• Қоғам
  • 26 Тамыз, 2010

Қуаңшылық болса да қамба толмақ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында болды. Елбасы Солтүстік Қазақстан облысында болғанда ең алдымен Петропавл қаласында пайдалануға берілген емханаға ат басын тіреді. Бұл нысан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтерді. Мұнда бір маусымда бес жүздей науқас ем-дом қабылдайды. Емхананы салуға республикалық бюджеттен 1 миллиард 361 миллион теңге бөлінді.Президент жас мамандармен кездесіп, олардың ой-пікірлеріне ден қойды. Ұжыммен қоштасарда төрт жеңіл көліктің кілтін тапсырып, қызметтеріне табыс тіледі. Елбасы мұнан кейін «Қызылжар оранжереясы» МКҚК-де болды. Бұл мекеме тропикалық, субтропикалық өсімдіктерді, жеміс ағаштарын өсірумен айналысады. Мұнда өсімдіктердің бір мыңнан астам түрі өсіріледі. Оранжерея жанында дендрарий, экологиялық орталық, тропикалық саябақ жұмыс істейді. «Жол картасы» бағдарламасының жақсылығын бұл мекеме де көрді. Күрделі жөндеуден өткізілу үшін 295,2 миллион теңге бөлінді. Солтүстік Қазақстан облысында ата­жұртқа оралған ағайындарымыз қоныс тепкен. 1991 жылдан бері осында 5437 отбасы квота бойынша көшіп келді. Елбасы осы отбасыларының жағдайларымен танысты. Құрылысшы болып жұмыс істейтін Мұхаммед Қазбековтің шаңы­рағында болып, түрлі-түсті теледидар тарту етті. Елбасы Қызылжар ауданының егін алқапта­рын аралады. Сапар кезінде «Базис Қызылжар» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Кәсіпорын өсіріп отырған егін шығымдылығына көңілі толды. Мемлекет басшысы кездесу барысында көктемгі-күзгі дала жұмыстарына бөлінетін мемлекеттік субсидия артып келе жатқанын айтты. Биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында 225 миллиард теңге бөлінді. Оның 95 миллиарды несие беруге, 50 миллиарды лизингпен техникалар алуға бағытталған. Елбасы өткен жылдан 7 миллион тонна астық қалғанын, биылғы алынатын астықты қосса 21 миллион тонна болатынын, 8 миллион тонна астық сатылатынын айтты. Қостанайда болған Елбасы Н.Назарбаев «Қостанай ұн комбинаты» АҚ-дағы макарон фабрикасының ашылу салтанатына қатысты. Аталған нысанды салуға 1681 миллион теңге жұмсалды. Фабрика – осы облыстағы жүзеге асуға тиіс бес инвестициялық жобаның бірі. Кәсіпорын сағатына 4200 келі, жылына 30000 тонна макарон шығарады. Фабрикада 80 адам жұмыс істейді. Елбасы жұмысшылармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы ұжым мүшелерімен кездесуінде мемлекеттің ауыл шаруашылығына ай­рықша көңіл бөлетініне тоқталды. Ауыл шаруашылығы үшін биыл ауыр жыл болғанымен, 14-15 миллион тонна астық жинауға мүмкіндік барын айтты. Биыл елімізде қуаңшылық болып тұр. Күн ыстық. Елбасы ауа райының осындай күрделі жағдайына қарамастан, адамдардың аянбай еңбек етіп жатқанына көз жеткізді. Жалпы, Қостанай облысында ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнімнің көлемі 60865 миллион теңгені құрап отыр. Астықты жинауға техникалар ойдағыдай дайындалды. Нұркен Жандәулетұлы

2864 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8765

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7061

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4805

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4191

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4153

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4114

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3844

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3844

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы