• Қоғам
  • 28 Сәуір, 2011

Бірлігі күшті ел озады

1-d0b1d0b5d18211Биылғы жыл еліміздің саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік өмірінде ерекше орын алып отырған мерейлі жыл екені белгілі. Қазақстан Азаттықтың жиырма жылдық мерей­тойын қуанышпен атап өтуде. Тұғыры биік тәуелсіз­діктің жиы­рма жылдығы Қазақстандағы әр ұлт үшін ерекше қастерлі, тарихи маңызды қазына екені анық. Мемлекетімізде тұрып жатқан көптеген ұлттар мен диаспоралар осы жиырма жылдың ішінде ынтымағы жарасып, татулық бесігінде тербеліп келеді. Биылғы 1 мамыр мерекесі – бейбіт­шілік, келісім мен жасампаздықтың жиырма жылдығы аясында ерекше, жаңа пішінде аталып өтпекші. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады». Алдағы жексенбіде еліміздің ең басты мерекелерінің бірі 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнін атап өтеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының он жетінші сессиясында сөйлеген сөзінде барша қазақты достықтың киелі шаңырағына теңеп, еліміздегі түрлі этностарды оның алтын арайлы уықтарына балаған болатын. Барша халықты біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар екенін айтып, 1 мамыр мерекесі біздің еліміздегі барлық этностарды жақындастыра түсіретін ортақ үйіміз – туған Қазақстанның ең басты мерекелерінің бірі екенін айтты. Рас, қазақ халқы тарихтың жазуыменен елімізге кіріккен көптеген ұлттарға бауырмалдық танытып қана қойған жоқ, оларға барынша демеу болып, қолдау көрсетті. Біздің байтақ даламызда өсіп, өркендеуіне жол ашты. Бүгінгі көп ұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен, қазақ халқының ұлылығын танытса керек. Қазақтың қонақжайлығы мен дарқан мінезіне өзге ұлттар үнемі өз алғыстарын айтып, өздерінің жоғары бағасын беріп келеді. Тәуелсіздіктің 20 жылдық тарихында Қазақстан халқы достық мен келісімнің, тұрақтылықтың, этносаралық және конфессияаралық татулықтың шынайы үлгісін көрсетті. Бұл – болашақтың байыпты белесін айқындайтын негізгі фактор екені анық. Осындай ауқымды жұмыстарды атқаруда Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы ерекше. Кезінде Елбасы Қазақстан халықтарының Форумында Ассамблея құру туралы идеяны көтерген еді. Ал қазір конституциялық мәртебеге ие болған Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздегі ұлтаралық келісімнің арқаулық институтына айналып отыр. «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» дегендей, расында, Қазақ­станның саяси-әлеуметтік да­муын­да «бірлік» категориясы ең негізгі құндылық болып табылады. Ендеше, бірлігі бекем, ынтымағы берік еліміздің асар асуы, шығар биігі көп болғай!

Жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ХVІІ сессиясы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың 20 жылы» деген тақырыппен өткені белгілі. Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының бірлігі күнін, яғни 1 мамыр мерекесін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жаңа тұрғыда атап өту керектігін айтқан болатын. Сондай-ақ сессия барысында елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді одан әрі сақтаудың аса маңызды жақтары айтылды. Осы орайда сессияға қатысқан қазақстандықтардың жиыннан кейінгі пікір, лебіздерін беруді жөн көріп отырмыз.

Ашур Хамидов, Қызылорда облыстық өзбек ұлттық этномәдени орталығының төрағасы: – Қазақстан халқы Ассамблеясының алдындағы ең бірінші міндет ұлттар мен ұлыс­тар арасындағы өзара ынтымақтас­тық пен түсіністікті қалыптастыру болып табы­лады. Біздің ортақ міндетіміз – Қазақстандағы этносаралық, конфес­сия­аралық татулық пен бірлікті сақтау. Бұл елдің әлем алдындағы беделін нығайтуға сеп болатынын ұмытпауға тиіспіз. «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбында өткен сессия барысында Президент тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына барлық этностардың белсенді атсалысқанын, егемендік алған жылдан бүгінгі күнге дейін ел ішінде ешқандай этностық, иә болмаса діни дау-жанжалдың орын алмағанын атап өтті. Сол себепті де біз өз тарапымыздан Ассамблеяның азаматтық қоғамның жұмылдырушы күш ретіндегі ауқымды рөлін одан әрі нығайта түсуіміз керек. Бұған елдегі әрбір этнос өкілдері үлес қосуы тиіс. Елбасы Бірінші мамыр мерекесін жылдағыдан өзгеше жаңа пішінде атап өту керектігін айтып отыр. Бұл мереке біздің еліміздің барлық этностарын бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түсуге тиіс. Мәселен, Сыр бойы өңірінде 12-ге жуық этномәдени бірлестік бар. Олар Елбасының сенімін ақтап, болашақта да Қазақстанның дамуына үлес қосады деп ойлаймын. Мен Қызылорда облысындағы өзбек этномәдени бірлестігінің, барлық өзбек этносының атынан Қазақстанға тұрақтылық, келісім, достық, татулық, бірлік тілеймін. Алда келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын! Ергашбой ХОЛМЕДОВ, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің президенті: – Қазақстан халқы Ассамблеясының он жетінші сессиясы өте әсерлі өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның өзінің жеке газетін шығару мәселесін қарастырып, веб-сайтын жаңғырту керектігін және түрлі этностар өкілдерін, біздің этномәдени бірлестіктер мен олардың жұмысын көрсететін арнайы телехабарлар болу керектігін айтты. Елбасының мұндай ұсыныстарымен келіспеуге болмас. Себебі ұлтаралық татулықты насихаттайтын хабарлардың көп болуы – елімізде ұлттар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өсіреді. Жеке тәжірибемнен айтар болсам, біз Қазақстанға келгелі бері қазақ халқымен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Біздің аралас-құраластығымыздың жақын болып кеткені сонша, қазір қазақ пен тәжік арасында құда түсіп жатқан тұстар жылдан-жылға көбейіп келеді. Өзім кішкентай кезімде қазақ мектебінде оқыдым. Қазақ балаларынан көп достар таптым. Менің туған әпкем қазаққа тұрмысқа шықты. Ал жақында немерем қазақ қызына үйленді. Осындай екі халықтың арасын жақындастыратын мысалдар өте көп. Жыл сайын Тәжікстан мен Өзбекстанға барып тұрамын. Сол кезде ондағы ағайындар «Қазақстанда қалай тұрып жатырсыз?» деп сұрастырып қояды. Мен: «Маған қазақ тілі ана тілім болып кетті. Оны өз тілімдей көремін. Біз қазақ елінде тұрып жатқандықтан, өзімізді Қазақстан халқының бір бөлшегі деп санаймыз» деймін. Қазақ тілін менің балаларым да жақсы біледі. Егер біз балаларымызды балабақшадан бастап тілді білуге үйретер болсақ, онда баяғыда мемлекеттік тілмен қатар өзге тілдерді де еркін меңгерер едік. Мен немере­леріме де егер осы елде тұрғыларың келсе, оның тілі мен мәдениетін терең білулерің керек деп үнемі айтып отырамын. Олар қазақ мектебінде оқиды, мемлекеттік тілді құрметтеу бәрімізге парыз деп санаймын. Гариф Хайрулин, Республикалық татар және башқұрт мәдени ассоциациясының вице-президенті: – Бүгін – Ассамблеяның сайлаудан кейін бірінші рет бас қосып отырған сессиясы. 95 пайыз өз сайлаушыларының дауысын жинап, қайта сайланған Президен­тіміз, Ассамблеяның төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлымен халықтар арасындағы тыныш­тық, өзара достық туралы сөйлесудің өзі бір мәртебе. Қазақстан халқы Ассамблеясы­ның алдына қойылған өткір мәселелер бүгінде шешімін тауып келеді. Ұлттар арасындағы өзара татулық пен достық болмаса, көптеген түйткілді мәселелердің түйінін тарқата алмас едік. Елбасы ұлтаралық және дінаралық өзара татулықты сақтау турасында бүгінгі жиында бірнеше мәрте айтты. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық жарасымды бола берсін. Құдайға шүкір, бізде ауызбіршілік бар. Содан артық не керек... Әзірлеген С.ТАЙҒАРИН, Б.ИСАЕВА

14539 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9177

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7295

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5034

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4419

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4383

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4344

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4079

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4070

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы