• Қоғам
  • 18 Тамыз, 2010

Қазақ хандарының ұрпағы қайда?

Қазақтың хандарынан қалған ұрпақтар қайда? Олар кімдер? Қазақ хандарынан қалған мұралар (жәдігерлер) сақталған орталық бар ма? Осы сұрақтар Романовтар туралы оқығанда көкейімді тесті. Әлде мен сыртта жүріп көп жайды білмеймін бе?

Ресей ақпараттары Романовтар импера­торлық үйінің басшысы, 96 жастағы ұлы княгиня Леонида Георгиевнаның өмірден өткені жайлы хабарлап, әжептәуір әңгіме етті. Княгиня Леонида Георгиевна грузин князі Багратиондар әулетінен шыққан. Бірінші күйеуі бақуатты америкалық Керби болған, одан Елена атты қыз туған. Княгиня жастық шағының бір бөлігін Кеңес Одағында өткізген, 1931 жылы Максим Горькийдің қолдауымен шетелге отбасымен кеткен. 1948 жылы ұлы князь III Романовқа, Владимир Кириллович Романовқа тұрмысқа шыққан. Алғашқыда өзге Романовтар грузин князі тұқымдарын өздеріне тең көрмей, княгиня Леонида Георгиевнаны мойындамаса да уақыт, өмір оларға мойындатқызды. Ұлы княгиня Леонида Георгиевна III Романовтың жесірі болып есептеледі. Князь Владимир Кириллович – император Александрдың немересі. Ұлы княгиня Романовтар үйінің 1917 жылғы төңкеріске дейінгі кезеңдегі соңғы мүшесі болып саналады. Оның көзі жұмылғанынша қасында қызы, ұлы княгиня Мария Владимировна және осы қызынан туған немересі ұлы князь, ханзада Георгий Романов болды. Бұлар қанша қуғын-сүргін көрсе де ата заңын, тілін, ғұрпын сақтап, бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Денсаулығы барда княгиня Леонида Георгиев­на Ресейге үш жүзден аса рет келіп кеткен. Кезінде тарихи тұлғалармен, заманының ойы озық адамдарымен араласқан, әдепті, ақылды адам болған, өмірінің соңғы күніне дейін енді қашан Ресейге барамыз деумен кеткен. Ұлы княгиняның сүйегі салынған табыт РФ заңы бойынша орыс халқының әдет-ғұрпы­мен Мадридтен Санкт-Петербор қаласына жеткізіліп, Петропавловск қамалындағы ата-енесінің (Кеңес өкіметі кезеңінде әкелінген), күйеуінің қасына қойылған. Сонау Испанияда тұрса да, сол елдің тұрғыны болса да кезінде Романовтар әулеті халқына тырнағын батырса да орыстар тамырымыз бір, ұлы елдің ұрпағымыз деп, жесірін жоқтап, тарихын сақтап, қадірлеп жатыр. Қиын заманға қарамай, ата-баба мұрасын сақтаған қасиеттеріне де бас иген болар. Тарих жақсылық пен жамандықтан құралғанын күнде алдымызға тартады. ...Бала кезіміздегі әңгіме әлі есімде. Тоқсандағы әжемнің айтуынша, туыстары Айшырақ, Байшалардың алтынмен тысталған, тарихи мәліметтер жазылған кітаптарын ашаршылық кезінде ел Арқадан Шуға ауғанда теріге орап, сандыққа салып, жерге көмген екен. Әжем өте сауатты кісі еді. Ол кісі тіріде хан, бай десе қанымыз қайнап тұрған кез, әрі баламыз. Шежіренің қасында жүріп, сол шежіреден құр қалыппыз. Ондай кітаптар бір ғана дана болмаған шығар? Қазір кім ханның тұқымы десе, менмін деп кеуде қаққандар табылар-ау, бірақ соны дәлелдейтін тарихи мәліметтер керек қой. Хан тұқымы екеніне көзіміз жеткен күнде соларды ұлықтауға кеңестік санамыз жібере қояр ма? Тарихта ел құрметтеген, халқы үшін талай игі істер жасаған хандар болған, ал қазір солар бір күнде, бір сәтте жоқ болып, ізсіз қалғандай. Олардан қалған ұрпақтар баба қасиетін сақтай алды ма, әлде олар уақыт сынын көтере алмай, жеке басының күйін күйттеп кетті ме? Отқа жанса да, оққа ұшса да Романовтардың жетімі мен жесіріндей баба туын желбіретіп, жеткізе алды ма бүгінгі күнге? Жарқын Өтешова Мәскеу

3259 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8757

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7059

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4803

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4189

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4151

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4112

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3842

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3842

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы