• Қоғам
  • 28 Сәуір, 2011

Ұлттық театрлар – ұлт мақтанышы

Еліміз тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арнап өткізілген алғашқы Республикалық ұлттық театрлар фестивалі сейсенбі күні мәресіне жетті. Осы жылдың 23 cәуірінде басталған фестивальді Қазақстан халқы Ассамблеясының жуырда ғана өткен XVII сессиясында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларына сәйкес ҚХА-ның қолдауымен Мәдениет министрлігі «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған еді. Аты айтып тұрғандай, еліміздегі мәдени және тілдік әралуандықты сақтауға, этносаралық келісімді нығайтуға, Қазақстан халқының мәдениетаралық диалогын дамытуға ықпал ету мақсатында өткізілген Республикалық ұлттық театрлар фестиваліне тек ұлттық театрлар ғана қатысты. Үш күнге созылған байқау барысында Қазақстан Ұлттар театры, Мемлекеттік республикалық ұй­ғыр музыкалық комедия театры, Мемлекеттік рес­публикалық кәріс музыкалық комедия театры, Республикалық неміс драма театры, Оңтүстік Қа­зақстан облыстық өзбек драма театры және Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры мен Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театры өздерінің шығармашылық шеберліктерін елорда халқының таразысына салған болатын. Әрине, байқау болғасын кемшіліктер де болады. Театрлардың қойылымдарына қатысты сыншылар тарапынан да, қазылар алқасы тарапынан да сын айтылып жатты. Бірақ театрлардың әрқайсысының өзіндік қайталанбас режиссерлік және актерлік шеберлігі мен қойылым сценарийлері көрермендерге ерекше әсер беріп отырды. Иә, сонымен белгілі болғандай, «Екінші план­дағы ең үздік әйел бейнесі» номинациясын Мемлекеттік республикалық кәріс музыкалық комедия театрының әртісі Галина Хан, «Екінші пландағы ең үздік ер адам бейнесі» номинациясына М.Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының әртісі Денис Анников, Қазақстан Ұлттар театрының әртісі Олег Ли, «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясына Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі Сырым Қашқабаев, «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясына Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театрының әртісі Дильфуза Ибрагимжанова лайық деп та­нылды. «Ең үздік театр дебюті» жүлдесімен Қазақстан Ұлттар театры Д.Исабековтің «Бақыт құсы» спектаклін сахналағаны үшін марапатталды. Ассамблеяның сессиясында Елбасы тәуелсіздіктің жиырма жылдық тарихы – тұрақтылықтың, Қазақстан халқының достығы мен келісімінің тарихы деп атап өткен еді. Демек, Ұлттық театрлар фестивалі Мемлекет басшысының сөзіне айқын дәлел десек, артық айтқандық емес. Олар фестиваль арқылы еліміздегі ұлттардың өзара мәдени үнқатыстығын және бір рет айқындап берді.

Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы Астана

9041 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9166

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7291

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5030

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4415

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4379

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4339

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4074

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4066

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы