• Әдебиет
  • 13 Шілде, 2011

Бас прокуратура тексеруге көшті

Журналист Д.Ізтілеудің «Ана тілі» газетінің осы жылдың 4 мамырындағы №17 (1062) санында «Эйр Астана» мемлекеттік тілді неге менсінбейді?» атты және 11 мамырдағы №18 (1063) санында «Теміржол туған тілге төбесінен қарай ма?» деген мақалалары жарық көрген еді. Аталған мақалаларда «Эйр Астана» компаниясы мен «Қазақстан теміржолындағы» мемлекеттік тілдің қолданылуы аясында орын алған заң бұзушылықтар сыналған. Осы газет бетінде жарық көрген қос мақалаға қатысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Бас көлік прокуроры Ы.Тілеуғалеевтің атынан хат келді. Бұл хаттардың мәтінін төменде оқырман назарына ұсынып отырмыз.Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

«Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Ж.О.Кенжалинге №7/93юл-11 «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Ана тілі» газетінің 04.05.2011 жылғы №17 (1062) санында «Эйр Астана» мемлекеттік тілді неге менсінбейді?» тақырыбында журналист Д.Ізтілеудің жарыққа шыққан мақаласында мемлекеттік тілдің қолданылуы аясындағы орын алған кемшіліктерге прокурорлық қадағалау шараларын қолдануды сұраған өтінішіңіз Бас көлік прокуратурасында қаралуда. Атап айтқанда, мақалаға арқау болған Акционерлік қоғамның халыққа қызмет көрсету саласында тіл туралы заңнамалардың сақталмауы, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамытуға мүлдем көңіл бөлінбеуі, оның сапалы аудармаларының болмауы, жекелеген әуесерік (стюардесса) қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білуге міндетті емес екенін айтқаны, ұшақ бортындағы берілетін қазақша хабарламаларының мүлдем сын көтермейтіні туралы мәселе көтерілген болатын. Өтініште көрсетілген мән-жайлардың барлығын мұқиятты түрде тексеру үшін, басқа да халыққа қызмет көрсетудегі кемшіліктерді жою мақсатында Бас көлік прокуратурасы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен бірге қазақстандық әуе тасымалдаушылары мен әуе кемелерін пайдаланушылардың қоғамға қызмет көрсетуде тұтынушылардың құқығын қорғау заңдылықтарын орындау барысын ауқымды түрде тексеріс жүргізуде. Тексеріс барысында «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының орындалуы толық түрде тексеріледі. Осы тексерістің қорытындысымен Сізге тыңғылықты жауап жолдаймыз. *** № 7/82юл-11 Бас көлік прокуратурасымен Сіздің «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Ана тілі» газетінде жарияланған «Теміржол туған тілге төбесінен қарай ма?» деген мақаладағы көрсетілген заңбұзушылықтарға прокурорлық қадағалау шараларын қолдануды сұраған өтінішіңіз қаралды. Атап айтқанда, мақалада «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (әрі қарай «ҚТЖ «ҰК» АК) халыққа қызмет көрсету саласында тіл туралы заңнамаларын бұзуы, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамытуға мүлдем көңіл бөлмеуі, жолаушылардың жол жүру құжаттарындағы аудармалардың сапасының сын көтермеуі сияқты мәселелер көтерілген. Өтінішті қарау барысында «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптарының бұзылуына әкеліп соқтырған төмендегідей деректер анықталды. Яғни «ҚТЖ «ҰК» АК-на қарасты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық бөлімдерін тексеру барысында жол құжатын рәсімдейтін кассирлердің жол жүру құжатын рәсімдеу барысында өздігімен «Экспресс» автоматтық басқару жүйесіне тек қана құжаттың түрі мен сандық ретін, жолаушының аты-жөнін енгізеді. Құжаттағы барлық басқа ақпарат жүйеге енгізілген қызметтік болып табылады (станцияның атауы, келу және жөнелу уақыты, жол жүрудің құны және т.б.) және «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ның Бас есептеу орталығында құрастырылған мәліметтерге сәйкес басылып шығарылады. Осылайша орталықтандырылған «Экспресс» автоматтық басқару жүйесі арқылы жол құжаттары дайындалғандықтан, теміржолда жүру құжаттарының екінші жағындағы жадынамасы орыс тілінен мағыналық жағынан қате аударылғаны рес­публика көлеміндегі бірыңғай қателік болып кеткен. 2008 жылғы 29-30 мамыр аралығында Бішкек қаласында өткен ТМД мемле­кет­терінің теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің 48-отырысында бекітілген «Экспресс» автоматтандырылған мемлекетаралық теміржол басқару жүйесіне (01124323-08350558 ТП) сәйкес, сондай-ақ ұлттық жүйе­лердің жұмысын біріздендіру үшін келесідей ақпаратты: пойыздың нөмірін, пойыздың станциядан жөнелтілген уақыты мен күнін, вагонның түрі мен нөмірін код­таудың бірыңғай принциптері пайдалануға негізделген. Сол себепті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның шұғыл жұмыстар жөніндегі басқармасының жыл сайынғы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне сәйкес жөнелтілуі және келуі, теміржол станцияларының атаулары қызметтік кес­теге сәйкес кодпен беріледі. Теміржол станцияларының алфавиттік тізімі 01.01.1976 жылы шыққан КСРО Жолдар қатынастары министрлігімен бекітіл­ген №4 тарифтік басшылықта көрсетілген. Сол себепті жол жүру құжатында елдімекеннің атауы емес, теміржол станцияларының атаулары белгіленген. Мәселен, Алматы қаласы – Алма Ата станциясы, Қостанай қаласы – Кустанай станциясы, Щучинск қаласы – Курорт-Боровое станциясы, Өске­мен қаласы – Защита станциясы, Тараз қаласы – Джамбул станциясы, Қызылорда қаласы – Кзыл Орда станциясы және т.б. Осымены орталықтандырылған «Экспресс» автоматтық басқару жүйесінде кеткен заң бұзушылықтар себебінен бұл заң бұзушылықтар бүкіл республика көлеміне тараған. Осы аталған заң бұзушылықтарды және де басқа да анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Бас көлік прокуратурасы органдарымен «ҚТЖ «ҰК» АҚ-на және оның құрылымдық бөлімшелеріне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізілді. Ы.Тілеуғалеев, Бас көлік прокуроры

2746 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6338

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5780

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3520

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2902

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2862

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2842

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2572

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2557

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы