• Қоғам
  • 24 Қаңтар, 2013

Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?

Соңғы кездерде бұқаралық ақпарат құралдарында сөздердің жазылуы мен айтылуына байланысты әрқилылық етек алып барады. Ауылшаруашылығы деген сөзді бірге жазған дұрыс па, бөлек жазған жөн бе? Шекара ма әлде шегара ма? Қырқүйек пе, қыргүйек пе? Сөздіктердің өзінде бірізділік жоқ. Кейінгі кездері «Лингвистикалық сөздіктер мен анықтағыштар жоқ», жазу-сызуды реформалау «керек», емле ескірді, т.б. уәждер мен сыныққа сылтаулар көп айтылады. Қазақстан Респуб­ликасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Тіл білімі институты әзірлеп, 2005 жылы «Тілтаным» сериясымен «Арыс» баспасынан шыққан «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» бұл саланы бірқыдыру ретке келтіргендей болатын. Онда талас сөздер шегара, қыргүйек түрінде көрсетіліп, дау-дамайға біршама нүкте қойылғандай еді. Алайда кейінгі шыққан сөздіктерде тағы да әрқилылық байқалып қалып жүр. Осының себебі неде? Сөздердің жазылуына байланысты әрқилылық, шынында да, көп түсініксіздік тудырды. Тегінде, қазақ тіл білімінде Ахмет Байтұрсынұлының ұстанымы бойынша басшылыққа алынған «сөз тұлғасына қарап жазылады» дейтін қағидат бар. Біздің қазақ тілінде жазба сөздің өз коды бар да, ауызша сөздің өз коды бар. Қазақ тіліндегі үндестік заңына байланысты сөз белгілі бір үндесіммен, үйлесіммен айтылады. Бұл – ауызша сөз жүйесінде аса маңызды. Ауызша жүйе бойынша, сөз тұрпаты бойынша шегара, қыргүйек болып айтылады. Ал жазба жүйеде сөз­дің тұрпаты емес, тұлғасы ескеріліп, «шекара», «қыркүйек» деп жазылып келді. Мәселен, 2005 жылы шыққан сөздікте оның алдындағы, 2001 жылғы сөздікте де қыркүйек, шекара, көкөніс сөздерінің дыбыстық жақтан кіріккендігі ескеріліп, шегара, қыргүйек, көгет, көгөніс деп жазу ұсынылған болатын. Алайда заңнамалық құжаттарда, рес­публика Президентінің Жарлығымен бекітілген заңдарда, Мемтерминком бекіткен терминологиялық сөздіктерде шекара, қыркүйек деген нұсқасы бойынша берілгендіктен, Мемтерминкомның 2006 жылғы шешімімен мақұлданған 2007 жылғы «Орфографиялық сөздікте» осылай берілді. Оқырмандарға, басқа қызметкерлеріне айтарымыз: мүмкіндігінше, соңғы шыққан сөздікте берілген нұсқаны қолдану қажет. Ал ауыл шаруашылығы тіркесін қалай таңбалаған дұрыс? Айталық, ауылшаруашылық техникасы дегенде екі сөз бірге жазылады. Ал ауыл шаруашылығымен айналысу десек, бөлек тұлғаланады. Кейінгі жылдарда БАҚ салауатты өмір салты деген сөзді жиі пайдаланатын болды. Бұл әсіресе салауатты өмір салты деген тіркес арқылы тарап бара жатыр. Бірақ салауатты сөзі «здоровый» сөзінің баламасы емес. Қазақта өткенге салауат айтылады. Ал амандық сұрасқанда саламатсың(-сыз) ба? деп сәлем береді. Сондықтан салауатты өмір салты сөз тіркесінің орнына саламатты өмір салты деген дұрыс. Сондай-ақ ғарыш айлағы деген тіркесті ғарышайлақ деп тұлғаландырған жөн. Сөз арасында конт­рабанда сөзінің қазақша баламасы «аткешшілік», контрабандист – аткешші екенін де еске сала кетейік. Қорыта айтқанда, жоғарыдағыдай таласты жайттарда ұлттық ұғымға сыйымды, тіліміздің заңдылығына сәйкес келетін нұсқаны таңдаған дұрыс.

10600 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9538

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7548

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5295

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4673

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4637

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4594

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4332

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4325

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы