• Қоғам
  • 09 Желтоқсан, 2010

«Бітер істің басына, жақсы келер қасына»

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры алдағы уақытта өз ресурстарын ел экономикасын әртараптандыруға, индус­триялық-инновациялық өрлеу жолына жұмылдырмақ. Елдің үдетілген индустриялық-иннова­циялық даму бағдарламасы­ның 70 пайызы осы «Самұрық-Қазына» құрамындағы даму инс­титуттарының күшімен жүзеге асады. Жалпы алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қазіргі уақытта шетел­дiк инвестицияның көлемiн кеңейтiп, инвестициялық жоба­лардың санын арттыруды және шикiзаттық емес секторды жандандыруды көздеп отыр.Осы арқылы отандық және шағын бизнестi көтеруге атсалыспақ. 2010-2014 жылдары инфрақұрылымдық және электр желiсi, химия, мұнай химиясы, металлургиялық инвестициялық жобаларға көптеп көңiл бөлiнбек. Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Бас­қарма төрағасы Қайрат Келiм­бетовтің сөзіне жүгінсек: “Елдің Ұлттық әл-ауқат қоры алдағы 5 жыл ішінде 24,4 млрд. АҚШ долларына теңесетін 40-қа жуық инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салмақ. Сөйтіп, соның барысында 45 мың адамға жұмыс беріп, жобалар жүзеге асырылғаннан кейін 10 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етпек”. Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры отандық өндірісті көтеруге және оған қаржы бөлуде барынша көзге түсіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарға қордың даму институттары айтарлықтай үлес қосуда. Мәселен, елімізде сегіз даму институты болса, соның бесеуі «Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіреді екен. Атап айтсақ, «Қазақстан Даму» банкі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазақстан инвестициялық қоры, Kazyna Capіtal Managtent және Экспортты сақтандыру жөніндегі мем­лекеттік корпорация осылар­дың қатарында. Бүгінгі таңда бұл компаниялардың 146 инвестициялық жобаны қаржы­ландырып отырғанын, оның ішінде 96 нысан пайдалануға берілгенін, осы өндіріс орындарында 20 мың жаңа жұмыс орны ашылғанын айтсақ та өркендеудің өрелі биігін айқын көреміз. Алдағы уақытта ел экономикасын тұрақтандыруды, әртараптан­дыруды және модернизациялауды жеделдете жақ­сартудағы даму инсти­туттарының рөлі арта түспекші. Әсіресе, экономиканың басым бағыт­тары, ірі бизнес пен шағын және орта кәсіпкерлік назарда болады. Индустриялдық даму және инфра­құрылымды нығайту ел экономикасын көтерудің негізіне алынбақ. Олай болса, “Самұрық-Қазынаның” бірінші кезектегі міндеті отандық бизнеспен біріге отырып, өзінің Даму институттары арқылы Индустрияландыру картасына кірген инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады. Бұл ретте Қор құзырына жататын ауқымды 19 жобаның жиынтық құны 14,16 млрд. долларды құрайды. Бұдан басқа, республикалық деңгейдегі 2 жоба бойынша қордың қатысуымен ұзындығы 1510 шақырымдық Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ газ құбыры және газ-химия кешені салынуда. Сонымен қатар өңірлердің бақылауымен ҚДБ қаржыландыруындағы 21 жоба жүзеге асуда. Осылайша, жалпы алғанда, “Самұрық-Қазына” қоры 2010 жылы жалпы құны 20 млрд. доллардан астам 40-тан аса жобаны іске асырумен шұғылдануда. Сұлтан ТАЙҒАРИН

3466 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8757

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7059

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4803

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4189

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4151

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4112

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3842

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3842

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы