• Әдебиет
  • 10 Қараша, 2010

Жайық деген жанды су...

Ақтан Керейұлы Жайық деген жанды су, Көзі қара қанды су, Біздің жүрген жеріміз Күнде базар, күнде ду.Мен сүргіннің сойымын, Арқалы жерде шапқандай. Ойпаң жерде сортақ бар, Жабыдан туған қорқақ бар. «Сөйле!» десең, жыршыңыз Алдарыңда жортақтар. Туған айға ат берген, Ақ қағазға хат берген. Екі ерін, тіл, таңдай, Сөйлесін деп жақ берген. Шықпай отыр домбырам, Сырылдап мұның қақпағы. Айтқан сөзге түсінбес Адамның мисыз ақымағы. Домбырам отыр қағылып, Он екі перне, екі ішек, Бауырына тағылып. Қоянға қосқан тазыдай, Бүктетіліп жазылып. Тыңдасаңыз сөзімді, Осы араға келгенің, Әдептен құр қалмассың, Үлкенге сәлем бергенің. Түрлі-түрлі өлең бар, Айта берсек өнер бар. Түсінетін адамға Ретін айттым терменің, Ұядағы балапан Ұшатын күні болғанда, Қанаты әбден толғанда, Істейді о да көргенін. Жолдас болсаң жақсымен, Дұшпаныңды жеңгенің. Адамдықтың белгісі – Біріңе-бірің сенгенің. Құлағыңды сал, жігіттер, Жарлымын деп мұңайма, Жеті мүшең сау болса, Құдайдың сол бергені.

7367 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6786

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6005

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3743

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3132

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3090

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3066

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2794

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2779

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы