• Тұлға
  • 29 Шілде, 2010

Қоғам тілге немқұрайды қарамайды

Мақсат Аманғалиұлы, Есік қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» директоры:

1.2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту бағдарламасына қандай ұсыныстар қосар едіңіз? − Өткен жолғы бағдарламаның берген нәтижелері шын мәнінде оңды болды. Қазақ тілінің мәртебесі тек қана қазақ этностарының ортасында ғана емес, еліміздің өзге ұлт өкілдері арасында да жоғары деңгейге көтеріліп, қолдану өрісі кеңейе түсті. Бұрынғы онжылдыққа қарағанда, қазіргі күндері қазақ тіліне деген қажеттіліктің басым түсіп жатқанын халық сезініп отыр. Мемлекеттік тілге толыққанды көшу мәселесінің көтерілуі – бұл заңды құбылыс, заманның талабы. Демек, біздің қоғамда тілге деген немқұрайдылық жоқ. Жаңадан қабылданатын тілдік бағдарламада осындай мәселелер жан-жақты ескеріледі деп сенемін.Біздің мемлекетіміздің саяси биліктегі басты ұстанымдары әлемге белгілі, еліміз демократиялы зайырлы республика. Көп ұлтты қоғамның жанжалсыз бейбітшілік аясында қалыпты өмір сүруі кездесе бермейтін нәрсе. Сондықтан да Қазақстанда мекен ететін барлық ұлттың ана тілдері өсіп-өркендесе құба-құп. Ал мемлекеттік тілдің маңыздылығын қазақстандықтардың әрқайсысы жақсы түсінулері тиіс. Бүгінгі заманның қояр міндеті – электронды технологиялардың қанат жаюына байланысты біліктіліктің қажеттілігі. Келешекте күшіне енетін бағдарламаның өзектілігі де электронды нұсқада қолданылатын лингвистикалық тілдік бірліктерді дамыту тұрғысында болғаны жөн. Компьютердің барлық функцияларындағы атаулар қазақ тіліне дұрыс және жүйелі тәржімаланса, сондай-ақ аударма терминдер филолог-сарапшылардың ғылыми кеңесі негізінде мақұлданса, мемлекеттік тілді қолданудың аясы кеңейеді деп ойлаймын. 2.Бағдарламаны жүзеге асыра білудің қандай жолдарын атап бере аласыз? − Ең бірінші, қоғам болып атсалысуымыз қажет. Аймақ пен қалалардың кез келген халыққа қызмет көрсету мекемелерінде міндетті түрде тіл бөлімдері жұмыс істегені жөн. Олар қармағына қарасты мекеменің тілді қолдану қызметіне бақылау жасайды. Мәселен, кейбір анықтамалық атаулар немесе құжат сөздері түсініксіз, мемлекеттік тілде ілінген нұсқамаларда үнемі қателіктер кездеседі. Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы бірталай уақыттан бері ел игілігіне жұмыс жасап келеді. Қызметкерлердің басым бөлігі жас мамандар. Барлығы қазақ тілін жетік меңгерген. Қазіргі жастар өз Отанының патриоты, сондықтан да олар ешқашан ана тілдерінің абыройын түсірмейді. Келесі бір қағидамыз өте қарапайым: әрбір мекеме өз тараптарынан мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіріп отырады. Мысалы, біздің орталық қызметтік тіл ретінде үнемі қазақ тілін пайдаланып, іс қағаздарын мемлекеттік тілде бірінші кезекте ұсынып келеді. 3.Мемлекеттік тілдің дамып, өркендеуіне, қолданыс аясының кеңеюіне өз тарапыңыздан қандай үлес қосып келесіз? Мемлекеттік мекемеде қызмет істегендіктен, туған Отанымыздың азаматы болғандықтан, тіл төңірегіндегі, әсіресе қазақ тілінің айналасындағы ахуалға менің де жүрегім сыздайды. Есік қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында тек мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауға өз тарапымыздан жағдай жасаған едік. Нәтижесі бар. Демек, қазақ тілінің қауқары қызметтік салада ақсап қалады деген қауесеттің қаншалықты жалған екенін байқап отырмыз. Әрбір мекемеде қазақ тілінің өркендеуіне белгілі бір деңгейде жағдай болса, айтарлықтай өзгеріс әкеледі. Ал отбасы-ошақ қасында әрине, қазақ тілінде қарым-қатынас жасаймыз. Ол біздің ана тіліміз әрі заңдық тұрғыда күші бар мемлекеттік тіл. Әрбір азаматтың міндеті – ана тілін ұрпағына аманат етіп қалдырып, перзенттеріне өз ұлтының салт-дәстүрлері негізінде ұлағатты тәрбие беру. Ең үлкен үлесім де, тілдің өркендеуіне көмегім де осы деп санаймын. Қуаныш ТҰНҒАТАР

2506 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5863

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5515

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3252

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2636

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2597

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2575

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2309

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2292

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы