• Қоғам
  • 24 Қаңтар, 2013

«Алдаспандағы» ашық пікірсайыс

«Нұр Отан» ХДП бастамасымен, «Нұр-Медиа» ЖШС қолдауымен халықаралық «Түркістан» газетінің жанынан ашылған «АЛДАСПАН» ашық пікірсайыс алаңының алғашқы отырысы латын қарпіне көшудің жайына арналды. Дөңгелек үстелдің ашық алаңында пікір алмасқан мамандар латын қарпіне көшудің маңыздылығына тоқталып, өзара пікір алмасты. «Ұлт тағдыры» қозғалысының төра­ғасы Дос Көшім: «Латын әліпбиіне көшетін жағдай 1991 жылдары туды. Біз сол уақытты жіберіп алдық. Қазір латынға көшу үлкен қиындықпен келетін сияқты. Президент бұл мәселені екі мәрте көтерді. Екеуі де белгілі бір саяси астармен көтерілді. Бір өкініштісі, бұл мәселені тоқтатып тастады. Неге сол жылдары көшпедік? Бұл сол уақытта қоғам үшін қажет болды. Латынға көшу қазақ халқының, әсіресе зиялы қауымның арманы еді. Қазір халықтың тарапынан көбірек қолдау тауып жатқаны да сондықтан. Мүмкін оның астарында басқа айла, амал жатуы мүмкін. Бірақ қандай екенін айта алмаймын. Өз басым латын қарпіне көшуде ұзақ мерзімді жақтаймын» десе, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инс­титуты директорының орынбасары Анар Фазылжанова: «Ең алдымен, басты мәселе тілдік фактор. Егер біз кирилл жазуында қала беретін болсақ, қазақ тілінің өзін-өзі сақтау иммунитеті жойы­ла береді. Иммунитет деп отырғанымыз – жай абстрактілі нәрсе емес. Кез келген тілден енген сөздерді игеру механизмдері болады. Ол механизмдердің біріне сөзді аудару жатады. Егер ол механизмдер жоқ болса, келесі бір жолы бар. Өзге тілден енген сөздердің дыбысталу жүйесін өзінің артикулияциялық базасына салып, өзінше алу. Сондай жолмен біздің тіліміз көптеген тұрмыстық заттық атаулармен байыды. Мәселен, резеңке, бәтіңке, бөрене, әмірхан. Солардың бәрі қазір ешбір орыс танымайтындай өзгерген. Енді бір қызығы, жетпіс жыл бойы осы механизм жұмыс істемеді. Неге? Кирилл графикасы біздің санамызда орыс жазуын орыс тілінде жаз деген мықты стереотип қалыптастырды» дегенді айтты. Ал «Түркістан» газетінің бас редак­торы Шәмшидин Паттеев «Отыры­сымыз­дың алғашқы тақырыбы – латын әліпбиіне көшудің жай-жапсарына арналып отыр. Қазірдің өзінде ақпарат құралдарында көптеген пікірлер жариялануда. Қолдай­тындары да, қарсы шығатындары да бар. Сондықтан бұл латын қарпіне өту мәселесі тек қана тілдік, лингвистикалық мәселе емес, мұның қазақ қоғамының қаншалықты өсуіне, қалыптасуына, қаншалықты бірігуіне әсері зор. Бұл Қазақстандағы бас­ты саяси мәселе» деп атап өтті. Дәуіржан Төлебаев

2993 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9507

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7527

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5273

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4652

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4616

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4573

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4310

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4304

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы