• Қоғам
  • 07 Шілде, 2011

Күн аймалаған көк байрақ

d0bdd0b0d0b7d0b0d180d0b1d0b0d0b5d0b2-15

Күллі Қазақстан үш күн бойына елордамыз – Астананың туған күнін қуаныш пен шаттыққа толы жарқын жүзбен атап өтті. Биылғы Астана күнін мерекелеу ерекше болды. Елордамыз бен Елбасының туған күнін мерекелеу салтанатты шарасы 4 шілде күні «Атамекен». Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінің алдында басталды. Осыған орай мұнда Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Бұл – Астана күнін мерекелеу салтанатының ресми басталғандығын білдіретін патриоттық рухтағы шара болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік шара барысында Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдастары болып отырған еліміздегі бірнеше әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген курсанттарға әскери шендер тапсырды. Құттықтау сөз сөйледі.

– Қадірлі отандастар! Құрметті аста­налықтар! Бүгін мемлекеттің Әнұраны рухымен бірге аспан түсті көк байрағымыз тағы да асқақтай көкке көтерілді. Қалыптасқан дәстүр бойынша Астана күнінің алдында осы рәсімді орындау біздің дәстүрімізге айналып келеді. Біз көк байрақтың астында тәуелсіз мемлекет құрып, Қазақстанды әлемге таныттық. Біздің көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде ілулі. Астанада жүргізіліп жатқан бірнеше дүниежүзілік үлкен додалар мен жиылыстарда біздің көк байрағымыз тұрады. Менің ресми сапарым кезінде Қазақстанның делегациясы алдынан әрқашан көк байрағымыз желбірейді. – Көк байрағымыз ата-бабаларымыз­дың, батыр да дана бабаларымыздың әруақыт­­та осы байрақтың астында бірі­гіп, ерлікпен ел­ді, жерді қорғап, Отанды аман сақтау жолын­да қолынан түскен емес. Осыдан жиырма жыл бұрын біз сол дәстүрді қайта жанданды­рып, көк байрақ­ты желбіретіп, дүниежүзіне паш еттік. Қазақстан­ды әлем сыйлайтын ел ет­тік. Сондық­тан біз­дің мемлекеттік рәміздеріміз – Туы­мыз, Елтаң­бамыз, Әнұранымыз қазақтың бо­ла­шағының, елдігінің рәсімі болып табылады. Бұл рәсімдерді сыйлау, құрметтеу елдің патриот­тық парызы болуы қажет. Осының төңірегінде біз жастарды тәрбиелей білуіміз керек. Сондықтан Астананың туған күнін атап өту көк байрақты көтерумен басталды, – деген Елбасы бұл шараның тарихи маңызы зор екенін айтты. Одан кейін Мемлекет басшысы: «Дәл осы күні біздің мемлекетімізде әскери жоғары оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер тапсырылады. Бұл олардың халыққа берген анты болып табылады. Олар елге аянбай қызмет етіп, Отанымызды, жерімізді, шекарамызды нық қорғайды деген сенімдеміз» деді.

– Бүгінде жас елордамыз – Астана қаласы бүкіл әлемге танылды. Астана – Қазақстанның жауһары. Астана – Қазақстанның қақпасы. Мұнда ЕҚЫҰ Саммиті өтті. Енді біздер мұнда Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық етудеміз. Мұнда Азиялық ойындар, экономикалық форумдар өтті. Демек, Астана арқылы Қазақстанды әлем біліп, танып отыр. Астананы бәрі мақтаныш етеді. Күнбе-күн елордада жаңа, тамаша бір ғажайып ғимараттарды кездестіреміз. Біздің ғажайып архитектуралық құрылыстарымыз әлемнің озық телеарналарынан көрсетілуде. Осы арқылы біз Астананың Еуразия құрлығының кіндігіне айналып келе жатқандығын дәлелдеудеміз. 20 жылдық Тәуелсіздік ішінде біз көптеген келелі жетістіктерге қол жеткіздік, – деді Елбасы салтанатты шара барысында. Елбасы жиылған көпшілікке еліміздің экономикалық әлеуетін де айтып өтті. «Енді аталған мерекеге орай біз жаңа құрылыстарды, республика бойынша жаңа кәсіпорындарды ашып отырмыз. Онда мыңдаған адам жұмыс істейтін болады. Бірінші шілдеден бастап барлық бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы көбейді. Бірінші қаңтардан бастап 30 пайызға зейнеткерлердің зейнетақысы артты. Бұл біздің экономикамыздың, еліміздің ойдағыдай жұмыс істеп келе жатқандығын білдіреді. Біз мұның бәріне халықтың арасындағы бірліктің, достықтың, ынтымақтастықтың арқасында қол жеткіздік. Біздің алдымызда енді мұнан да асқаралы, биік, яғни елімізді индустрияландыру, жаңа экономиканы құру міндеттері тұр, біз бұл жұмысты екінші жыл қатарынан атқарып келеміз. Былтыр 152 нысанды аштық, биыл тағы 200 нысанды пайдалануға береміз. Жүздеген мың қазақстандық жұмыспен қамтамасыз етіледі. Өткен сайлаулар біздің халқымыздың бірлігін айқындап берді. Біз осы бірліктің арқасында көптеген қиыншылықтарды еңсере білдік» деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Президент бұдан кейін әскери оқу орындарын тәмамдаған курсанттарды, олардың ата-аналарын құттықтады. Ел ертеңі болатын жастарға зор сенімін білдірді. «Бүгін мен еліміздің әскери жоғары оқу орындарын тәмамдаған әскери түлектерімізге шен тапсырдым. Әрине, жыл сайын еліміздің әскери оқу орындарын жүздеген түлек бітіріп шығады. Біздің әскерімізге, құқық қорғау органдарына, Төтенше жағдайлар министрлігіне және басқа да әскери ұйымдарға жас мамандар қосылып жатыр. Осы арқылы біз жастарға, Тәуелсіздік құрдастарына бет бұрамыз. Біз мемлекет негізін солар үшін қалап жатырмыз және біздің болашағымыз жақсы қолда болатынына сенеміз. Өйткені ел жастарға сенеді, ал жастар елге қаймықпай қызмет ететініне сенімдіміз» деді Елбасы. Ал егемен елдің жас офицерлері өз кезегінде өздерінің бар күш-жігерін Қарулы Күштер қатарын нығайтуға жұмсайтындарын айтып, Тәуелсіз еліміздің халқы мен оның Тұңғыш Президентіне адал қызмет етуге ант берді. С.ТАЙҒАРИН

3513 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9177

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7295

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5034

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4419

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4383

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4344

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4079

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4070

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы