• Қоғам
  • 06 Сәуір, 2011

Ер тұлғасы мен ел тұрпаты айшықталған аламан

d0bdd0b0d0b7d0b0d180d0b1d0b0d0b5d0b214

Өткен жексенбіде Қазақстан халқы өзінін тарихи таңдауын жасады. Осы жылдың ең басты саяси додасы – Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айқын басымдықпен сайлаушыларының 95,55 пайыз дауысын жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы сейсенбі күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жариялаған нақты қорытындысында мәлім болды. Сонымен нақты мәлімет бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың атына сайлауға қатысқан 8 миллион 279 мың 676 сайлаушының 7 млн. 850 мың 958-і дауыс берген. Ал Президент болуға үміттенген Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбековке сайлаушылардың 1,36 пайызы – 111 мың 924 адам, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовке 1,15 пайызы – 94 мың 452 адам, Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы, Сенат депутаты Ғани Қасымовқа 1,94 пайызы –159 мың 036 адам дауыс беріпті. ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуын­ша, сәуір айының үшінші жұл­дызында өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына республи­ка­мыздағы сайлаушылардың 89, 99 пайызы қатысқан. Соның ішінде ең көп белсенділік танытқаны – Алматы облысы. Бұл өңірден сайлаушылардың 96,9 пайызы сайлауда дауыс берген. Жамбыл облысы бойынша – 95, 3 пайыз сайлаушы, Ақтөбе облысы бойынша – 95,1 пайызы, Қызылорда облысы бойынша – 94,9 пайызы, Маңғыстау облысы бойынша – 94,2 пайызы, Қостанай облысы бойынша – 94 пайызы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 94 пайызы, Ақмола облысы бойынша сайлаушылардың 93,1 пайызы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 93,1 пайызы, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 92,6 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 92,3 пайызы, Атырау облысы бойынша – 91,2 пайызы, Қарағанды облысы бойынша – 90,8 пайызы, Павлодар облысы бойынша 88,3 пайызы өз таңдауларын жасапты. Сонымен қатар Астана қаласындағы сайлауға сайлаушылардың 69,1 пайызы қатысса, Алматы қаласында сайлаушылардың 68,5 пайызы ғана сайлауда төбе көрсеткен. Елбасының сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ҚР Орталық сайлау комиссиясы мәжілісі барысында қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті деп тану туралы қаулы қабылдады. Қазір елімізде ел Президентін таққа отырғызу рәсіміне қызу дайындық басталып кетті. Айта кету керек, ҚР Орталық сайлау комиссия­сы­ның мәліметінше, елімізде сайлаушылардың тізіміне 9 миллион 200 мың 299 сайлаушы енгізілген. Сайлаушылар республикадағы 9 мың 725 сайлау учаскелерінде дауыс берді. Сонымен қатар тысқары жерлердегі еліміздің азаматтары да Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктерінің жанынан құрылған сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 1059 шетелдік және халықаралық ұйымдардың байқаушылары мен Сыртқы істер министрлігінде тіркелген 200-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылады. Бейбітгүл ИСАЕВА

3098 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8784

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7074

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4817

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4203

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4165

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4126

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3857

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3856

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы