ядролық қаруға қарсы кез келген адам әлем үкіметтерін ядролық сынақтар­дан біржола бас тартуға шақырған онлайн-петицияға қол қойып, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімшарттың тезірек күшіне енуіне қол жеткізе алады. Мен конференцияға қатысушы­ларды және барлық ізгі ниетті адамдарды «АТОМ» жобасын қолдауға және ядролық қарусыз әлем құруды біздің ең маңызды мақсатымызға айналдыруға шақырамын. Мемлекет басшысының сөзінен кейін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның осы жиынға қатысушыларға арналған Үндеуі оқылды. Оны БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Мирослав Енча оқып берді. Үндеуде Бас хатшының Семей ядролық сынақ полигонын жауып, ядролық қаруды таратпау ісіне зор үлес қосқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалайтындығы айтылған. Сөз алған Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко, ГФР Сыртқы істер министрі Гидо Вес­тервелле, ҚР-ның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, Ауғанстан парламенті кіші пала­тасының төрағасы Абдул Рауф Ибрахим, финляндиялық Еуропарламент мүшесі Тарья Кронберг, Израиль Кнессетінің мүшесі Даниэль Бен-Симон және басқалар Қазақстанның ядролық қаруға қарсы тақырыпты үнемі қозғап келе жатқанын, мұның дүниежүзінің бейбітшілік сүйгіш елдерінен зор қолдау тауып отырғанын айтты. АҚШ Конгресінің мүшесі Эни Фалеомаваега БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 жылғы 2 желтоқсанда 29 тамызда халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп атау туралы қарар қабылдағанын, бұл тарихи шешімге үлес қосқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екенін айтты. Одан әрі ол «Білуімше, сол үшін Қазақстан халқы Елбасын бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсыну бастамасын көтерді. Алайда, осы уақытқа дейін Нобель комитеті бұл сыйлықты тек ядролық полигон­дар­ға инспекция жасаған, не болмаса, осы салада ынтымақтастық орнатқаны үшін беріп келген еді. Ядролық қаруды саяси тұрғыда жойғанына орай, ондай сыйлық әлі де бірде-бір адамға тағайындалмаған. Сондықтан мен Қазақстан халқының бастамасына қосыла отырып, Нобель комитетін Нұрсұлтан Назарбаевты осы атақпен наградтауға шақырамын» деген ойын жеткізді. Филиппин өкілі, МКАПП төраға­сы Де Венеция Хосе де АҚШ Конгресі мүшесінің сөзіне қолдау көрсетті. «Бүгін америкалық конгрессмендер Нұрсұлтан Назарбаевтың Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына лайық екенін айтты. Мен де осы бастаманы қолдаймын және біз Н.Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсыну жөнінде қарар қабылдауымыз керек деп санаймын» деді ол. «Назарбаев орталығының» директоры, Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау жөніндегі Қазақстан Президенті жанындағы комиссияның төрағасы Қанат Саудабаев өз сөзінде адамзат баласын ядролық қауіптен құтқару мәселесінің жаһандық қауіпсіздіктегі басты проблеманың бірі екеніне тоқталып, «Бүгінгі әлемде Қазақстанның қарусыздану үдерісіне қосқан теңдесі жоқ үлесі кеңінен танылып отыр. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы Жарлығы­мен әлемдегі ең ірі сынақ алаңдары­ның бірін біржолата жапты. Кейіннен біздің ел ядролық қуаты жағынан төртінші орындағы зымырандарды иеленуден өз еркімен бас тартты. Қазақстан осы кезеңнен бастап, біздің Мемлекет басшысы дәл атап өткен­дей, «нағыз татулық орталығына» айналды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Қазақстанның даусыз, талассыз көшбасшылығы турасындағы пікірі соның айқын айғағы болып табылады» деді. Конференцияда Парламен­тарий­лердің ядролық қарудан арылуға шақырған «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты үндеу қабылданды. Форумда сөз алғандар әлемдік қарусызданудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ересен еңбегі мен ядролық сынақтардан бас тартудағы бастамасын барынша қолдады. Жиынға қатысушылардың Қазақстан мен Елбасы туралы айтқан ойлары мақтаныш сезімін туғызды. Н.Жандәулетұлы

5102 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9123

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7267

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5007

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4391

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4355

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4316

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4050

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4042

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы