• Қоғам
  • 01 Қыркүйек, 2010

Қара батыр ұрпағы хақында

«Алаш» тарихи-зерттеу орталығы шығарған «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» «Табын» кітабының II томының екінші кітабының (Алматы, 2006) 176-бетінде: «Құлатай руындағы екінші аталық – Кедейқұл. Бұл аталық атауы XIX ғасырдың бірінші жартысындағы, XX ғасыр барысындағы орыс деректерінде Жылқышы бөлімшесіндегі жеке ру ретінде көрсетіледі. XX ғасыр барысында Кедейқұлға жататын аталықтар Орал уезі, Жирен қопа болысының № 8 әкімшілік ауылында өмір сүрген. Шежірелерде Кедейқұлдан – Құлша, Олжабай, Сатыпалды атты үш ата таратылды. Қазақ шежірелері Кедейқұлдың төртінші ұлы ретінде Қара батырды атайды. Біз оның қате екенін Жиембет руына берген сипаттамада айтып өттік», – деп жазылған.

Осы кітаптың 166-бетінде: «Жиембет руы – Жаманкерейдің Амандәулеті құра­мындағы 6 рудың бірі. Шежіре бойынша Жиембет Амандәулеттен туады. Жиембет руының атауы жазба деректерінде XIX ғасырдың бірінші жартысынан бастап кездесе бастайды. Жиембет руы өз ішінде Жалтыр және Алдасүгір атты 2 тармақ­қа бөлінеді. Осы 2 тармақтың таралуы жөнінде аздаған деректер XX ғасыр басындағы Ресейдің ресми статистика­лық жинағында ғана айтылады. Осыған назар салсақ, Жиембет руының Жалтыр тармағынан Қара батыр аталығы тарап, ал одан Танысқожа, Бөкенбай (деректе Бұқамбет деп жазылған) және оның басқа да бауырлары тарқатылады», – деп көрсетіледі. Шындығында, Қара (Қара батыр) ұрпақтары Жиембеттен емес, Кедейғұлдан тараған. Кітап авторлары орысша жазылған деректерді дұрыс деп есептеп, қазақтың ауызша және шежіре деректерін қарадай жоққа шығарады. Орыс жазбагерлерінің жергілікті тұр­­ғындардың өмір салты мен та­рихынан бейхабарлығы, олардың ше­жірелеріне үстірт жазғандығы мынадай қателіктерден-ақ көрініп тұр: Кітаптың 176-бетінде Кедейғұл ба­лаларының есімі аталып, Құлжаның аты Құлша деп қате берілген. Сонымен қатар 166-бетте Қара батырдың бала­сы атақты Бөкенбай батырдың есімі Бұқамбет деп қате жазылғанын кітап авторларының өздері мойындап, түзету енгізген. Осындай қателікке толы орыс­тың статистикалық материалдарын мұрағат дерегі деп, тарих сынынан өткен шежіреден жоғары қоюға бола ма? Осы жерде академик-тарихшы Ма­наш Қозыбаевтың орыс шенеуніктері­нің құжаттары тек қана мұрағаттық дерек болғандығын айтып, оны бірден-бір ақиқат негізі деп қарастырудың қателікке ұрындыратынын ескерткенін естен шығармауымыз керек. Мұрағат ма­териалдарын басқа да дерек көздерімен салыстырып, талдау қажет екендігі ақиқат. Табын руының Қара батыр аталығы туралы біз іздеп тапқан шежіре деректері осы жаңсақтықты түзетуге мүмкіндік береді деп сенеміз. 2004 жылы Қызылордада жарық көрген Тілепберген Әбдіұлының «Кіші жүз – Жетіру Табын аталығының ше­жіресі» деген кітапта берілген кестеде «Қара (Қара батыр) 4 ағайынды: Құлжа, Олжабай, Сатыпалды, Қара (Қарабатыр)» деп көрсетілген (37-бет). Мақсұт Неталиевтің 2007 жылы Алматы қаласында шыққан «Кіші жүз шежіресі» атты тарихи-этнографиялық зерттеулерінде де: «...Кедейғұлдан – Құлжа, Олжабай, Сатыпалды, Қарос және Қара (Қарабатыр) тараған»деп жазылады. Қара батыр – бұл ұрпақтың атасы. Автор «Қарадан (Қарабатыр) – Мұ­қанбет, Жаубатыр, Жолбатыр, Құл­меден, Қубатыр, Сарықұл, Жәкен, Нұртаза, Қобыланды, Бөкенбай тарайды» деп өте дұрыс, тарихи шындыққа сай дерек келтіреді. Ақтөбеден 2009 жылы Қалдыбай Құттымұратовтың ав­тор­лығымен жарық көрген «Тарақты табын шежіресі» деген кітапта да Қара батырдың Кедейғұлдың баласы екендігі анық жазылған. Көп жылдар бойы Қобда ауданында басшылық қызмет атқарған, соғыс және еңбек ардагері, қазақ руларының білгірі, шежіреші Наурызғали Жекеевтің «Ұрпағым мұны білсін деп» (Ақтөбе, 2005) аталатын кітабында да Қараның Кедейғұлдың баласы екендігі тайға таңба басқандай айтылған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Аманжол Сәлімгерейұлы 2008 жылы Алматы қаласынан шыққан «Кіші жүз – табын төрт арыс Байғазы ұлдары­ның шежіресі» деп аталатын зерттеу еңбегінде Кедейғұлдың 4 баласының біреуі Қара деп жазылған. Осы азаматтардың барлығы қателесті деп кім айта алады? Қараның (Қарабатыр) Табын руы­ның Кедейғұлынан тарайтыны туралы қазір­гі Қобда, Ойыл, Алға аудандарының аумағында XIX-XX ғасырларында қалып­тасқан рулық қауымдардың қайтыс болған адамдарының қабірлерінің басындағы құлпытастардағы жазу бұлтартпас дәлел бола алады. Абат-Байтақ кесенесі, Сауқайың бойындағы Қазақай ахун жерленген қауым, қазақ халқының батыр қызы Әлиянің туып-өскен Әліпбайсай, Бұлақ, Тамды сияқты жерлерде Қара ұрпақтары жерленіп, қазірге дейін сақталған ескі қауымдарда жүздеген құлпытастарда қайтыс болған адам­дардың есімі мен тегінен соң «руы Кедейғұл – Қара (Қарабатыр)» деп тайға таңба басқандай ойып жазылған. Сонда жүздеген адамдардың ата-бабасының айтуларымен құлпытасқа «Табын руының Кедейғұл аталығының Қара (Қарабатыр) бөлімі» деп ойып жазуын қате жазылған деп кім айта алады? Керісінше, бұл құлпытаста­ғы жазулар Қараның Кедейғұлдан тарайтынының бірден-бір ақиқат шежірелік дерегі деп қабылдауымыз қажет емес пе? Қысқасы, Қарабатырдың бірден-бір ұрпағы өздерін Жиембеттен таратпай­ды, олардың барлығы өз әулеттерін Кедейғұлдың ұрпағы деп есептейді. Осы үрдіс Қарабатыр ұрпақтарының құлпытастағы жазуларында, шежірелерде, Қара батыр әулетінің тарихи санасында ешбір өзгеріссіз жалғасып келеді. Кедейғұлдың Құлжа, Олжабай, Са­тыпалды және Қарабатыр деген төрт баласының ұрпақтары бүгінгі күні іргесін ажыратпай, ынтымағы жарасып, қасиетті Қобда жерінде берекетті өмір сүруде. Біз, Кедейғұл – Қара батыр ұр­пақтарының бүгінгі күні көзі тірі үлкен ақсақалдары, кітапта кеткен жаңсақтықты түзетіп, жас ұрпағымызды қателіктен сақтандыру мақсатында ғана осы мәселені көтеруге мәжбүр болдық. Біздің басқа ешқандай ойымыз жоқ. Ағайынның бізді дұрыс түсінуін өтінемін. Мәжит Ақжігіт, еңбек ардагері, шежіре жинаушы

8029 рет

көрсетілді

85

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8765

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7061

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4805

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4191

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4153

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4114

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3844

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3844

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы